nu magazine

Желтоқсан
2018

мазмұны

НУ-дың негізін қалаушы Университеттің жаңа зертханаларында болды

Желтоқсан 1

Кореяның бір бөлігі енді НУ-да

Желтоқсан 7

Назарбаев Университеті «Елорда жұлдызы» сыйлығына ие болды

Желтоқсан 10

End-of-Year Meeting

Желтоқсан 12

Назарбаев Университеті және «Самұрық-Қазына» цифрлық технологиялар мен инновациялар саласында ынтымақтастықты нығайтуға ниет білдіреді

Желтоқсан 19

Университеттің денсаулық сақтау және еңбек қауіпсіздігі жүйесін күшейту жолында 

Желтоқсан 


НУ-дың негізін қалаушы Университеттің жаңа зертханаларында болды

ҚР Тұңғыш Президенті Күні, Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Университеттің жаңадан ашылған C-4 ғылыми-зерттеу кешенінде, сондай-ақ Университеттің ғылыми жобаларының көрмесінде болды. ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев – Назарбаев Университетінің, Назарбаев Зияткерлік Мектептерінің және Назарбаев Қорының Жоғары қамқоршылық кеңесінің Тұңғыш Төрағасы болып табылады.

Көрмеде инженерия, жаңа материалдар, биомедицина бағыттары бойынша және қоршаған ортаны қорғау саласындағы жобалар ұсынылды. Жалпы аумағы 18 мың шаршы метрден астам С-4 ғылыми-зерттеу кешенінің құрамына 117 жаңа инженерлік-техникалық және химиялық-биологиялық зертханалар кіреді. Қазақстан Республикасының Президенті C-4 ғылыми-зерттеу кешенінің бес зертханасында, атап айтқанда, 1) электронды микроскопия зертханасында, 2) атомдық-күш микроскопиясы зертханасында, 3) робототехника және зияткерлік жүйелер зертханасында, 4) озық робототехника және мехатрондық жүйелер зертханасында, 5) энергетикалық ғарыш зертханасында болды.

Жаңа зертханалардың қысқаша сипаттамасы:

Электронды микроскопия зертханасы

Зертханада сканерлейтін және рентген сәулесін түсіретін екі электронды микроскоп бар. Микроскоптар бірін-бірі толықтырады, бұл медицина мен биологиядан бастап материалтануға, физика мен инжинирингке дейінгі көптеген міндеттерді шешуге кешенді түрде қарауға мүмкіндік береді. Қазіргі таңда зертхана қызметкерлері Балқаш көлінің планктондарына ауыр металдармен ластанудың әсерін зерттеу жұмыстарымен айналысуда.

Атомдық-күш микроскопиясы зертханасы

Зертханада атомдық-күш микроскопы және Raman тоғыстау микроскопы орнатылған, олар биомаркерлерді, оның ішінде қатерлі ісік биомаркерін анықтау үшін қолданылады. Құралдар өте төмен концентрацияда (миллиардтан кем бөлігі) биомаркерлерді анықтауға мүмкіндік береді, сондықтан қатерлі ісікті ерте диагностикалау үшін әлеуетті түрде пайдаланылуы мүмкін.

Робототехника және зияткерлік жүйелер зертханасы

Зертхана робототехника және мехатрондық жүйелерді жобалау мен басқару саласындағы ғылыми-зерттеу жұмыстарымен айналысады. Қазіргі жобалардың бірі – Қазақстанда мүмкіндігі шектеулі адамдардың өмір сүру сапасын жақсарту үшін көмекші робот-манипулятордың зияткерлік жүйесін әзірлеу. Зертхананың басқа да жобаларының ішінде өнеркәсіп жағдайында бірлескен міндеттерді шешуге арналған зияткерлік көмекші робот жүйесін жасау болып табылады.

Озық робототехника және мехатрондық жүйелер зертханасы

Зертхана басқару мен машиналық оқытудың үздік әдістерін қолдана отырып, робот техникасы жүйелерінің дизайны мен оларды енгізуге мамандандырылған. Зерттеу жұмыстары робототехника, жасанды интеллект және зияткерлік жүйелер сияқты салаларды үйлестіріп жүргізіледі.

Энергетикалық ғарыш зертханасы

Осы зертхана Нобель сыйлығының лауреаты доктор Джордж Ф. Смуттың (Берклидегі Калифорния Университеті, АҚШ) бастамашылығымен құрылған және Назарбаев Университетінде Ғаламның пайда болуы мен эволюциясын зерттейтін ғарышнама және астрофизика тобы болып табылады. Зертхана ғарыштық құбылыстарды зерттейтін озық жобалармен жұмыс істейді. Зертханада аса жоғары өткізгіш детекторлары мен ажыратымдылығы жоғары датчиктер технологияларын зерттеу үшін аса төмен температуралардың (- 273С дейін) криогенді қондырғысы орнатылған. Зертханада, сондай-ақ екі телескоп жұмыс істейді, олардың біреуі Назарбаев Университетінің аумағында, ал екіншісі гамма-шоғырларды зерттеу үшін Алматы облысындағы Ассы-Түрген обсерваториясының аумағында орнатылған.


Кореяның бір бөлігі енді НУ-да

Бұл ноутбук «GRAM» деп аталады, себебі оның салмағы бір килограмнан кем және әлемдегі ең жеңіл ноутбуктардың бірі болып табылады. 25 LG GRAM ноутбуктары Korea Foundation атынан НУ кітапханасындағы Корея бұрышына керемет сый ретінде тартылды.

Сондай-ақ, Корея Республикасының Қазақстан Республикасындағы Төтенше және өкілетті елшісі Корея бұрышына алғаш сыйлық ретінде 450 кітапты табыстады. Салтанатты түрде лентаны Назарбаев Университетінің Студенттік істер және халықаралық қатынастар жөніндегі вице-президенті Қадиша Даирова және Корея Республикасының Қазақстан Республикасындағы Төтенше және өкілетті елшісі Ким Дэсик қиды. «Корея мен Қазақстан халықтарының арасында мәдени байланыстар көп: корейлік музыка мәдениеті қазақстандық жастар арасында өте танымал, ал корейлік медицина туризмі халық арасында сұранысқа ие. Енді Кореяның бір бөлігін біздің де университеттен табуға болады», – деді өз сөзінде Қадиша Даирова.

Корея бұрышы университет қауымдастығының әрбір мүшесі үшін қолжетімді. Ол Culture Room, NU кітапханасының 3-қабатында (5-блок) орналасқан.


Назарбаев Университеті «Елорда жұлдызы» сыйлығына ие болды

2018 жылғы 10 желтоқсанда «Астана» концерт залында «Елорда жұлдызы» сыйлығымен алғашқы салтанатты марапаттау рәсімі өтті. Назарбаев Университеті осы құрметті сыйлықтың иегері болды.

ҚР Білім және ғылым министрі Ерлан Сағадиев НУ Провосты Илесанме Адесидаға және Студенттік істер және халықаралық қатынастар жөніндегі вице-президент Қадиша Даироваға жұлдызды хрусталь мүсінді табыстады.

Құрметті марапат еліміздің бас қаласының дамуына елеулі үлес қосқан және Қазақстанның даңқын дүниежүзі бойынша шығарған елордадағы ұжымдарға, ұйымдарға және әйгілі қала тұрғындарына берілді. «Astana Ballet» театры, «Астана ЭКСПО-2017» халықаралық мамандандырылған көрмесі, «Астана» футбол клубы, «Барыс» хоккей клубы, «Астана» велокомандасы, «Спарта-Номад Астана» КВН командасы, «Жастар» театры, сондай-ақ медициналық кластердің атынан Юрий Пя мен Серик Ақшолақов хрусталь мүсінге ие болды.


END-OF-YEAR MEETING

Толық жаңалықтар. Энергия. Жағымды жаңалықтар.

Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні және қысқы демалыс күндері қарсаңында жыл қорытындысын талқылау Назарбаев Университетінде жақсы дәстүрге айналды. Үлкен залда өткен жиынды НУ президенті Шигео Катсу ашты. Ол 2018 жылы Назарбаев Университетінің ең маңызды оқиғалары мен қол жеткен жетістіктерін атап өтіп, НУ қоғамдастығының келер жылғы маңызды міндеттері туралы хабардар етті.

Сонымен қатар, NU басшылығы жылдың көшбасшылары деп танылған әріптестерін марапаттады. Кештің көңілді бөлігі дәмді рок-топ стилінде өтті. Иә, біз асыр салып ойнап күлдік! Біз шынымен де ғажайып нәрселердің куәсі болдық. Көптеген адамдар атасалысқан қайырымдылық лотереясы кештің бойтұмарына айналды.

Жылдың табысты нәтижелері баянды болсын, 2019 жылы тамаша жоспарларыңыздың іске асуын тілейміз!

Award for Integrating Research and Teaching
Erika Alpert – Assistant Professor, School of Humanities and Social Sciences
Michael Good – Assistant Professor, School of Science and Technology

Award for Innovative Teaching
Chethan Purushothama – Assistant Professor, School of Medicine
Duishon Shomatov – Associate Professor, Graduate School of Education

The Kehinde Award for Academic Integrity
Sulushash Kerimkulova – Associate Professor, School of Humanities and Social Sciences

Leadership in Teaching
Byron Crape – Assistant Professor of Practice, School of Medicine

Internationalization in Teaching
Saltanat Akhmetova – Assistant Professor, School of Humanities and Social Sciences

Inclusive Education
Michelle Somerton – Assistant Professor, Graduate School of Education 

Dastan Khussainov, Deputy Director of Core Facilities
For the establishment of shared research facilities in C4 block. Setting up infrastructure, individual labs, moving existing equipment and ordering new one.

Rebecca Carter - Registrar
For the development of over 10 policies that set standards for various academic processes and establishment of Academic Advising Unit within Office of the Registrar

Didar Khalelov, Senior Manager, Department of Software Development, NULITS
For the development of NU Institutional Repository, an institutional electronic archive for accumulation, long-term storage, and provision of open access to scientific research results produced by academic and research community of NU

Bakhtiyar Rakhimov, General Manager, Department of Student Affairs
For the development of Student government, Student fund, and diverse Student clubs, as well as initiating and leading transformation of DSA into an effective center of student activities.

Viktoriya Alzhanova, Director of Legal Department
For the optimization of processes in Internal documentation approval by standardizing templates and transforming the role of Legal Department to the friendly advisor role.

Alibek Abdullayev, Senior Manager, Campus Security Services
For the development of a number of University wide policies including Vehicle Traffic and Car Parking regulation, as well as Rules on Access Control and Inside Security Regime of the NU.  

Daniel Pugh, Dean of School of Humanities and Social Sciences
High commitment to health and safety in school activities and life on campus
The only Dean – Fire Evacuation Marshal (FAM)

Ainur Shakirova, Executive Director of School of Science and Technology
Active participation in health & safety activities and training
The best result of the fire evacuation drill - Block 7
The only School Executive Director – Fire Evacuation Marshal (FAM)

Nicholas Rudzik, Senior Teaching Fellow, Center for Preparatory Studies
Quick start as the school leader in organization of health & safety events
The most experienced Senior
Fire Evacuation Marshal (SFAM)

Ruslan Bugenbayev, Senior Manager, School of Humanities and Social Sciences
The leader in organization of events in health & safety at school
Senior Fire Evacuation Marshal (SFAM)

Arukhiya Rakhat, Manager, School of Science and Technology
Reliable support in organization of health & safety events at school level
Senior Fire Evacuation Marshal (SFAM)

Anna CohenMiller, Assistant Professor, Graduate School of Education
Strong concerns on health and safety in academic and non-academic life
In the top-twenty contacts of hse@nu.edu.kz account
Active member of the NU Community in promoting health and safety culture

Vasileios Inglezakis, Associate professor, School of Engineering
High commitment to health and safety in school laboratories
The initiator and author of Lab Safety Plan for NU
Active member of the NU Community in promoting health and safety culture and making life on the campus safe

Kanat Turebekov, Senior Laboratory Coordinator, School of Engineering
High commitment in organizing health and safety activities in school laboratories
Accomplishment of 2 health and safety audits
Contributed in establishing safe workplace in laboratories

Yerkin Shaimergenov, Serikzhan Tursunov, Marat Mukhanmedzhanov, Askhat Koshkarov, Members of Nazarbayev University Fire Safety Team «BARYS», University Service Management
Prompt response to 909 cases of fire alarm
Prevention of 5 fire incident cases 


Назарбаев Университеті және «Самұрық-Қазына» цифрлық технологиялар мен инновациялар саласында ынтымақтастықты нығайтуға ниет білдіреді

Назарбаев Университеті және «Самұрық-Қазына» Ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ ынтымақтастық туралы жаңа меморандумға қол қойды. Университет мемлекеттік компаниямен қазіргі серіктестікті нығайтуға және цифрлық технологиялар, адами капиталды дамыту және инновациялар саласында одан әрі ынтымақтастықты дамытуға ниет білдіруде.

Назарбаев Университетінің Президенті Шигео Катсу қол қою рәсімінде атап өткендей, өмір бойы білім беру тұжырымдамасы қоғамда өзекті болып табылады. «Самұрық-Қазына» қоры мен Назарбаев Университеті қазақстандық қоғамда осы бағытта бірлесіп жұмыс істеп, көптеген оң өзгерістерге қол жеткізе аладыі.
Меморандумға қол қойылғаннан кейін Назарбаев Университетінің түлегі Елдана Бақытжан салтанатты шараға қатысушылар алдында сөз сөйледі. Елдана «Самұрық-Қазына» қорының «Digital Summer» бағдарламасына сәтті қатысып, бағдарламаның нәтижесі бойынша компанияға жұмысқа шақырылды.


Университеттің денсаулық сақтау және еңбек қауіпсіздігі
жүйесін күшейту жолында

Ғылыми-зерттеу және әлеуметтік іс-шаралардың қарқынды дамуымен бірге, салауатты және қауіпсіз ортаны дамыту және қолдау Назарбаев Университетінің одан әрі табыстарға қол жеткізуде үлкен маңыздылығы белгіленді. 2018 жылы денсаулық сақтау және еңбек қауіпсіздігі бойынша көптеген іс-шаралар өткізілді, оның ішінде медициналық орталықтың ашылуы, өрт қауіпсіздігі саласындағы тексерулер, эвакуациялық жаттығулар, тұрақты медициналық тексерулер, зертханалардың қауіпсіздігін тексеру аудиттері, сонымен бірге көптеген еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау бойынша оқулар мен нұсқамалар жүргізілді. 


Құрметті НУ Қауымдастығы!

Жаңа жылыңызбен!