NU MAGAZINE

Ақпан 2019

МАЗМҰНЫ

«НУ», «НЗМ» және «НҚ» ДББҰ тобының инвестициялық компаниясы «Цеснабанк» АҚ акцияларының 99,5%-ына ие болды

«Цеснабанк» АҚ Директорлар кеңесін Шигео Катсу басқарды

Назарбаев Университетінде «КAMAZ Neo» роботтандырылған автомобилін құрастыру жобасы іске қосылды

НУ-да геномдық зерттеулер мен биоинформатика мәселелерің шешу үшін жаңа есептеуіш жүйе іске қосылды

ReLive жобасы БҰҰ көрмесінде ұсынылады

НУ Ғалымдары адамның микробиом сапасының жас ерекшелігінің дамуына әсерін зерттейді

Ақ жайлау - қазақ мәдениетімен танысудың жаңа орны

Назарбаев Университетінің қауымдастығы арғымақты союдан құтқарды

Қоқыстан балама отынға дейін: Астанада қалдықтарды қайта өңдеуді қалай ұйымдастыру керек?

НУ физик-ғалымы ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы Қорының сыйлығын алды

Студенттік клубтар: Volunteers Club

Бюллетеньнің ақпан айы басылымы

«НУ», «НЗМ» және «НҚ» ДББҰ тобының инвестициялық компаниясы «Цеснабанк» АҚ акцияларының 99,5%-ына ие болды

«First Heartland Securities» (бұдан әрі – FHS), «Назарбаев Университеті», «Назарбаев Зияткерлік мектептері» және «Назарбаев Қоры» дербес білім беру ұйымдары тобына тиесілі қаржылық холдингтік компанияның инвестициялық бөлімшесі Сатып алу-сату шарты бойынша және Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Ұлттық банкі мақұлдаған Негіздемелік келісімге сәйкес «Цеснабанк» АҚ-ға ие болды.

«Цеснабанк» АҚ топтың инвестициялық құрылымдарының маңызды буынының бірі болады. Банктің күштері шағын және орта бизнеске арналған банк көрсететін қызметтер мен өнімдерін дамытуға бағытталады. Банктің қызметі Қазақстан экономикасын әртараптандыру және тұрақты дамыту бойынша әртүрлі бастамаларды іске асыруға арналады.

Топтың ішінде әлемдік практикаға сәйкес топ қызметін қолдау үшін құрылған эндаумент қорлар және қаржылық ұйымдар сияқты, инвестициялық құрылымдар жұмыс істейді. Цеснабанк тобына кіру білім беру және ғылыми бағдарламаларды қаржыландыру бойынша мүмкіндіктерді кеңейтеді, тұтастай алғанда, топтың қаржылық жағдайын жақсартады, сондай-ақ маңыздысы, ғылым мен білім берудің бизнеспен өзара іс-қимылына көмектесетін жаңа институционалдық модель құрылады.

Назарбаев Университеті – бұл жай ғана таңдаулы білім беру моделі мен ғылыми практика ғана емес, ол сондай-ақ Қазақстанның, оның институттарының, экономиканың және халықтың орнықты әрі қарқынды дамуына көмек көрсетуге арналған негізгі ұлттық жоспар болып табылады, – дейді Шигео Катсу, «Назарбаев Университеті» ДБҰ Президенті және және «Назарбаев Зияткерлкі Мектептер» ДБҰ Қамқоршылық кеңестің төрағасы.

Жоғары кәсіби тәжірибеге ие бола отырып және Ұлттық Банк пен Қазақстан Республикасы Үкіметінің қолдауымен FHS Цеснабанкті халыққа, шағын және орта бизнеске арналған банк ретінде дамытуды жалғастырады.

Өз тарапынан Назарбаев Университеті озық халықаралық стандарттарға сәйкес банктің ашық және тиімді басқарылуын қамтамасыз етеді,- деп сөзін жалғастырды Катсу мырза.

«Цеснабанк» АҚ Директорлар кеңесін Шигео Катсу басқарды

Назарбаев Университетінің Президенті, Назарбаев Зияткерлік мектептерінің Қамқоршылық кеңесінің Төрағасы және Назарбаев Қорының Қамқоршылық кеңесінің мүшесі Шигео Катсу «Цеснабанк» АҚ Директорлар кеңесін басқарды.

Шигео Катсу мырза 2010 жылдың желтоқсанынан бастап Назарбаев Университетінің Президенті болып табылады. Шигео Катсу мырза осыған дейін Дүниежүзілік банкте 30 жыл бойы түрлі қызмет атқара отырып, Азия, Африка және Еуропа елдеріндегі қаржы секторындағы реформаларды басқарды, түрлі басшы лауазымдарды, сондай-ақ Еуропа өңірі бойынша вице-президент лауазымын атқарды.

Жоғарыда баяндалғанға қосымша ретінде, бұрын «First Heartland Bank» АҚ (FHB) Басқарма төрағасының орынбасары лауазымын атқарған Бекжан Пирматов «Цеснабанк» АҚ Басқарма Төрағасы болып тағайындалды. Пирматов мырза банктік жүйеде 2004 жылдан бастап жұмыс істейді. Ол өзінің мансаптық жолын Корпоративтік қатынастар басқармасында жетекші маман ретінде бастаған болатын. Кейіннен ол «Каспий Банкі» АҚ, «Банк Тұран Әлем» АҚ және «HSBC Bank Kazakhstan» АҚ ЕБ және «Қазкоммерцбанк» АҚ сияқты жергілікті және шетелдік банктерде корпоративтік клиенттермен жұмыс жөніндегі бөлімшелерді басқарды. FHB-ке дейін ол Еуропалық қайта құру және даму банкінде (ЕҚДБ) жетекші банкир болып жұмыс істеді, өнеркәсіп, коммерция, агробизнес және табиғи ресурстар секторында ірі корпоративтік клиенттермен жұмыс жүргізу үшін жауапты болды. Пирматов мырзаның корпоративтік банкинг, тәуекелдерді басқару және жобалық қаржыландыру саласында үлкен тәжірибесі бар.

Назарбаев Университетінде «КAMAZ Neo» роботтандырылған автомобилін құрастыру жобасы іске қосылды

«Назарбаев Университеті» ДБҰ (Қазақстан), «ВИСТ Групп» АҚ (Ресей, «Цифра» компаниялар тобы) және «КАМАЗ» КАҚ-мен бірлесіп Камаз Neo ершікті тартқыштың негізінде роботтандырылған автомобиль құрастыру бойынша жобаны іске асыруға кірісті. Компьютерлік көру құралы көмегімен автомобиль түрлі нысандарды – адамдарды, жануарларды, жол тосқауылдарын, конустарды танитын болады және өз бетімен осы тосқауылдардың айналып өту жолын ескере отырып, бағытты қайта есептейтін болады. Жүк автомобильдерінің сыныбындағы роботтарды әзірлеу оларды басқа өнеркәсіп салаларында қолдануға мүмкіндік береді.

«Жобаның шеңберінде KAMAZ 5490 Neo шассиі негізінде роботтандырылған автомобиль үшін компьютерлік көру модулі әзірленетін болады, бағдарламалық-аппараттық кешеннің бейімделу жұмысы жүргізілді, сондай-ақ «КАМАЗ шассиі негізінде роботтандырылған автомобиль үшін автоматты жоспарлау және жолдағы кедергілерді ескере отырып, траектория бойынша жүру жүйесі» әзірленді және біріктірілді», – деп, VIST Group тарапынан жобаның жетекшісі Артем Федотов түсіндірме жасады.

«Біз «Камаз Neo» жүргізушісі жоқ автомобильді басқару үшін компьютерлік көру модульдерін бейімдеу және жетілдіру бойынша техникалық жұмыстар жүргізіп жатырмыз. Бізге қажетті қосымша жабдықтар мен бағдарламалық қамтамасыз етуді ұсынатын VIST Group мамандарымен бірге біз жобаны орындауға кірістік, яғни бұл софтқа автомобиль траекториясын жоспарлау функциясын енгізу, автомобильді басқару командаларын жасау, кедергілерді анықтау және тану бойынша жұмыстар», – деп, Назарбаев Университеті тарапынан жоба жетекшісі, «National Laboratory Astana» ЖМ-ның аға ғылыми қызметкері Жандос Есенбаев жұмыстың барысымен бөлісті.

Жоба бойынша жұмыстың аяқталуы 2019 жылдың қыркүйегінде жоспарланған.



Ескертпе: «КамАЗ» автомобилі «КАМАЗ» КАҚ-тың меншігі болып табылады және 12 ай мерзімге Назарбаев Университетіне уақытша тегін пайдалануға берілді.

КАМАЗ-5490 – Кама автомобиль зауыты (КАМАЗ) өндіретін магистралды ершікті тартқыш. 5460 сериясын ауыстыруға және сегментте флагмандық автомобиль жасауға арналған КамАЗ-5490 2011 жылы «КомТранс» көрмесінде таныстырылды. 2001 жылдан бері өндірілген Mercedes-Benz Axor кабинасының сызбалары сатып алынды. Зауыт модель өндірісін жергілікті деңгейге шығару бойынша іс-шаралар уақыт өте келе өндіріс деңгейін 60%-ға дейін көтеруге мүмкіндік беретіні туралы мәлімдеді.

Өндіріс басталған сәтінен бастап зауыт рама мен шассидің кейбір элементтерін өзі шығарады, шиналарды Нижнекамскшинадан сатып алады. Кабинаның сыртқы пластикалық жинағы – бүтіндей ресейлік өндіріс. 2017 жылы P6 сериялы өз қозғалтқыштарын өндіруді 100 пайызға жуық жергілікті компоненттермен аяқтау, ал 2018 жылдан бастап олардың сериялы өндірісін іске қосылған.

НУ-да геномдық зерттеулер мен биоинформатика мәселелерің шешу үшін жаңа есептеуіш жүйе іске қосылды

Назарбаев Университетінің National Laboratory Astana орталығында Қазақстанда алғаш рет «үлкен геномдық деректер» және биоинформатика саласындағы мәселелерді шешуге арналған жоғары өнімді биоинформатикалық есептеу платформасы іске қосылды.

Q-Symphony немесе «Qasaq symphony of bioinformatics» бар болуы, сондай-ақ құрылған және оңтайландырылған биоинформатикалық әдістер адамның ауқымды геномдық деректерін талдап, құрылымдық геномдық нұсқаларын анықтауға, кешенді салыстырмалы және популяциялық талдау жүргізуге мүмкіндік береді. Бұрын бір есептік тапсырманы өңдеу үшін екі ай қажет болса, енді Q-Symphony-де осы процесті аяқтау үшін жеті күн керек!», – деп түсініктеме берді Ұлықбек Қаиров, жетекші ғылыми қызметкер, National Laboratory Astana, Өмір туралы ғылымдар орталығының Био информатика және Жүйелі биология зертханасының меңгерушісі.

Ғалымдар үшін Q-Symphony-нің көмегімен алынған деректер Қазақстанның геномдық нұсқауларының анықтамалық базасын жасаудың негізі болады, сондай-ақ ғылыми әдебиеттерде сипатталған геномдық нұсқаларды одан әрі зерттеу және салыстырмалы популяциялық талдау жасауға мүмкіндік береді. Бұл, өз кезегінде, қазақстандықтардың дені сау адамдар мен патологиясы бар науқастарда жаңа генетикалық нұсқаларды бағалау үшін биомедициналық тәжірибеде геномдық нұсқалардың деректер базасын тиімді пайдалануға мүмкіндік береді.

Бұдан басқа, бұл деректер медицинада қолданылуы мүмкін – адамның генетикасына байланысты түсініксіз этиологиясы бар науқасты диагностикалау үшін және дербестендірілген медицинада генетикалық бейімділікті анықтау және патологияның даму қаупін алдын алу, сондай-ақ генетикалық ерекшеліктерге байланысты дәрілік препараттың тиімділігін бағалауға мүмкіндік береді. Әр түрлі аурулар әр қалай жолдармен өтетіні және популяцияның геномдық ерекшеліктеріне байланысты дәрілік препараттардың әр түрлі әсер етуі мүмкін екендігі медицинада белгілі.

Q-Symphony жүйесі негізгі төрт тораптан тұрады: кіру немесе басқару торабы, жады торабы, бір торапқа біріктірілген есептеу торабы және сақтау торабы. Барлық тораптар 100 Гб/сек сыйымдылығы бар Infiniband жоғары жылдамдықты деректермен алмасу желісіне қосылған. Есептеу тораптарының жалпы сыйымдылығы: 172 ядро, 3072 ГБ жедел жады және 198 ТБ деректер сақтау қоймасы.

Q-Symphony арнайы деректерді кэштеу жүйесін қолданады, оның көлемі 3.2ТБ. Бұл жеке тапсырмаларды орындау кезінде деректердің енгізілуін-шығарылуын жылдамдатуға мүмкіндік береді. Деректер автоматты түрде дискілік жинақтауыштарға тасымалданады. Мониторингтеу жүйесі ресурстардың жүктелуі мен 3D визуализациялау режимінде тапсырмалардың орындалуын айқын түрде көрсетуді қамтамасыз етеді.

ReLive жобасы БҰҰ көрмесінде ұсынылады

Relive – инсультпен ауыратын пациенттерді оңалту жөніндегі Назарбаев Университетінің ғылыми жобасы БҰҰ қамқорлығымен өтетін арнайы көрмеде ұсынылатын болады. “Assistive Technology In Accelerating Learning and Participation of Children with Disabilities” көрмесі (мүмкіндігі шектеулі балалардың оқуы мен қатарға қосылуын жеделдететін қосымша технологиялар) 2019 жылы 7-8 наурызда Женевада өтеді.

2018 жылдың қазан айында Relive командасы Астанада Digital Health көрмесінде ең үздік сандық шешім үшін марапатқа ие болды және осы инновациялық әзірленімнің жетістіктерін ЮНИСЕФ басшысы Генриетта Форд ханым атап көрсетті. Жуырда ReLive стартапының басқа 19 қатысушы қатарында 86 халықаралық жоба арасынан БҰҰ көрмесіне қатысу үшін іріктеуден өткендігі белгілі болды.

ReLive – пациенттерді инсульт алғаннан кейін оңалтуға арналған инновациялық шешім, ол өзінде мидың, микроконтроллердің және қол экзосқаңқасының сигналдарын оқып-есептеу мен тарқатып тануға арналған жабдықты және бағдарламалық қамтамасыз етуді қамтиды. Мидың сигналдарын мобильді электроэнцефалограф оқып-есептейді, одан кейін компьютерге жазылады. Жүйе экзосқаңқаны (жасанды қолдарды) оймен басқаруға мүмкіндік береді, бұл пациенттердің денсаулығын қалпына келтіру процесін жеделдетуге жол ашады. Қазіргі уақытта прототип алдын ала тексеру жұмыстарынан өтіп, толыққанды жұмыс істеуде.

Жобаны ассистент-профессор Прашант Джамвал (Инженерия мектебі) және докторант Бейбіт Әбдікенов (Инженерия мектебі) бастаған Назарбаев Университетінің студенттері мен ғалымдары әзірлеген. Жобаның қатысушылары робот техникасы, машинамен оқыту және жасанды интеллект, медицина саласындағы мамандар: А. Капсалямов, Б. Жолдасхан, З. Ықласов, А. Шәріпов, сондай-ақ № 1 ҚА дәрігер-невропатолог Р. Таутанова.

НУ Ғалымдары адамның микробиом сапасының жас ерекшелігінің дамуына әсерін зерттейді

Альцгеймер (АА) ауруы – бұл еста сақтау қабілетінің жойылуымен, мінез-құлықтың және қимыл әрекетінің өзгеруімен, ал кейінгі кезеңдерде қалыпты күнделікті іс-әрекеттерді жүзеге асыру мүмкін еместігімен өтетін, ілгерінді созылмалы нейродегенеративті ауру. Назарбаев Университетінің ғалымдары АА диагнозы бар пациенттердің ішек микробиомының құрамын зерттей бастады. Мұндай зерттеулер сондай-ақ АҚШ пен Қытайда жүргізіледі.

– Зерттеу аясында біз салыстыру үшін азап шегетін және азап шекпейтін қарт адамдардың ішек флорасының үлгілерін жинадық. Ғалымдардың зерттеу тобымен біз осы ауруды ерте диагностикалаудың әлеуетті маркері ретінде АА-мен ішек микрофлорасы құрамының корреляциясын іздейміз, – деп хабарлайды “National Laboratory Astana” ЖМ Биоинженерия және регенеративті медицина зертханасының жетекші ғылыми қызметкері және жетекшісі Шолпан Асқарова.

Осы уақытқа дейін ішек микробиомы, мысалы, көмірсулардың ферментациясы, витаминдердің синтезі, ксенобиотиктердің метаболизмі сияқты, тек ішекте ғана өтетін процестерге қатысады және патологиялық бактерияларға тосқауыл болады. Дегенмен, соңғы 15 жылда ішек микробиомының қызметі қайта қаралды, ішек микрофлорасының тығыздығы мен түрлік құрамы және диабет, семіздік, жүрек-қантамыр аурулары сияқты бірқатар патологиялардың дамуы арасындағы тікелей өзара байланыс анықталды,олар өз кезегінде АА-ның даму қаупінің белгілі факторлары болып табылады.

– Әлбетте, жасы, өмір салты, тамақтану рационы, сондай-ақ тұратын аймағы ішек микрофлорасының құрамында үлкен рөл атқарады, – дейді Алмагүл Кушугулова “National Laboratory Astana”ЖМ Адам микробиомасы және ұзақ өмір сүру зертханасының жетекші ғылыми қызметкері және жетекшісі.

Зертханалық жануарларды зерттеу кезінде алынған деректер ішектегі бактериялардың жүйке жасушаларының функцияларына теріс әсер етуі және АА-ның дамуына ықпал етуі мүмкін екенін білдіреді. Бұл қорытындылар Chongqing Медициналық Университетінде (Қытай) және Альцгеймер ауруын зерттеу жөніндегі ғылыми-зерттеу орталығында (Wisconsin Alzheimer’s disease Research Center, АҚШ) жүргізілген клиникалық зерттеулермен расталады.

ДДҰ-ның болжамына сәйкес, жас бойынша деменция аурушаңдығының деңгейі жыл сайын нашарлап, 2050 жылға қарай науқастар саны үш есеге артады. Альцгеймер ауруына 65-75 жастағы адамдардың шамамен 10%-ы және 80 және одан жоғары жастағы қарттардың 32%-ы шалдығады. Қазіргі уақытта Қазақстанда демениядан зардап шегетін қарт адамдардың саны бойынша нақты деректер жоқ. Алайда, әлемдік статистиканың мәліметтеріне сүйене отырып және Қазақстан халқының санын ескере отырып, біздің елде 200 000-ден кем емес егде жастағы адамдар жас ерекшелігі деменциясымен ауырады деп болжауға болады.

Ақ жайлау - қазақ мәдениетімен танысудың жаңа орны

Назарбаев Университетінде студенттердің ынта-ықыласымен ҚР Ұлттық академиялық кітапханасы, Инновациялық зияткерлік технологиялар академиясымен бірлесе отырып және Назарбаев университеті басшылығының қолдауымен «Ақ жайлау» Қазақ мәдениетінің ресурстық офисі (Cultural Resource Room) ашылды.

Офистің «Ақ жайлау» деп аталуы тегін емес. Қазақ менталитетінде дала – басты байлық, оның бейнесі мәңгілік және өмір серпінділігінің көрінісі болып табылады. Қазақтардың мәдени кодындағы дала – еркіндік пен шығармашылық, шыдамдылық пен төзімділік , кеңшілік пен энергияның бейнесі.

Офистің салтанатты ашылу рәсіміне НУ Студенттік істер және халықаралық ынтымақтастық жөніндегі Вице-президенті Қадиша Даирова, Гуманитарлық және әлеуметтік ғылымдар мектебінің деканы Дэниел Пью, НУ профессорлары, түлектері, студенттері мен қызметкерлері қатысты.

Өзінің құттықтау сөзінде Вице-президент Қадиша Даирова бұл офис өз алаңында Назарбаев Университетінің барлық қауымдастығын – студенттерді, түлектер мен жас мамандарды, қазақ халқының дәстүрлі әдет-ғұрпы мен мәдениетімен танысқысы келетін оқытушы-профессорлар құрамын біріктіре алатынын айтты.

Профессор Гүлтас Құрманбай, НУ «Рухани жаңғыру» мәдени орталығының жетекшісі кез келген адамның жеке тұлға ретінде қалыптасуы үшін ұлттық бірегейлік пен өзіндік ерекшелікті сақтаудың маңыздылығын атап өтті. Осы тұрғыда бұл офистің маңызын жас қазақстандықтардың өсіп келе жатқан ұрпағы үшін асыра бағалау қиын. Жаңа орталықтың есіктері Ұлы даланың мұрасымен танысқысы келетіндердің бәріне де ашық.

“Ақ жайлау” қонақтары қазақ халқының ұлттық тұрмысын тамашалап, музыкалық аспаптарда ойнап, ұлттық ойындармен танысып, қазақ әдебиетінің фолианттарын оқи алады. Бұл офис фильмдерді көрсетуге және музыканы тыңдауға арналған техникамен жабдықталған. Офис тәжірибе алмасу, университеттік қауымдастықтың идеялары мен бастамаларын талқылау алаңына айналады деп болжануда. НУ студенттері, қызметкерлері, оқытушылары мен қонақтары «Ақ жайлауда» көрмелер мен әдеби кештер өткізіп, қазақ тілін үйреніп, кітаптарды оқып, талқылап, Қазақстан туралы бейнематериалдарды көре алады.

Назарбаев Университетінің қауымдастығы арғымақты союдан құтқарды

Бұл болған оқиға жаңа жылдық мерекеден кейін басталған. Назарбаев Университетінің қауымдастығы Талисман атты арғымақты союдан құтқарды. Талисман мекенжайын Петропавл маңындағы ауылдан Астана қаласына ауыстырып, енді Астана – Ботай – Астана жазғы антропологиялық турға сәтті дайындалып жүр.

Оқиға НУ ГӘҒМ оқытушысы, антрополог Ұлан Биғожинның алдағы жазда Астана-Ботай ат жарыс турына қатысу үшін ат іздеуінен басталған болатын. Астана-Ботай-Астана ат жарыс өткелі бірегей оқиға болып табылады. Қатысушылар атқа мініп, Астанадан Солтүстік Қазақстан және Ақмола облыстарының шекарасындағы Ботай қонысына дейін 900 км қашықтықты өткермек. Дәл осы жерде энеолит дәуірінде тікелей Пржевальский арғымағының тұқымына жататын сәйгүлік қолға үйретілгені анықталды.

“Мен интернетте жарнама хабарларды қарап отырғанда, бір ат байлаушы берген аттың соғымға сатылатыны туралы ақпаратқа тап болдым. Тіпті сатылатын аттың суретін де көрдім. Бұл – асыл тұқымды айғыр (орыстың Орлов желістісі мен Владимирлік ауыр тартқышын аты будандастырылған). Суреттегі аттың әсем келбеті мен көзқарасының жұмсақтығы мені қызықтырды. Солтүстік ат өсірушілер санаулы ғана болғандықтан, Талисман туралы ақпарат тез жиналды.

Талисманның бұрынғы қожайыны оны Петропавлдың ипподромында ұстаған болатын. Сәйгүлікті барлық бала-шаға жақсы көреді екен. Оның нәзіктігі мен төзімділігін барлығы байқапты. Осыдан кейін Талисманды сатқан және оны дала табынына қосқан. Кейін Талисманның денсаулығы нашарлай бастағанда, оның жаңа қожайыны атты семіртіп, сатпақшы болыпты. «Аттың сатылуы туралы хабарландыруға сілтемені НУ-дағы әріптесім, ассистент-профессор Дженни Лехтиненге (Jenni Lehtinen) жібергенімде, ол шұғыл түрде Талисманды құтқару науқанын бастауды ұсынды» – деді доктор Биғожин әңгімесінде.

Лехтинен мен Биғожиннің бастамасына басқа да әріптестер мен студенттер қосылды. Жиналған сома атты сатып алып, оны Астанаға көшіріп, астаналық ипподромға орналастыру жеткілікті болды. Ипподромда атты кәсіби ветеринар қарап шығып, оған ем тағайындады. Қазір Талисман өзін әлдеқайда жақсы сезінеді: ол артық салмағын тастап, жүзі жақсарып, жаттыға бастады.

Қоқыстан балама отынға дейін: Астанада қалдықтарды қайта өңдеуді қалай ұйымдастыру керек?

Назарбаев Университетінің ғалымдары елордада тұрмыстық қатты қалдықтардың (ТҚҚ) 30%-ын қайта өңдеуге және 10%-ын қаланың энергетикалық қажеттіліктері үшін отын ретінде қолдануға болатындығын анықтады. Зерттеу тобы мұндай деректерді Астанадағы ТҚҚ полигонының тұрмыстық қатты қалдықтарынан энергетикалық отын алу мүмкіндігін іздеу барысында алды.

«Біздің күнделікті шығаратын ТҚҚ-ны жартылай кәдеге жарату және оны қаланың коммуналдық қажеттіліктеріне қолдану жолдарын көру – бұл жобаның негізгі идеясы. Егер нақтырақ айтатын болсақ, бұны жылу беру маусымы кезінде жылу энергиясын өндіру үшін пайдалануға болатынын көрсеткіміз келеді» , – деді жоба жетекшісі, PhD Ербол Сарбасов.

Эксперименттік процесс барысында жану параметрлерін зерттеу үшін өңделген отынның үлгілері жалған сұйықталған қабат қондырғысында көмірмен және көмірсіз жағылды.

Құрамында National Laboratory Astana жасыл энергетика және қоршаған ортаны қорғау зертханасы мен Инженерия мектебі қызметкерлері бар Назарбаев Университетінің зерттеу тобы ТҚҚ-ның құрғақ жанғыш қалдықтарын екі түрлі тәсілмен кәдеге жаратуға болатындығы туралы қорытынды жасады. Олар – синтетикалық газды алу үшін пиролиз тәсілі арқылы немесе қайнау қабаты бар оттықта бірге жағу арқылы кәдеге жарату. Екінші әдіс Астана қаласының шағын аудандық қазандықтарында қолдану үшін тиімдірек болады.

Ғалымдар қоқыстың құрамы шығарылатын аймағына байланысты өзгеріп отыратынын байқады. Олар Астана қаласындағы ТҚҚ-ны жою қаланың экологиялық жағдайына оң әсерін тигізетіндігіне, сондай-ақ ТҚҚ-ны көмуге арналған санитарлық полигондардың қызмет мерзімін ұзартуға көмектесетініне оптимистік көзқараспен қарайды.

НУ физик-ғалымы ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы Қорының сыйлығын алды

“Электр энергетикалық жүйені көп деңгейлі моделдеу” тақырыбы бойынша ғылым мен техника саласындағы үздік зерттеулері мен жетістіктері үшін Назарбаев Университетінің ғалым-физигі Нұрхат Жәкиев, “ҚР 100 жаңа есім” байқауының жеңімпазы ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы Қорының сыйлығына ие болды.

Ғылыми-зерттеу жобасы аясында ҚР БҒМ қолдауымен ғалымдар командасы Қазақстан Республикасының электр энергетикалық жүйесінің компьютерлік моделін әзірледі, онда аралас-бүтін санды желілік бағдарламалау әдістері жақсарды. Өңдеу электр станциялары бойынша жүктемені оңтайлы бөлуді есептеу процесін жылдамдатуға және жүйенің энергия тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді.

– Ұлыбританияның Корольдік Инженерлік Академиясының гранттық қаражаты есебінен біз Қарағанды ЖЭО-ның компьютерлік үлгісін әзірледік және өндірістік-техникалық бөлім жұмысына енгіздік. ЖЭО – ның әзірленген моделі агрегаттар бойынша жүктемені бөлуді оңтайландыру және жөндеу жұмыстарын оңтайлы жоспарлау есебінен ЖЭО-ның жылдық энергия тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді, – деп әңгімелейді Назарбаев Университетінің ғылыми қызметкері, физикадан PhD Нұрхат Жәкиев.

Осы жобаның басында Назарбаев Университеті Инженерия мектебінің ғалымдары мен тағылымдамадан өтуші студенттер командасы Қарағанды ЖЭО-ның түрлі цехтарын аралады: турбиналық, қазандық, су дайындау, химиялық, отын-көлік-күл шығару және т.б. Инженерия мектебі студенттерінің айтуынша, олар өндірістің өзін енгізуге дейін өндірісте тәжірибеден өтуге бірегей мүмкіндік алды.

Жүргізілген зерттеулердің нәтижелері Астанада өтетін ЭКСПО-2017 халықаралық көрмесінде интерактивті жүйе түрінде көрсетілді және жоғары рейтингтік журналдарда жарияланды: “Energy Procedia”, “The Energy” (Impact Factor: 4.52) және”Energy Conversion and Management” (Impact Factor:5.59). Сонымен қатар, авторлар командасы әзірленген бағдарламаларға 3 авторлық куәлік алды.

Студенттік клубтар: Volunteers Club

БЮЛЛЕТЕНЬ ЦКП

Құрметті НУ Қауымдастығы және серіктестер!

НУ Мансап және кәсіптік бағдарлау орталығы назарыңызға
Бюллетеньнің ақпан айы басылымын
ұсынуға қуанышты!

Оқуыңыз көңілді болсын!