NU MAGAZINE

Қараша 2018

МАЗМҰНЫ

Назарбаев Университетінде INURA қуатты импульсті ион үдеткіші іске қосылды

Scopus Award жұлдыздары

Назарбаев Университетінің зерттеушілер тобы Қазақстанның оңтүстігі мен солүстік өңірлері топырағының химиялық және физикалық қасиеттерін зерттеді 

Дүниежүзілік диабетпен күрес күніне орай Медицина мектебінің акциясы

Назарбаев Университетінің студенттері дәстүрлі Мексика мерекесін атап өтті

Назарбаев Университетінің студенттік хоры жыл сайынғы «Choose Love» атты күзгі концертін жетінші рет өткізді

Бұл кітапханада тұруға да болады

Бюллетеньнің қараша айы басылымы

НАЗАРБАЕВ УНИВЕРСИТЕТІНДЕ INURA ҚУАТТЫ ИМПУЛЬСТІ ИОН ҮДЕТКІШІ ІСКЕ ҚОСЫЛДЫ

Назарбаев Университетінде дәлдігі жоғары импульсті ион үдеткіші INURA (Innovative Nazarbayev University Research Accelerator) негізінде жаңа зерттеу кешені іске қосылды. INURA үдеткіші Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі қаржыландыратын «Заттың ауыспалы кезеңін, перспективалық материалдар мен энергия көздерін зерттеудің НУ – Беркли стратегиялық бағдарламасы» бесжылдық ғылыми-техникалық бағдарламасын іске асыру шеңберінде құрылды.

INURA үдеткіші әзірленген жоба Қаната Байғарин және НУ Ғылым және технологиялар мектебінің профессоры Александр Тихонов бастаған Назарбаев Университетінің ғылыми-зерттеу тобының жетекшілігімен жүргізіледі. Жобаның жауапты орындаушысы «National Laboratory Astana» ЖМ аға ғылыми қызметкері Марат Қайқанов болып табылады. Үдеткіш NLLB (АҚШ-тың Берклидегі Лоуренс Ұлттық зертханасы) және TPU (Томск политехникалық университеті, Ресей) бірлесіп жобаланған және құрастырылған.

INURA – 10 000-ға жуық ампермен, ұзақтығы 80 нс (наносекунд) және 400,000 эВ-қа дейін энергияны (протондар мен көміртегі иондары) беретін жоғары импульсті ион үдеткіші.
INURA үдеткіші іргелі және қолданбалы зерттеулердің кең ауқымы үшін әзірленген көп мақсатты зерттеу кешені болып табылады. Атап айтқанда, үдеткіш арқылы құрылған иондық сәуле түрлі қатты заттардың, соның ішінде наноматериалдардың құрылымдық модификациясы үшін бірегей және тиімді құрал болып табылады. Бұдан басқа, INURA үдеткіші жоғары қуатты иондық сәулелер физикасы және плазма физикасы сияқты салаларда жаңа ғылыми нәтижелер береді. Болашақта индустрия үшін тартымды технологиялар INURA үдеткіші негізінде әзірленетін болады: материалдың тозуға төзімділігін күшейту және ұлғайту, нанобөлшектерді синтездеу, биотехнология саласында қолдану.

INURA үдеткіші жақында (өткен айдың ортасында) НУ-да іске қосылғанына қарамастан Назарбаев Университетіндегі көптеген зерттеу топтары, сондай-ақ қазақстандық және шетелдік ғылыми орталықтар оны пайдалануға және бірлескен зерттеулер жүргізуге қызығушылық білдіріп отыр. Айта кету керек, үдеткішті әзірлеген зерттеу тобы ашық өткізгіш жабындарды модификациялау, нанобөлшектерді синтездеу, наноматериалдардың құрылымдық модификациясы және көлемдік плазмадағы наносекундтық шоқтарды зарядсыздандыруды зерттеу үшін импульстік сәулелерді пайдалану бойынша қаржыландырылған жобаларды жүзеге асырады.

SCOPUS AWARD ЖҰЛДЫЗДАРЫ

Elsevier Scopus-тің Қазақстандық зерттеу сыйлығының салтанатты марапатымен біздің тамаша әріптестерімізді құттықтаймыз.

Жеңімпаздар тізімі:

Алмас Шинтеміров, Ғылым және технология мектебінің қауымдастырылған профессоры. 1 орын «Top Researcher in Engineering and Technology»
Сұраган Дурвудхан, Ғылым және технология мектебінің ассистент-профессоры. 2 орын «Top Researcher in Natural Sciences»
Тимур Атабаев, Ғылым және технология мектебінің ассистент-профессоры. «Жас зерттеуші» номинациясында жеңімпаз
Назарбаев Университетінің кітапханасы (Әсемгүл Темірханова басқаруымен). «Library of The Year» номинациясы бойынша жеңімпаз.
Іс-шара барысында Scopus Award ғылыми журналдарының ғалымдары мен басылымдары үшін семинарлар өткізді. Іс-шараның серіктестері QS және TIMES HIGHER EDUCATION болып табылды

НАЗАРБАЕВ УНИВЕРСИТЕТІНІҢ ЗЕРТТЕУШІЛЕР ТОБЫ ҚАЗАҚСТАННЫҢ ОҢТҮСТІГІ МЕН СОЛҮСТІК ӨҢІРЛЕРІ ТОПЫРАҒЫНЫҢ ХИМИЯЛЫҚ ЖӘНЕ ФИЗИКАЛЫҚ ҚАСИЕТТЕРІН ЗЕРТТЕДІ

Назарбаев Университетінің зерттеушілер тобы Қазақстанның солтүстігінен оңтүстігіне қарай жылжығанда 2000 км қашықтықты қамтитын аумақ топырағының жоғарғы қабаттарының физикалық және химиялық құрылымының (органикалық, бейорганикалық және жалпы көміртек пен азот мөлшері), өсімдік жамылғысының және климаттық қасиеттерінің маусымдық сынамаларын алып зерттеді.

Топырақ зерттеуі Киото хаттамасының және Таза даму механизмімен сәйкес өткізілді. Қазақстан әлемдегі теңізбен шайылмайтын ең үлкен мемлекет болғандықтан, Қазақстан топырағының органикалық көміртектерін зерттеу көміртек мөлшері мен климатты жаһандық деңгейде моделдеуді жақсарта алушы еді.

Инженерия мектебінің PhD студенті Вадим Япиев «Біздің жұмысымыз қазақстандық жерлерді одан әрі экологиялық модельдеу бойынша зерттеуді және соның салдарынан агроэкологиялық салада дәлелді шешімдерді қабылдауға мүмкіндік береді» деді.

Жыл мезгіліне қарамастан, органикалық көміртек топырақтың әртүрлі түрлерінде өте ерекшеленеді. Топырақ сынамаларын талдау учаскелеріндегі азоттың жалпы үлестірімі органикалық көміртегіге ұқсас, бірақ солтүстік, орталық және оңтүстік Қазақстандағы топырақ түрлері арасындағы елеулі айырмашылықтарға сәйкес келеді. Зерттеудің нәтижелері Scientific Data | 5: 180242 | DOI: 10.1038 / sdata.2018.242 журналында басылған.

Зерттеудің жетекші авторлары Вадим Япиев, Кристиан Шоенбах (Ғылым және технологиялар мектебі) және Вассилис Инглезакис (Инженерия мектебі). Қосымша авторлары: Чарльз П. Гилман, Толганай Кабдуллаева, Акмарал Сулейменова, Айжан Шагадатова, Азат Дуйсембай, Санжар Найзабеков, Сауле Мусурова, Камиля Сыдыкова, Ильяс Раимкулов, Ильяс Кабимолдаев, Айнагуль Абдрахманова, Сымбат Омаркулова, Дастан Нурмухамбетов, Алия Кударова және Данияр Малгаждар.

ДҮНИЕЖҮЗІЛІК ДИАБЕТПЕН КҮРЕС КҮНІНЕ ОРАЙ МЕДИЦИНА МЕКТЕБІНІҢ АКЦИЯСЫ

14 қарашада Назарбаев Университетінің Медицина мектебі астаналық ірі сауда орталықтарының бірінде Дүниежүзілік диабетпен күрес күніне орайластырылған халықты қант диабеті туралы ақпараттандыру бойынша іс-шара өткізді.

Акцияның мақсаты қоғамның назарын әлемдегі ең кең тараған аурулардың бірі – диабетке аудару, сондай-ақ халықтың ауруларға деген немқұрайлылығын жою, қандағы қант деңгейін бақылау мәдениетін тарату және халық арасында қант диабетіне скрининг өткізуді танымал ету болды.

Статистика бойынша бүгінде бүкіл әлемде қант диабетімен 425 миллионға жуық ересек адам (әрбір 11-ші) зардап шегеді. Қазақстанда бұл көрсеткіш әртүрлі деректер бойынша 1,3 миллион адамға дейін жетеді, олардың жартысынан астамы диагностикадан өтпеген. Сонымен қатар, диабетті нашар бақылау жүрек аурулары мен инсультті, бүйрек ауруларын, аяқ-қолдың ампутациясын және соқырлықты қоса алғанда, күрделі асқынуларға әкелуі мүмкін. Ерте диагностикалау және емдеу өмірге қауіп төндіретін асқынулардың алдын алудың немесе кейінге қалдырудың кілті болып табылады.

«Медицина мектебінің студенттері 300-ден астам адамның дене салмағының индексін және қандағы қант деңгейін өлшеп, қант диабетінің қауіпін бағалау үшін сауалнама жүргізді, сондай-ақ тексеру нәтижелерінің негізінде тексерілушілерге жеке ұсыныстар берді. Қант диабетімен ауыратын 8 жаңа жағдай анықталды, тексерілгендердің 13%-ы жоғары тәуекелге ие болды, 16% – орташа және 24%-да қант диабетінің даму тәуекелі төмен. Зерттелген адамдардың 43.5%-да диабеттің даму қауіпі таяудағы 10 жылдың ішінде кемінде 1%-ды құрайтын болады» – деп хабарлады Медицина мектебінің нұсқаушысы Атагелдиева Құралай.

Іс-шара Диабет-флэшмобпен аяқталды, оның негізгі мақсаты – бүкіл әлемде миллиондаған адам күнделікті өмір сүретін ауру туралы хабардарлықты арттыру, сондай-ақ диабет мәселелері бойынша алдын алу және ағарту жұмыстары барысында отбасы мен жақындардың рөліне жәрдемдесу.

Дүниежүзілік диабетпен күрес күнін 1991 жылы Халықаралық диабет федерациясы мен Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы бүкіл әлемде диабет ауруының өсу қауіпіне жауап ретінде енгізді. Ол 2007 жылдан бастап Біріккен Ұлттар Ұйымының бастамасымен өткізіледі.

НАЗАРБАЕВ УНИВЕРСИТЕТІНІҢ СТУДЕНТТЕРІ ДӘСТҮРЛІ МЕКСИКА МЕРЕКЕСІН АТАП ӨТТІ

Назарбаев Университетінің студенттері дәстүрлі Мексика мерекесін COCO Fest фестивалінде атап өтті. COCO Fest – бұл Қазақстанда тұңғыш рет атап өтілген Dia de Muertos (Өлі күн) атақты мексикалық фестиваль төңірегіндегі іс-шара. Мерекенің маңызы зор. Бұл іс-шара 2008 жылы ЮНЕСКО-ның адамзаттың материалдық емес мәдени мұрасының ресми тізіміне енгізілді.

Студенттердің арасында «Calaveritas» поэзиясы байқауы өтті, фестивальге қатысушылар Día de Muertos мерекесінің дәстүрі туралы білді. Барлық декорациялар түрлі-түсті сүйектер – калавтара студенттердің қолымен жасалды. Өлеңдер байқауының жеңімпазы, университеттегі профессорлардың бірінің қызы 9 жасар Диара қатысты. Жалпы мәдени шарадан басқа, мереке аясында «Коко» мультфильмі көрсетіліп, жалпы Мексиканың салт-дәстүріне арналған конкурстар өткізілді. Coco Fest-тің шығармашылық ұйымдастырушылары – Испаниялық NU клубы, LOUD клубы, Халықаралық студенттер қауымдастығы, Шығармашылық клуб және «Латино» би клубы.

НАЗАРБАЕВ УНИВЕРСИТЕТІНІҢ СТУДЕНТТІК ХОРЫ ЖЫЛ САЙЫНҒЫ «CHOOSE LOVE» АТТЫ КҮЗГІ КОНЦЕРТІН ЖЕТІНШІ РЕТ ӨТКІЗДІ

10 қарашада Назарбаев Университетінің студенттік хоры жыл сайынғы «Choose Love» атты күзгі концертін жетінші рет өткізді, бұл жолы ол барлық адамдар үшін маңызды тақырыпқа – Махаббаттың әр қилы түрлеріне арналды. Осы тамаша сенбі күні көрермендер ұмытылмас нөмірлерді: әдемі композицияларды, керемет билерді, қызықты әңгімелерді және тағы да басқаларды тамашалады. Хордың репертуарына сүйіспеншіліктің төрт көрінісі туралы композициялар кірді: адамның өз-өзіне, сүйікті кәсібіне, жұбайына және бүкіл әлемге деген сүйіспеншілік.

БҰЛ КІТАПХАНАДА ТҰРУҒА ДА БОЛАДЫ

Қазақстанда алғаш рет. 24/7 Кітапхана

Назарбаев Университетінің кітапханалары бұдан былай бұрыңғыдан да қолжетімдірек және ыңғайлырақ болды. Жалпы ауданы 10.000 шаршы метрді құрайтын жаңа залдар мен бөлмелер НУ қауымдастығына керемет мүмкіндіктер ұсынады. Пайданушылар үшін төрт жаңа зал 24/7 режимінде жұмысын бастады: Science Room, Astana Room, Aliya room, Quiet Room – Қазақстанда бұдан бұрын болмаған оқиға. Сонымен қоса, жақын арада кофемашина орналастыруды үәде береді.

Жаңадан іске қосылған инфрақұрылымға компьютер залдары, мультимедиа залдары, топтық және жеке оқу сыныптары, инклюзивті білім беру үшін жабдықтар, конференц-зал, аудио-визуалдық студия, визуалдық коммуникациялар залы және т.б. кіреді. Кішкентай оқырмандарға жеке көңіл бөліңген – алдағы уақытта балалалар залында арнайы жиһаз және ойын зоналары ашылады. Ал ерекше мақтаныш – демалыс пен ұйқы зоналары ұйымдастырылған инновациялық релакс-бөлмесі.

БЮЛЛЕТЕНЬНІҢ ҚАРАША АЙЫ БАСЫЛЫМЫ

Құрметті НУ Қауымдастығы және серіктестер!

НУ Мансап және кәсіптік бағдарлау орталығы назарыңызға

Бюллетеньнің қараша айы басылымын ұсынуға қуанышты!

Оқуыңыз көңілді болсын!