1

Назарбаев Университеті мектептерінің қайта құрылу туралы

2

Халықаралық математикалық олимпиададан бес медаль

3

Денсаулық пен қауіпсіздікті қорғау күзетінде

4

Балаларды асырап алған ата-аналарға көмек ретіндегі онлайн-мектеп

5

HPAIR Asia Conference 2019 Назарбаев Университетiнде

6

Мейкатон «ТОМ: NUR-SULTAN» әлеуметтік жоба Нұр-Сұлтан қаласында!

7

Назарбаев Университеті жаңа студенттерге есігін ашты


Назарбаев Университеті мектептерінің қайта құрылу туралы

Құрметті Назарбаев Университеті қауымдастығы,

Қамқоршылық Кеңесінің шешіміне сәйкес (2019 жылғы 1 сәуірдегі № 36 шешім) Назарбаев Университеті мынаны хабарлайды:

1. Жоғары білім мектебі (Graduate School of Education) өзінің құқықтық мәртебесін өзгертті және Назарбаев Университетінің құрамына енді;

2. Инженерия мектебі (School of Engineering), Ғылым және технологиялар мектебі (School of Science and Technology) және Гуманитарлық және әлеуметтік ғылымдар мектебі (School of Humanities and Social Schiences) Назарбаев Университетінің құрамында екі жаңа мектепке қайта құрылды:

– Инженерлік және сандық ғылымдар мектебі (School of Engineering and Digital Sciences);

– Жаратылыстану, әлеуметтік және гуманитарлық ғылымдар мектебі (School of Science and Humanities).

Бұл қайта құрылымдаудың мақсаты – жаңа және қолданыстағы білім беру бағдарламаларын қайта қарау, біздің ғылыми жобаларымыздың санын көбейту және академиялық аккредитация алу үшін тиімді алаң құру.

Сұрақтар туындаған жағдайда, тиісті Деканға немесе Деканның орынбасарына, сонымен қатар мектептің кафедра меңгерушілеріне хабарласыңыз.

Жаңа оқу жылына ізгі тілекпен,

Провосттың офисі


Халықаралық математикалық олимпиададан бес медаль

НУ-дың бес студенті Болгарияда 2019 жылғы 28 шілде мен 3 тамыз аралығында өткен Халықаралық математикалық олимпиададан (IMC) бес медаль әкелді. Бақдәурен Нарбаев, Бақытжан Құрманбек, Нартай Айқын, Изат Хамиев және Жұмажеңіс Дайрабай Инженерия және цифрлық ғылымдар мектебінде, сондай-ақ Жаратылыстану, әлеуметтік және гуманитарлық ғылымдар мектебінде білім алады.

“Біз жақсы балаларды таңдап, олармен одан әрі жұмыс істей бастадық: оларға республикалық олимпиадаға қатысуға кеңес бердік, онда олар бірінші орындарға ие болды”, – дейді команда жетекшісі, доктор Ерлан Аманбек.

Балалар осы жазда халықаралық олимпиадаға дайындала бастады. Студенттер бірінші курстарда оқыса да, олар осындай деңгейдегі олимпиадаларға алғаш рет қатысып отырған жоқ.

«Олимпиадада барлық қатысушыларды біріктіретінін олардың ортақ әуестігі – математика екенін түсінесің. Бұл, әрине, болашақта қажет болатын жаңа таныстықтарға ықпал етеді. Бұл жерде сен қай елден, қай университеттен екенің маңызды емес. Барлығы сені тек білімі мен қабілеті бойынша бағалайды. Сен пікірлестеріңнің ортасында болсаң және олар сен ойлағаннан әлдеқайда көп екен», – дейді математикадан халықаралық олимпиаданың қола жүлдегері Бақдәурен Нарбаев. Ол мектеп жасынан бері олимпиадаларға қатысады және жеңіс үшін ешқандай тұмар қажет емес, ал табысты нәтиже үшін жақсы дайындық, дұрыс ұйықтау және дұрыс тамақтану қажет деп санайды. Студент, егер сен өз мақсатыңа жетуге тырысып, еңбек етсең, үлкен нәтижелерге қол жеткізуге болатынына сенімді.  

Осындай іс-шаралардың негізгі мақсаты – студенттердің әуестігін анықтау, оларды қызықтырып, өзін-өзі дамытуға дұрыс жол табу. «Тәлімгерге көп нәрсе байланысты, ол студентті қажетті уақытта дұрыс жолға бағыттап, оның пәнге деген сүйіспеншілігін арттыруы керек, бірақ уәждемесіз, талантсыз және еңбексіз ешнәрсе шықпайды», – дейді команда капитаны Бақытбек Жұманов.

Бақытбектің математикаға деген сүйіспеншілігі жетінші сыныптан басталды, ол кезде мектеп мұғалімі баланың қызығушылығын байқап, олимпиадаға қатысуға шақырды. Бірнеше жылдан кейін ол Назарбаев Университетінің студенті болып, өңірлік және халықаралық деңгейдегі олимпиадаларға қатысады. Биылғы жылы Бақытбек олимпиадаға команда көшбасшысы ретінде барды. Қазіргі уақытта Бақытбек Назарбаев Университеті Жаратылыстану, әлеуметтік және гуманитарлық ғылымдар мектебінің математика кафедрасының қызметкері болып табылады және өз мамандығы бойынша докторантураға түсуге ниет білдіруде. «Сен өз жолыңды енді бастайын деп тұрғанда, математикамен әуестену сені неге алып келетінін әлі білмейсің. Бір күні сен оянып, бұл сенің бір бөлшегің, сенің жолсерік жұлдызың екенін және өміріңнің бағдарына айналғанын түсінесің”,- дейді Бақытбек Жұманов.

“Біздің студенттер 2012 жылдан бастап математикадан халықаралық олимпиадаға қатысады. Бұл игі дәстүрге айналды”, – деді доктор Аманбек. Оның айтуынша, осындай халықаралық деңгейдегі олимпиадалар бүкіл әлемнің математиктері жиналатын пікірлестердің ерекше экожүйесін құруға көмектеседі және осындай іс-шаралар Назарбаев Университетінің студенттері үшін жақсы тәжірибе болады.


Денсаулық пен қауіпсіздікті қорғау күзетінде

Бүгінгі таңда ұйымдар қызметкерлердің денсаулығын сақтау және еңбек қауіпсіздігі саласында жақсы көрсеткіштерге қол жеткізу мен қолдау көрсетуге қызығушылық танытуда. Бұл ұйымдардың өз қызметкерлеріне қамқорлық жасауға, олардың денсаулығын сақтау мен нығайтуға, табысты және қауіпсіз еңбек ету үшін қолайлы жағдайлармен қамтамасыз етуге ұмтылуымен байланысты, осының барлығы нәтижесінде ұйым қызметінің тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді.

Назарбаев Университетінде де бұл мәселеге көп көңіл бөлінеді. Біздің сұхбаттасушымыз – Денсаулық сақтау және еңбек қауіпсіздігі департаментінің директоры Марат Тавасов Университеттің кампусында денсаулық сақтау мен еңбек қауіпсіздігі шараларын қамтамасыз ету үшін қандай жұмыстардың жасалып жатқаны туралы айтып береді.

Университетте денсаулық сақтау және қауіпсіздік саласындағы Өзіңіз басқарып отырған бөлімшенің рөлі қандай?

Кез-келген ұйым өзінің қызмет ету және даму заңдарына сәйкес әрекет ететін біртұтас организм болып табылады, оның элементтерінің әрқайсысы биоағзадағы үдеріс сияқты өте маңызды және құнды. Сондықтан оның құрамдас бөлшектерінің әрқайсысының қалыпты қызметі үшін барлық қажетті жағдайлар жасау өте маңызды болып табылады. Еңбек қызметі процесінде қызметкерлердің денсаулығын және олардың қауіпсіздігін қорғау жүйесі жүйелі сипатта болуы және мынадай іс-шаралардың тұтас кешенін: қауіпсіз оқу және жұмыс ортасын құрудан бастап бірқатар құқықтық, әлеуметтік-экономикалық және басқарушылық міндеттерді іске асыруға дейін іске асыруды көздеуі тиіс.

Біздің департамент 2015 жылы құрылды. Денсаулық сақтау және еңбек қауіпсіздігі саласында туындайтын мәселелерді қарау және шешу бойынша күнделікті жұмыстардан басқа, біз сондай-ақ денсаулық сақтау және еңбек қауіпсіздігін басқару жүйесін әзірлеумен және енгізумен айналысамыз, Университет аумағында денсаулық сақтау және еңбек қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі іс-шараларды үйлестіреміз. Біздің міндетіміз – Университетте денсаулық сақтау және еңбек қауіпсіздігі мәселелері бойынша білім мен арнайы дайындық деңгейін арттыруға ықпал ету, Университет аумағындағы төтенше жағдайларды жоспарлауға және әрекет етуге қатысу.

Тұрақты негізде біз жаңадан келген студенттер мен қызметкерлерге қауіпсіздік және еңбекті қорғау шаралары бойынша нұсқама беруді ұйымдастырамыз, осы талаптарды олар Университеттің кампусында қауіпсіз тұру және оқу үшін білулері және сақтаулары керек. Денсаулығына жоғары қауіпі бар жұмыспен айналысатын (мысалы, зертханаларда, қазандықта, шеберханада жұмыс істейтін) қызметкерлер үшін біз кәсіпорындағы еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғау шараларымен, өрт-техникалық минимумымен таныстыруды ұйымдастыру мен қамтамасыз етуді қамтитын міндетті оқытуларды жүргіземіз.

Университетте ірі іс-шаралар өткізу кезінде біз кампустағы қауіпсіздік шаралары жөніндегі ақпараттық таратулар мен хабарландыруларды ұйымдастырамыз, өрт қауіпсіздігі шараларының сақталуын қадағалаймыз, қажет болған жағдайда медициналық қызметкерлердің немесе жедел медициналық жәрдем бригадаларының кезекшілігін қамтамасыз етеміз.

Жыл сайын өрт немесе өзге де төтенше жағдайлар болған жағдайда адамдардың денсаулығы мен өміріне қауіп төндірмеу мақсатында осындай жағдайларда қалай әрекет ету керектігін білуі үшін Университеттің қауымдастығына адамдарды ғимараттан эвакуациялау бойынша оқу-жаттығулар өткіземіз. Өкінішке орай, осындай жаттығуларға адамдардың көпшілігі әрдайым қатыспайды, оларға бұл белгілі бір ойын сияқты көрінеді. Дегенмен, адамдардың денсаулығы мен өміріне нақты қауіп төнген жағдайда мұндай білімнің маңыздылығын бағалау өте қиын.

Соңғы жылдары біз Университеттің барлық қызметкерлері үшін алғашқы көмек көрсету дағдыларына үйретуді ұйымдастырамыз. Осы мақсаттар үшін мен Ұлыбританияның стандарттарына сәйкес Американдық жүрек қауымдастығының стандарттарына және First Aid Instructor’s стандарттарына сәйкес BLS алғашқы жәрдем көрсету курсынан өтіп, сертификатталған нұсқаушы атағын алдым. Әрбір адамға алғашқы жәрдем көрсету негіздерін білу артық болмайды деп ойлаймын, себебі гипотезалық жағынан кез келген адам өмірінде дұрыс көрсетілген алғашқы көмектің арқасында басқа адамның өміріне байланысты болатын жағдайға тап болуы мүмкін. Осындай білімнің қажеттілігін сезінетін адамдарымыздың бар екендігі қуантады, себебі бізге білім алғысы келетіндер адамдардың саны аз емес.

Кампуста студенттер мен қызметкерлер үшін қандай медициналық қызметтер қолжетімді?

Біздің студенттер мен қызметкерлердің денсаулығына Университет тарапынан ерекше көңіл бөлінеді. Мәселен, қызметкерлер мен студенттерге ерікті медициналық сақтандыру бағдарламаларына қатысу ұсынылады, студенттер мен қызметкерлердің міндетті медициналық тексеруден өтуі қамтамасыз етіледі және бақыланады, бұл денсаулыққа байланысты мәселелерді уақтылы анықтауға, профилактикалық іс-шараларды жоспарлауға және өткізуге мүмкіндік береді. Жыл сайын кампуста тұмауға қарсы маусымдық вакцинация жүргізіледі.

Білікті медициналық көмекке қолжетімділікті жақсарту мақсатында 2018 жылдың қаңтарында UMC-мен мен бірлесіп, кампуста University Health Center медициналық орталығы ашылды, ол тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі бойынша амбулаториялық-емханалық қызметтер, сондай-ақ студенттер, қызметкерлер және кампуста тұратын олардың отбасы мүшелері үшін ерікті медициналық сақтандыру шеңберінде қызметтер көрсетеді. Мұнда жалпы тәжірибелі дәрігерлер мен тар шеңберлі мамандардың қабылдаулары ұйымдастырылған, сондай-ақ диагностикалық және емдеу процедуралары, профилактикалық медициналық тексеру және скринингтер жүргізіледі.

Бүгінгі таңда менталды және эмоциялық денсаулық, «эмоциялық жану» мәселелері өзекті болып табылады. Университетте бұл мәселелер қалай шешіледі?

Әрине, психикалық денсаулықты қолдау қазіргі қоғамның, тек бізде ғана емес, бүкіл әлемде де маңызды мәселелердің қатарына жатады. Адам өмірінің қандай да бір кезеңінде психикалық денсаулық проблемалары қазіргі өмір ырғағын, әлеуметтік-экономикалық проблемаларды және қазіргі өмірдің көптеген стресстермен қанығуын ескере отырып, көптеген адамдарда пайда болады деп ойлаймын.

Бүгін Назарбаев Университетінде психологиялық кеңес беру бойынша арнайы қызмет жұмыс істейді. Дегенмен, бұл қызмет әзірше тек студенттермен ғана жұмыс істейді, бірақ менің білуімше, қызметкерлерге де арналған бірқатар іс-шаралар жоспарланып отыр.

Әрине, бізде психологтармен бірлескен іс-шараларды жүргізу қажеттілігі бар. Біз қызметкерлер мен оқытушылар үшін University Health Center, психологиялық кеңес беру орталығы және басқа да бөлімшелер қатысатын арнайы сессиялар мен кездесулерді өткізуді жоспарлап отырмыз.

Жалпы алғанда, ұжымда оң психологиялық атмосфераны қолдау үшін оның әрбір мүшесі сындарлы болуы керек, қызметтік келіспеушіліктерді жеке қарым-қатынасқа ауыстырмай, айтылған сынға төзіп қарау қажет деп санаймын.

Жиі стресс жұмыстағы шамадан тыс жүктемеден туындайды. Сондықтан дұрыс жұмыс режимін сақтау және сауатты тайм-менеджментті құру өте маңызды. Басшылар, менің ойымша, жұмысты неғұрлым тиімді жоспарлауы, қызметкерлерді тұрақты негізде жұмыстан кейін қалуға мәжбүр етпеуі, ал ағымдағы міндеттерді шешу үшін жұмыс уақытын барынша нәтижелі пайдаланулары тиіс.

Сондай-ақ, психологиялық жүктемемен және стресспен күресуге мүмкіндік беретін спортпен айналысу да өте маңызды. Айта кететін жәйт, биылғы жылы кампуста Жаңа атлетикалық орталық ашылды, ондағы жаттығуларға студенттер мен ОПҚ, сондай-ақ Университеттің барлық қызметкерлері мен олардың отбасы мүшелері қатыса алады. Бассейнге, жаттығу және басқа да залдарға бару бағаларының құны қолжетімді. Жалпы, кампуста салауатты өмір салтын ұстануға үлкен қолдау көрсетіледі. Спорт орталығында, ашық корттар мен спорт алаңдарында, тіпті студенттік жатақханаларда спортпен шұғылдануға мүмкіндік бар. Біздің спорт орталығымыз жыл сайын Университет қызметкерлері мен оның еншілес ұйымдары арасында спартакиада өткізеді, онда олар бір-бірімен әр түрлі спорт түрлерінен жарысып қана қоймай, өздерінің жақындарын, отбасы мүшелерін спортқа тартады.

Жалпы, салауатты өмір салтын ұстану өте маңызды. Мысалы, кампуста спирттік ішімдіктерді қолдануға болмайды. Темекі шегуге тек арнайы белгіленген жерлерде ғана болады.

Сондай-ақ, ұжымдағы жақсы өзара түсіністік, сыйластық, қолдау және қауымдық сезімді қалыптастыру үшін бейресми кездесулер мен тимбилдингтер өткізуді тәжірибеге енгізу қажет деп ойлаймыз, онда адамдар көбірек қарым-қатынас жасайтын және тиісінше бір-бірін жақсы түсінетін және құрметтейтін болады.

Бұл жерде бізде көпұлтты және мультимәдени орта бар, бірақ біз – бірыңғай құндылықтар мен мақсаттары бар біртұтас қауымдастықпыз, сондықтан біздің ортақ мақсатымыз – бұл сенім, өзара түсіністік және құрмет қағидаттарына негізделген өзіміздің университеттік субмәдениетімізді қалыптастыру.

НУ-да енгізуге жоспарланған қандай да бір қызықты идеялар немесе жаңалықтар бар ма?

Әрине, бізде жоспарлар көп. Олардың кейбіреулері іске асырылуда, ал кейбіреулері бастапқы, енді өне бастаған күйінде.

Мысалы, соңғы жарты жылда біз мектептердің, бөлімшелердің, ұйымдардың еңбек қауіпсіздігін қорғау саласындағы қызметі көрсетілетін еңбекті қорғау мен қауіпсіздікті басқару жүйесін орнату бойынша жұмысты әзірлеп жатырмыз. Бұл ауқымды құжат, онда қауіпсіздікті бақылауды жақсарту бойынша негізгі іс-шаралар көрсетілетін болады.

Сондай-ақ, Провост офисімен бірлесіп, зертханалық жабдықтар, үй-жайлар мен материалдар бойынша, техникалық байқау туралы ақпаратты қоса алғанда, техникалық байқаудан өткен қызметкерлер мен т.б. бойынша интеграцияланған базаны құрғымыз келеді. Бұл бізге кемшіліктерге дер кезінде ден қоюға және қауіпті жағдайлардың алдын алу бойынша тиісті шаралар қабылдауға, қажетті оқулар жүргізуге мүмкіндік береді. Айта кету керек, бұл жерде негізгі проблема мынада жатыр: көптеген адамдар жұмыс барысындағы ықтимал қауіп-қатерлерді көрмегендіктен, оқыту қажеттілігін түсінбейді. Бірақ біз кейіннен қайғылы салдарлармен жұмыс істеуден гөрі, алдын алу жұмыстарын жүргізу қажет деп ойлаймыз.

Жалпы, Университеттің бөлімшелері, мектептері, ұйымдары мен қызметкерлері арасындағы коммуникация, сондай-ақ олардың қызметін тиімді үйлестіру мәселелері, біздің ойымызша, қосымша назар аударуды және ретке келтіруді талап етеді.

Бұл мәселені шешу үшін Университетте екі үйлестіру комитеті құрылды, олар кампуста тұруға және оның қауіпсіздігі мен тартымдылығын арттыруға байланысты мәселелерді бақылайды және реттейді, жатақханаларда тұратын студенттер мен қызметкерлердің проблемалары мен тілектерін қарастырады.

Екінші комитеттің қызметі еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғау мәселелерімен байланысты, оның жұмысына Университеттің барлық мүдделі бөлімшелері қатысады. Бұл кампуста қауіпсіздікті қамтамасыз етуге байланысты туындайтын барлық проблемалар мен мәселелерді қарастыратын және оларды шешу жолдарын алқалы түрде табуға тырысатын жұмыс органы.

Біздің қызметіміздің жаңа бағыттарының бірі экология мәселелерімен байланысты – бұл экологияны қорғау жөніндегі талаптарды қамтамасыз ету, зертханалардан қалдықтарды жинау, шығару және кәдеге жарату. Біз Экологиялық кодекс талаптарына сәйкес қалдықтар мен шекті рұқсат етілген шығарындылардың паспортын жасауды жоспарлап отырмыз.

Осы жылдан бастап біз студенттердің оқуға түсу кезінде олардың денсаулық жағдайына байланысты құжаттарын қарауға және қабылдауға ат салыстық. Қазақстандық студенттер үшін – бұл бекітілген үлгінің нысаны, ал шетелдік студенттер үшін – Қазақстанға келгенге дейін толтырылуы тиіс арнайы әзірленген нысан. Бұл құжат Университетке оқуға түсу кезінде студенттер ұсынатын міндетті құжаттар тізіміне кіреді. Сонымен қатар, шетелдік студенттер бізге көбінесе медициналық тексеруден және сақтандырусыз келеді, немесе құжаттар қойылатын талаптарға сәйкес келмейтін жағдайлар болады, сондықтан біз барлық ұсынылған құжаттар мен анықтамаларды зерделеп, мұқият тексереміз. Осы жылы біздің бөлімшеде осы мақсаттар үшін арнайы бірлік – денсаулықты қорғау жөніндегі менеджер енгізілді, ол студенттермен тікелей жұмыс істейтін, оларға медициналық көмек көрсету мәселелері бойынша барлық қажетті ақпарат пен консультациялар беретін болады. Әсіресе, бұл біздің шетелдік студенттер мен оқытушылар үшін өзекті, өйткені мұнда олар әдеттегі әлеуметтік ортадан ерекше мүлдем басқа ортаға түседі. Сондықтан оларды бейімдеуге, олардың қажетті ақпаратқа қол жеткізуі мен қауіпсіз өмір сүруіне қатысты мәселелер біз үшін өте маңызды.


Балаларды асырап алған ата-аналарға көмек ретіндегі онлайн-мектеп

Бүгін біздің сұхбаттасушымыз – Назарбаев Университетінің Жоғары білім беру мектебінің «Білім берудегі көшбасшылық саласындағы ғылым магистрі» мамандығы бойынша түлегі Ақмарал Шалғымбаева. Ақмарал балаларды асырап алған ата-аналарға арналған онлайн-мектептің әлеуметтік жобасын іске асыру барысы туралы әңгімелейтін болады.

Ақмарал, Назарбаев Университетінде білім алу сіздің кәсіби қызметіңізге қалай әсер етті?

Мен әрқашан әлеуметтік проблемалармен айналысқым келді және мүмкіндігінше қоғамға пайдалы болуды ойластырдым, сондықтан әр түрлі әлеуметтік жобаларға қатысуға тырыстым. Мүмкін, осы себептен өзім үшін білім беру саласындағы оқу мен одан әрі жұмысты таңдаған шығармын. Университетте оқып жүрген кезімде мен Қазақстандағы және Орталық Азиядағы білім беру реформаларының ерекшеліктері бойынша білім алдым, әлемдегі білім беру бағдарламаларының неғұрлым тиімді үлгілерін зерттедім. 2015 жылы магистратураны бітіргеннен кейін, алған білімімді тәжірибеде қолдануға бет бұрдым. Мен Алматы қаласындағы Қазақ ұлттық университетінде сабақ бердім, сондай-ақ балалар үйлерінде волонтер болдым.

Қазір қандай жобалармен жұмыс істейсіз?

Балалар үйінде волонтер болып жұмыс істей отырып, мен балаларды асырап алған ата-аналардың баланы асырап алғаннан кейін бала асырап алу процесінің заңдық қырынан бастап, тәрбиелеу, бос уақытын ұйымдастыру және т. б. мәселелерімен бірге түрлі өмірлік қиындықтарға тап болғанын жиі көрдім. Сондай-ақ осындай барлық қиындықтардан өте білген және басқалармен өз тәжірибесімен бөлісуге дайын ата-аналар да өте көп. Сонымен қатар кеңес бере алатын, қандай да бір мәселелер мен проблемаларды дұрыс және сауатты шешуге үйрететін жақсы сарапшылар да аз емес. Сондықтан балаларды асырап алған ата-аналар үшін онлайн-мектепті ашу идеясы менде пайда болды. Әрине, осы бағытта тәжірибемен алмасу үшін белгілі бір алаңдар бар, алайда бізде осы тақырыпқа арналған бейне-контенттің анық жетіспеушілігі байқалады. Сонымен қатар, пайдалы ақпарат Қазақстанның кез-келген бұрышындағы барлық ата-аналарға қолжетімді болуын қалаймын. Біздің жобамыздың негізгі мақсаты: тағдырдың жазуымен ата-анасыз қалған балаларды асырап алған ата-аналарға балаларды тәрбиелеу барысында балаларға отбасы жылуын сыйлауға, оларды жақсы адам етіп тәрбиелеуге, лайықты білім беруге көмектесу болып табылады.

Бастапқыда менің осы жобамен жұмысым Zhas Project конкурсына қатысудан басталды. Мен ол туралы өткен жылы білдім және оған қатысуға бірден өтініш бердім, содан кейін осы жобаны іс жүзінде әзірлеу мен енгізу мүмкіндігіне ие болып, конкурстан сәтті өттім.

Zhas Project жобасы – бұл Халықаралық Қайта Құру және Даму Банкі мен ҚР Білім және ғылым министрлігінің бірлескен жобасы. Оның мақсаты игілікті және заман талабына сай – жастарды қоғам өміріне тарту, қоғам игілігі үшін қоғамдық пайдалы қызмет дағдыларына оқыту бағдарламасы арқылы олардың өмірлік маңызды дағдыларын дамыту. Ол төрт негізгі компонентті қамтиды: әлеуметтік жобаларды іске асыруға гранттар мен стипендиялар беру; жастарды өмірлік маңызды дағдыларды дамытуға және жобаларды басқаруға үйрету; жастардың осал топтарымен жұмыс істеу; тиімді ақпараттық-түсіндіру науқанын және кері байланыс механизмін іске асыру және проблемаларды шешу.

Жобаға қатысу аясында біз бағдарлама бойынша өте қызықты және танымдық үш кезеңді оқытудан өттік. Оқуды аяқтағаннан кейін біз өзіміздің әлеуметтік жобаларымызды іске асыруға кірісе алдық.

Онлайн-мектепте балаларды асырап алған ата-аналарға қандай көмек көрсетуді жоспарлап отырсыз?

Балаларды тәрбиелеу – оңай іс емес, ал асырап алған балаларды тәрбиелеу бұл көптеген ерекше нюанстар мен қиындықтар толы үдеріс. Сондықтан онлайн-мектепте біз ата-аналарға тәрбиелеу психологиясымен байланысты теориялық негіз беруге тырысамыз, сондай-ақ асырап алған балалары бар отбасыларда орын алған тәжірибелік кейстерді да іріктейтін боламыз. Егер нақтырақ айтсақ, балаларды асырап алған ата-ана болудың уәждемесі, балалардың мінез-құлқын және жас ерекшеліктерін қалыптастыру, бала асырап алған отбасындағы өзара қарым-қатынасты қалыптастыру, жетім балалардың отбасына бейімделу ерекшеліктері сияқты тақырыптарды қарастыруды жоспарлап отырмыз.

Біздің жобаға тартылған сарапшыларға келетін болсақ, мысалы, психология ғылымдарының докторы, Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің ғылыми-техникалық зертханасының меңгерушісі, профессор Раушан Каримованы атауға болады. Оның жасөспірімдермен жұмыс істеу тәжірибесі мол және тәрбие тақырыбына көптеген әдістемелер мен әзірлемелері бар. Сарапшы-практиктердің қатарынан біз баланы асырап алған ата-ана ретінде және «Нұр» отбасылық балалар үйінің директоры Тұяқ Есқожинаны жобаға тартамыз. Ол жұбайымен бірге 20 жылдың ішінде 800-ге жуық жетім баланы тәрбиелеп, ересек өмірге дайындап шығарды.

Бұл жобаны биылғы жылдың қыркүйегіне қарай арнайы сайтта және Youtube платформасында іске қосуды жоспарлап отырмыз. Барлық тыңдаушылар үшін, оның ішінде әлеуетті және бала асырап алған ата-аналар, сондай-ақ балалардың психологиясы саласындағы сауаттылық деңгейін көтергісі келетіндердің барлығы үшін курс мүлдем тегін болады.

Біздің мақсатымыз – бала асырап алу мәселелерінің барлық маңыздылығы мен қиындығын баланы асырап алатын әлеуетті ата-аналарға жеткізу, өйткені әрбір ата-ана жалғыз басты балаға қолын созғанға дейін және өзінің және оның тағдырын өзгертуге дейін туындауы мүмкін қиындықтар мен нюанстар туралы білуі тиіс деп санаймыз. Балалар психологиясы туралы барлық білімді жеткізу мүмкін емес екені түсінікті, әрбір жағдай жеке қарастырылады және басқаларына ұқсамайды, бірақ белгілі бір ұсыныстар беруге тырысу және кейбір педагогикалық тәсілдерді көрсету әбден мүмкін деп санаймыз.

Мен бүгін Назарбаев Университетінде студенттердің бастамашылығымен бірқатар әлеуметтік жобалардың жұмыс істеп жатқанын білемін, бұл жағдай мені осы ЖОО-ның түлегі ретінде өте қуантады. Алдағы уақытта да біздің балалар осы бағытты дамытып, қазақстандық қоғамға пайда әкелетініне сенімдімін.


HPAIR Asia Conference 2019 Назарбаев Университетiнде

Бүгін Назарбаев Университетінде The Harvard College Project for Asian and International Relations 2019 Asia Conference (HPAIR 2019 Asia Conference) халықаралық конференциясы өз жұмысын бастады.

HPAIR Asia Conference 2019 Конференциясы – бес күндік халықаралық жастар конференциясы, 1991 жылдан бастап Азияның ірі қалаларында (12 түрлі елде 43 конференция) өткізіліп келген. Аталған Конференция тұңғыш рет Орталық Азияда өткізіліп жатыр. Осы беделді халықаралық шараға қатысу үшін әлемнің 40-тан астам елінің бес жүзден астам делегаты Нұр-Сұлтан қаласына келді.

Конференцияны Гарвард университетінің Өнер және ғылым факультеті жанындағы коммерциялық емес HPAIR ұйымы Назарбаев Университетімен бірлесіп ұйымдастырады. Конференцияның мақсаты Азия алдында тұрған ең маңызды экономикалық, саяси және әлеуметтік мәселелерді талқылау және зерттеу үшін студенттер мен жас мамандар арасында тәжірибе алмасу үшін пікірталас платформасын құру болып табылады.

Конференцияның биылғы жылғы тақырыбы – «Passion for change» («Өзгерістерге құмарлық»), оның аясында алты бағыт бойынша әртүрлі пікірталастар мен талқылаулар өтеді: жаһандық нарық және экономика; өнер, БАҚ және мәдениет; әлеуметтік саясат және әлеуметтік әділеттілік; энергетикалық және экологиялық тұрақтылық; мемлекеттік басқару және геосаясат; ғылым және технологиялар.

Осы конференция спикерлері арасында – халықаралық компаниялардың басшылары, белгілі инфлюенсерлер, түрлі салалардағы қоғам қайраткерлері, соның ішінде UNICEF Корея президенті, доктор Сонг Сан Хен, Үндістанның бұрынғы сыртқы істер министрі Нирупама Рао, Таяу Шығыс және Солтүстік Африка үшін жаһандық нарықтар бойынша Standard Chartered Bank бұрынғы басшысы – Дэниэл Ацци, әлемдік Нобель сыйлығының иегері – Рае Квон Чунг, McKinsey & Company аға серіктесі және McKinsey Дүниежүзілік институтының директоры – Джонатан Вотцель, World Bank Group бас техникалық директоры – Лесли Го, Сингапурде негізделген оңтүстік-шығыс Азияның Bain & Company серіктесі – Тилл Вестринг, Халықаралық валюта қорының Азия-Тынық мұхиты өңіріне арналған өңірлік бөлімшесінің директоры – Чикахиса Суми, Индонезияның бұрынғы Қаржы министрі және Индонезияның инфрақұрылым институтының төрағасы – Чатиб Басри, Вашингтондағы CN және Нью-Йорктегі ABC News, Ыстамбұлдағы Channel News Asia және Берлиндегі Deutsche Welle TV сияқты жаңалықтар ұйымдарында жұмыс істеген тележүргізуші, кәсіби модератор әрі журналист Али Аслан және басқалар.

Конференцияға қатысушыларды арнайы дайындалған ойын-сауық кештері мен ауқымды кейс-чемпионат күтіп тұр. Іс-шара бағдарламасында халықаралық түн (I-Night) және мәдениет пен дәстүр карнавалын (I-Carnival) өткізу көзделген. I-Night – бұл халықаралық мәдениет мерекесі, онда түрлі елдерден келген делегаттардың бірегей музыкалық, театрлық және би көріністері көрсетіледі. I-Carnival – халықаралық жәрмеңке форматында өтетін дәстүрлі HPAIR іс-шарасы, онда келушілер дәстүрлі тағамдардың дәмін татып, конференция делегаттары ұсынған ұлттық кәдесыйларды сатып ала алады. I-Night және I-Carnival әлемнің түрлі халықтарының өкілдері арасындағы ынтымақтастықты нығайтуға ықпал ете отырып, әлемнің мәдени әртүрлілігін білдіреді. Осы конференция аясында өтетін дәстүрлі мәдени мерекелерден басқа HPAIR Asia Conference 2019 ұйымдастыру комитеті Kazakhstan Night іс-шарасын өткізуді жоспарлап отыр, онда конференция қонақтарына қазақ мәдениетімен, дәстүрімен, тарихымен, музыкасымен таныстырады.

Impact Challenge форматындағы кейс-чемпионат байқауы конференция қатысушыларына түрлі облыстардан, әлеуметтік саясат пен индустриядан алынған тәжірибелік кейстер, бизнес пен халықаралық қатынастарға дейінгі мәселелерді шеше отырып халықаралық компаниялар мен ұйымдардың экожүйесіне енуге мүмкіндік береді. Қатысушылар осы іс-шара барысында бай және баға жетпес өз идеялары мен тәжірибелерін біріктіре отырып өзара байланыс және брейншторминг тәжірибесімен алмасуға бірегей мүмкіндік болып табылады. «Impact Challenge» ерекшелігі – бұл ұсынылған кейстер Орта Азия, ТМД және әлем елдері өңірлері алдында тұрған нақты проблемалар мен сын-қатерлерге байланысты болады. Осылайша, “Impact Challenge” – бұл жастар көзімен жаһандық деңгейде әлеуетті және стандартты емес шешімдерді табудың мүмкіндігі.

Осы беделді халықаралық конференцияны Қазақстанда өткізу жөніндегі студенттердің бастамасын қолдаған HPAIR Asia Conference 2019 демеушілері “Қазмырыш” ЖШС, Eurasian Resources Group (ERG), Chevron және Microsoft сияқты ұйымдар болды.


Мейкатон «ТОМ: NUR-SULTAN» әлеуметтік жоба Нұр-Сұлтан қаласында!

Күзде Нұр-Сұлтан қаласында Назарбаев Университет Инновациялық кластерінің Fab Lab зертханасы Тель-Авив университетінің достар қауымдастығымен бірлесе КГУ «Астана Жастары» қолдауымен Мейкатон «TOM:NUR-SULTAN» әлеуметтік жобаны өткізеді.

Тек Нұр-Сұлтан қаласынан командалар қатыса алады!

Мейкатон ТОМ – бұл өнертапқыштар, әзірлеушілер, инженерлер мен дәрігерлео (мейкерлер-makers) мүмкіндігі шектеулі адамдардың (нидноуэрлер – need knowers) өмірін жеңілдететін құрылғыларды жасақтайтын 72 сағаттық марафон.

Жоба II кезеңнен тұрады:

I-кезең – 20-қыркүйек – PreTOM: Командалардың нидноуэрлермен бірінші кездесуі. Ол жерде идеяны және оның прототипке жүзеге асыратын тәсілін өндіреді.

II-кезең – 25-28 қазан – ТОМ: Командалардың бәрінші кезеңнен кейін (идеяларды түзегеннен кейін және сарапшымен кеңес алған соң) бір айдан кездесу. Мейкатон кезеңі: командалардың прототиптерді құру бойыншы 72 сағаттық үздіксіз жұмыс.

Өтінім www.kazakhstan.tomglobal.org// сайтында қабылданады

Өтінімді толтырып, «ТОМ: NUR-SULTAN» Мейкатонда қатыс, сонымен қатар, жігерлі достарынды, туыстарынды және мүмкіндігі шектеулі адамдардың өмірін жақсартып, жақсы жаққа өзгерткісі келетіндерді шақыр. Сенде ерекше қажеттіліктері бар адамдардың мүмкіндіктерін кеңейтуге өз үлесіңді қосудың бірегей мүмкіншілігін бар. Ол жерде сен бар дағдыларын қолданып, өзіңді әлеуметтік кәсіпкер ретінде көрсете аласың.

3-5 адамнан тұратын немесе жеке үміткерлерге өтінімді беруге болады. Жасы мен кәсібі бойынша шектеу жоқ. Өтінім қабылдау 15-тамыздан басталады және 15-қыркүйекте аяқталады. 16-қыркүйек күні білікті әділқазы алқасымен өтінімді іріктеу болады. Ал 17-қыркүйекте нәтижелер белгілі болады. Тамақ пен прототиптерді жасау үшін керекті жабдықтар мен материалдарға арналған шығыстар ұйымдастырушылар береді.

Сіздерді www.kazakhstan.tomglobal.org// сайтынды күтеміз.

Сұрақтар бойынша келесі байланыстарға хабарласыңыз:

+7 702 199 81 99

+7 7172 26 60 23

y.mnaidarova@tau-friends.kz

Әрқайсысыңызға сәттілік тілейміз!

Назарбаев Университеті жаңа студенттерге есігін ашты

Назарбаев Университетінде жаңа студенттер үшін Бағдарлау апталығы өтті. Бұл жыл сайынғы іс-шара студенттерді студенттік өмірдің барлық аспектілерімен және ерекшеліктерімен, университет тарихымен, дәстүрлерімен және ережелерімен таныстыру үшін өткізіледі.

Топтық және мамандандырылған ақпараттық сессиялардың арқасында жастар жаңа жағдайларға оңай бейімделіп, академиялық ортаға жылдам еніп, үлкен студенттік отбасында достық қарым-қатынас орнатады.

Бағдарлау апталығы аясында студенттерді тікелей кампуста орналасқан университеттік емханаға автоматты түрде бекітеді. Басқа қаладан келген студенттер жоғары оқу орнының оқу корпустарымен жабық әуе өткелімен қосылған жайлы жатақханаларға қоныстанады. Кампуста білімгерлерге қажетті қызметтің барлық түрлері бар: қоғамдық тамақтану және шаштараз нүктелерінен бастап, коворкингтер мен клубтар ұйымдастыру мүмкіндігіне дейін.

Университет өмірі – бұл тек оқу ғана емес, ғылыми-зерттеу, кәсіби, мәдени және ойын-сауық түрлерін қоса алғанда, жоғары оқу орнында әртүрлі қызығушылықтар бойынша жұмыс істейтін 200-ден астам студенттік клубтар арқылы студенттер жан-жақты даму мүмкіндіктеріне ие болады. Жаңа студенттер өздерін спорт өмірінде де танытуда үлкен мүмкіндіктерге ие – Назарбаев Университетінде студенттер фитнес, би, жекпе-жек, құзға өрмелеу секілді ойын түрлерімен және жүзумен айналыса алатын ең заманауи Спорттық-атлетикалық орталық орналасқан.

Бағдарлау апталығы кезінде барлық жаңа студенттерге Назарбаев Университетінің брендтті футболкаларымен бірге, естелік сыйлықтар табыс етілді. Бағдарлау іс-шаралары кезінде көптеген студенттер болашақта айналысқысы келетін қандай да бір қызмет бағыттарын және жеке даму бағдарламаларын таңдап үлгерді.

2019 жылғы Университет алдындағы дайындық бағдарламасы бойынша білім алған студенттердің бірі Абылайхан Қазымбетов: «Бағдарлау апталығы бізге бәрін көрсетіп отырғанымен өте қызықты. Мұнда келіп, жан-жағыңа қарап, осы секундттен бастап сен – үлкен бір нәрсенің бөлігі екеніңді түсінесің. Менің ойымша, осыдан университетке деген махаббат туады. Ал менің Назарбаев Университетіне деген ұстанымым ұзақ болды. Менің құжат тапсырған жалғыз оқу орны осы оқу орны және осында оқу үшін маған байланысты барлық жағдайды мақсатты түрде жасауға тырыстым Сонымен қатар, мен ACM клубына жазылдым және өзімнің WebDev Club ашуды жоспарлап отырмын және оған пікірлестер табылды» – деп өзінің бірінші университеттік іс-шарасына қатысудан алған әсерлерімен бөлісті

Назарбаев Университеті Студенттік істер жөніндегі департаментінің ұжымы балаларға «Білім және ғылым әлеміне саяхатты бастаған барлық студенттерге ақ жол тілейміз. Бұл қиын, үздіксіз еңбек пен күш – жігерді талап ететін, бірақ әрқашан таңқаларлық, қызықты және әр түрлі оқиғаларға толы жол», – деп тілектерін білдірді.