“Exploring the Energetic Universe 2019” Екінші халықаралық конференциясы ашылды

Бүгін Назарбаев Университетінде “Exploring the Energetic Universe 2019″екінші халықаралық конференциясы ашылды. Халықаралық ғылыми-техникалық орталықтың қолдауымен Назарбаев Университетінің (НУ) энергетикалық зертханасы бастамашылары мен ұйымдастырушылары болды. Конференцияға АҚШ, Италия, Норвегия, Ұлыбритания, Корея, Қазақстан, Үндістан, Жапония, Өзбекстан және Ресей ғалымдары қатысуда. Конференцияның бағдарламалық комитетінің төрағасы – зертхананың негізін қалаушы және ғылыми жетекшісі, Нобель сыйлығының лауреаты Джордж Смут (George F. Smoot).

Конференция астрофизика мен космологияның іргелі мәселелерін талқылаудан басталды. Ұйымдастырушылар технологиялардың дамуымен, кванттық детекторларды (оның ішінде аса төмен температура жағдайында), информатика және есептеу математикасы негізінде ғарыштан сигналдарды тіркеу мен диагностиканың жаңа құралдарын әзірлеуді қоса алғанда, соңғы жылдары ғарышта жаңалықтар ашу ағыны бұның алдындағы онжылдықтардың рекордтарынан асып түскендігін атап көрсетті. Бұған жер маңындағы ғарыш кеңістігін жедел игеру өз ықпалын тигізіп отыр.

“Соңғы уақытта астрофизикада көптеген қызықты жаңалықтар ашылуда. Бұл гравитациялық толқындар туралы жаңа деректер. Күні кеше ғана әлем адамзат тарихында алғаш рет қара құрдымның фотографиялық бейнесін алды. Қазақстанның да ғарыш зерттеулерін дамытуға өз үлесін қосып отырғаны қандай тамаша. Назарбаев Университетінде Беркли зертханасымен (АҚШ), Франция және Гонконгтың зерттеу орталықтарымен тығыз халықаралық ынтымақтастық орнатуға қол жеткіздік. Біздің зертханамыздың міндеті – қазақстандық жастарды осы зерттеулерге белсенді тарту”, – деп атап көрсетті НУ Энергетикалық ғарыш зертханасының жетекшісі доктор Джордж Смут.

“Ғарыш ғылымы Қазақстан үшін перспективалы инновациялық бағыттардың бірі болып табылады. Сондай-ақ біздің орталық осы салада білім мен тәжірибе алмасу мүмкіндігі ретінде аталған конференцияны өткізуді қолдады”,- деп атап көрсетті Халықаралық ғылыми-техникалық орталықтың атқарушы директоры Дэвид Клив.

Конференция космология және астрофизика саласындағы мамандардың өзара іс-қимылына, университеттер мен Қазақстан және ТМД елдерінің ғылыми орталықтары арасындағы ынтымақтастықтың қазіргі бағыттарын нығайтуға және жаңа бағыттарын дамытуға арналған өзіндік диалог алаңы болып табылады.

Энергетикалық ғарыш зертханасы туралы:

Энергетикалық ғарыш зертханасы 2016 жылы Назарбаев Университетінде профессор Джордж Смуттың басшылығымен ғылыми халықаралық орталық ретінде құрылды. Зертхананың негізгі бағдарламалары MKIDS детекторлар мен басқа да криогендік датчиктерді, жылдам жарқылдарды зерттеуге арналған криогендік қондырғыны; гамма-жарқылдарды және басқа да өтпелі процестерді өлшеуге арналған көпдиапазонды оптикалық телескоп бойынша эксперименттерді; асқын жылдам астрономиялық аспаптарды, сондай-ақ космология теориясын және деректерді талдауды қамтиды.


Назарбаев Университетіндегі оқушыларға арналған жазғы ғылыми-зерттеу бағдарламасы

16 маусымда академиялық мәселелер жөніндегі вице-прост Лоретта О ‘ Доннелдің, декандардың, сондай-ақ мектептердің оқытушы-профессорлар құрамының қатысуымен ҚР Назарбаев Зияткерлік мектептерінің 10-11 сыныптарының қырық оқушысы үшін жазғы ғылыми-зерттеу бағдарламасының ашылу рәсімі өтті. Арнайы қонақ – Назарбаев Зияткерлік мектептерінің даму департаментінің директоры Жұлдыз Сүлейменова қатысушыларға университет қабырғасында уақытты жемісті әрі қызықты өткізуге тілек білдірді.

Екі апталық бағдарлама дарынды оқушыларды тартуға, жоғары және орта білім беру сабақтастығын қолдауға, сондай-ақ STEM-білім беруді ілгерілетуге бағытталған. Оқушылар үшін Медицина мектебі, Инженерия мектебі, Ғылым және технология мектебі, Тау-кен ісі және жер туралы ғылымдар мектебі және Әлеуметтік және гуманитарлық ғылымдар мектебі жобаларының тұсаукесерлері ұйымдастырылатын болады. Сонымен қатар, қатысушылар академиялық ағылшын тілі сабақтарына қатысады.

Өткен жылы Назарбаев Университеті Қазақстанның әр өңірлерінен Назарбаев Зияткерлік мектептерінің 200 оқушы үшін осындай бағдарламаны ұйымдастырды.


HPAIR Asia 2019. Осы жазда өткізіп алуға болмайтын тарихи оқиға

Осы жазда 16-20 тамыз аралығында Қазақстанның астанасында өтетін Азия және халықаралық қатынастар бойынша Гарвард жобасының Азиялық конференциясына (Harvard College Project for Asian and International Relations Asia Conference 2019) 500-ден астам адам қатысады. Конференцияны ұйымдастыру комитетінің ақпараты бойынша, қатысушылар алдында 70-тен астам халықаралық және өңірлік спикерлер сөз алады Іс-шараны ұйымдастырушылар – Назарбаев Университетінің студенттері.

«HPAIR студент-көшбасшылары білімді практикада алу үшін мүмкіндіктер жасаудың Гарвард дәстүрін жалғастыруда. Бұл мені қоса алғанда, студенттер ұрпағы пайдаланған HPAIR тәжірибесінің ерекше сипаты. Мен 1996 жылы Сеулдегі HPAIR конференциясында Кембридж университетінің делегаты болдым, одан кейін 1999 жылы студент-докторант болған кезімде Гонконгтағы HPAIR конференциясы семинарының жетекшісі болып жұмыс істедім», – деп әңгімеледі доктор Джон Парк, Корей жұмыс тобының директоры және Гарвард университеті Кеннеди мектебінің оқытушысы, HPAIR кеңесшісі (АҚШ).

“HPAIR конференциясы маған Азиядағы геосаяси мәселелерді, әлеуметтік-экономикалық мәселелерді және кәсіпкерлік экожүйені түсінуге мүмкіндік берді. Конференцияларда керемет спикерлер мен панельдік сессиялар, сондай-ақ тамаша мәдени іс-шаралар болды. Asia Conference 2018 мен қатысқан алғашқы халықаралық іс-шара болды. Бұл менің бүгін кім болғанымды шынайы айқындауға көмектескен сыртқы әлемге серпіліс болған еді. Мен үшін конференцияға қатысу кәсіпкерлік пен Тұрақты даму туралы қосымша білім берді, бұл мені екі стартапқа қатысуға және менталдық денсаулық саласындағы менің зерттеу жұмысымды жалғастыруға әкелді”, – дейді Hpair Harvard College Conference 2019 делегаты, “Aida” (Үндістан) компаниясының кәсіпкері және тең құрылтайшысы Дравиша Катох.

Бұған дейін хабарланғандай, HPAIR Asia Conference 2019 конференциясы Еуразия өңірінде алғаш рет өткізіліп отыр. Назарбаев Университетінің студенттері Сингапур, Жапония, Қытай, Тайвань және Үндістан ЖОО-ларымен бәсекелестікте конференция өткізу құқығын жеңіп алды. Конференция Қазақстандағы Жастар жылында өтетін болып отыр.


XVI АЗИЯЛЫҚ ЛОГИКАЛЫҚ КОНФЕРЕНЦИЯ

XVI Азиялық логикалық конференция Назарбаев Университетінде 2019 жылы 17-21 маусымда өтті. Конференцияда математикалық логика және оның қосымшалары, информатика және философиялық логикадағы логика саласындағы соңғы ғылыми әзірлемелер ұсынылды.

“Осындай деңгейдегі математикалық логига тақырыбы конференциясы Қазақстанда бірінші рет өтіп жатыр”, – дейді Манат Мұстафа, Ғылым және технологиялар мектебінің математика кафедрасының ассистент-профессоры. Атауына қарамастан, конференция барлық континенттердің қатысушылары үшін ашық. Атап айтқанда, биыл іс-шараға Қазақстан, АҚШ, Ұлыбритания, Жапония, Корея, Канада, Қытай мен Үндістанды қоса алғанда, әлемнің 30 елінен 100-ден астам математик қатысты.

Азиялық логикалық конференция әр екі жыл сайын Азия елдерінің бірінде өткізіледі. Алдыңғы конференция 2017 жылы Тэджонда (Корея) өтті


V Халықаралық Азия тілдері мен әдебиеті симпозиумы Назарбаев Университетінде

2019 жылдың 20-22 маусымында Назарбаев университеті Гуманитарлық және әлеуметтік ғылымдар мектебінің қазақ тілі мен түркітану кафедрасы, Эрджиес Университеті (Түркия) және Ахмет Яссауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетімен бірлесе (Қазақстан, Түркістан) 5-ші Халықаралық Азиялық тілдері мен әдебиеті бойынша «Мәдениеттер тоғысында» атты халықаралық симпозиумды ұйымдастырды. Симпозиум ғылыми қызметкерлердің басын қосуға және ғалымдар арасында Азиялық тілдерді зерттеуге байланысты идеялар ағынын кеңейтуге бағытталған.

Симпозиумда 3 басты спикерлер Wen-chin Ouyang (Ұлыбританияның SOAS University of London), Анна Олдфилд (Coastal Carolina University, АҚШ) және Кудеринова Куралай (Ұлттық ғылым академиясының тіл білімі институты, Қазақстан) ғылыми жұмыстарын баяндады:

Wen-Chin Ouyang «Кофе, кофехана және империя: Әлемдік әдебиет Жібек жолы»
Анна Олдфилд «Құтқарушы ретінде аударма: Утопияны ағылшын тілінде іздеу – түрік аудармасы»
Құралай Кудеринова «Қазақ тілі: өткен, бүгінгі және келешегі».

Симпозиумда 40 шақты мақалалар қазақ, ағылшын және түрік тілдерінде баяндалды.

Конференция Эрджиес Университетінің (Түркия), Ахмет Яссауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің (Қазақстан, Түркістан) және Назарбаев Университетінің қазақ тілі мен түркітану кафедрасының күшімен табысты өткізілді.

Awesome features
Anim pariatur cliche reprehenderit, enim eiusmod high life accusamus terry richardson ad squid. 3 wolf moon officia aute, non cupidatat skateboard dolor brunch. Food truck quinoa nesciunt laborum eiusmod.
Modern and creative design
Anim pariatur cliche reprehenderit, enim eiusmod high life accusamus terry richardson ad squid. 3 wolf moon officia aute, non cupidatat skateboard dolor brunch. Food truck quinoa nesciunt laborum eiusmod.
Regular updates
Anim pariatur cliche reprehenderit, enim eiusmod high life accusamus terry richardson ad squid. 3 wolf moon officia aute, non cupidatat skateboard dolor brunch. Food truck quinoa nesciunt laborum eiusmod.
24/7 professional support
Anim pariatur cliche reprehenderit, enim eiusmod high life accusamus terry richardson ad squid. 3 wolf moon officia aute, non cupidatat skateboard dolor brunch. Food truck quinoa nesciunt laborum eiusmod.

Азия Университеттері Альянсы шеңберінде өткен «21-ші ғасырда тиімді басқару және оның қиындықтары» тақырыбындағы студенттердің сайысы

2019 жылдың 17-21 маусымында Назарбаев Университетінде (НУ) Азия университеттері альянсына мүше (AUA) жоғары оқу орындары студенттерінің арасында AUA студенттер сайысы болды. Биылғы конкурстың тақырыбы «21 ғасырдағы тиімді басқару және оның қиындықтары».

Гонконг Ғылым және Технология Университетінен, Бомбейдің Үнді технологиялық институтынан, Ұлттық Сингапур Университетінен, Сеул Ұлттық Университетінен және НУ-дан 20 бакалавриат және жоғары оқу орнынан кейінгі бағдарламалардың студенттері сайысқа түсті.

– Конкурстың мақсаты қатысушыларға өз командасы мен кең аудиториядағы келіссөздерде және қарым-қатынаста өздерінің дағдыларын жетілдіруге көмектесу және шектеулі уақыт ішінде саяси мәселелерге ең тиімді шешім әзірлеу үшін, сондай-ақ команда мүшелерінің күшті жақтарын пайдалана білуге көмектесу болып табылады. Студенттер жобаларының сапасын жақсарту үшін Жоғары мемлекеттік саясат мектебінің (ЖМСМ) профессорлары мүдделі тараптармен талдау, басқарудағы инновациялар, стратегиялық ойлау және коммуникациялық стратегиялар туралы арнайы лекциялар өткізді, – деп түсіндірді д-р Вэнг Тат Хуэй, ЖМСМ деканы.

HKUST және SNU командалары тиісінше бакалавриат және жоғары оқу орнынан кейінгі бағдарламалар санаттары бойынша жеңімпаздар болып атанды. Гонконг университетінің HKUST «Orange» командасы Орталық Азиядағы трансшекаралық су ресурстарын тиімді басқару тақырыбын ұсынды. SNU командасы «R4R» мемлекеттік және азаматтық қоғамның бірлескен іс-қимылы арқылы қабылдаушы елдердегі босқындар мәселелерін шешу үшін тиімді басқару шараларын талдап қатысушыларға ұсынды.

Айта кететін жай, өткен жылы НУ «AUA Asia Deep Dive» мәдени бағдарлама аясында келесі университеттердің студенттерің жиналған болатын Чулалонгкорн Университеті, Гонконг Ғылым және Технология Университеті, Бомбейдің Үнді технологиялық институты, Сауд патша Университеті, Ұлттық Сингапур Университеті, Назарбаев Университеті, Пекин Университеті, Сеул Ұлттық Университеті, Цинхуа Университеті, Коломбо Университеті, Малайзия Университеті, Токио Университеті және Янгон Университеті.

AUА туралы анықтамалық ақпарат: 2017 жылы бүкіл Азия елдері өкілдерінің 15 жетекші университеті бірлесіп Азия университеттерінің альянсын (AUА) құрды. Альянстың миссиясы өзара ынтымақтастықты нығайту жолымен өңірлік және жаһандық, оның ішінде, жоғары білім берумен және экономикамен, ғылыми-техникалық дамумен байланысты проблемаларды бірлесіп шешу болып табылады.


Болашақ инженерлерге арналған Schools Challenge

Назарбаев Университеті “Nazarbayev Fund Schools Challenge” республикалық байқауының бірлескен ұйымдастырушысының бірі болды. Инженерлік-техникалық байқау Қазақстан оқушылары арасында өтті.

Биыл өңірлік тур барысында 100 шақты үздік командадан (500 қатысушы) 17 финалист-команда (85 қатысушы) іріктелді. Олар ақтық іріктеуге қатысу құқығына ие болды және қазылар алқасы мүшелеріне өз жобаларын ұсынды. Жюри мүшелерінің құрамында ABC Incubation (NURIS) бағдарламасының жетекшісі Анарбек Утегулов бар. 2019 жылдың тамыз айында жеңімпаз-команда, сондай-ақ финалға шыққан командалардың әр қайсысынан екі оқушы Аэроғарыштық жобалау және “жасыл” технологияларды дамыту саласындағы әлемнің жетекші жоғары оқу орындарының бірі – Крэнфилд университетіне (Ұлыбритания) оқу – танымдық сапарға аттанады.

 

НУ ұйымдастырған мектеп оқушыларына арналған жазғы ғылыми-зерттеу бағдарламасының аяқталуы

2019 жылдың 28 маусымында Назарбаев Университеті ұйымдастырған Назарбаев Зияткерлік Мектептерінің оқушыларына арналған жазғы ғылыми-зерттеу бағдарламасы аяқталды. Студенттік істер және ынтымақтастық жөніндегі Вице-президент Қадиша Нұрділдәқызы Даирова, Гуманитарлық және әлеуметтік ғылымдар мектебінің деканы Дэниэл Пью оқушыларды бағдарламаны табысты аяқтауымен құттықтап, оларға одан әрі оқуда табыс тіледі.

Екі апталық бағдарламаға қатысушылар Назарбаев Университеті келесі мектептерінің жұмысымен және оқытушыларымен танысты: Медицина мектебі, Инженерия мектебі, Ғылым және технологиялар мектебі, Тау-кен ісі және Жер туралы ғылымдар мектебі, Гуманитарлық және әлеуметтік ғылымдар мектебі. Инженерия мектебінде оқушылар «Arduino» графикалық пайдаланушы интерфейсімен танысты және 3D өлшемді басып шығаруға арналған қатты модельдер әзірледі. Ғылым және технологиялар мектебінде химия, биология, физика және робототехникасы сияқты іргелі пәндер бойынша ғылыми жобалар ұсынылды.

Тау-кен ісі және Жер туралы ғылымдар мектебінде қатысушыларға геологиялық барлау және тау-кен жұмыстарының тәсілдерімен таныстыру үшін Төртқұдық кен орнының геологиясы ұсынылды. Бағдарлама барысында қатысушылар Медицина мектебіндегі симуляция орталығында болып, онда реанимациялық манекеннің көмегімен жүрек тоқтаған жағдайда және тұншығу кезінде жәрдем көрсету үшін қажетті практикалық дағдылар алды. Бұған қоса,бағдарламаға қатысушылар Гуманитарлық және әлеуметтік ғылымдар мектебінде қытай тілінің жедел курсын өтті.

Жазғы бағдарламаның екінші аптасында өткізілген академиялық ағылшын тілі курсының соңында оқушылар жаһандану, қоршаған орта, жаңа технологиялардың ұсынылған тақырыптары бойынша жеке академиялық эсселерін таныстырды. Академиялық эссенің мақсаты – зерделенген дағдыларды практикада қолдану және өз жұмысының негізгі идеяларын көрсету. Оқушылар ағылшын тілінің және таныстырылым дағдыларының жоғары деңгейін көрсетті.

Академиялық бағдарламадан басқа түрлі іс-шаралар өткізілді: спорт, кинотеатр, кездесулер, мәдени алмасу кеші, орыс тілінде өткізілген зияткерлік ойындар, университет түлектерімен сессия және тағы басқалар.

Бағдарламаның ұйымдастырушысы Үздіксіз білім беру департаменті Университет Түлектері Ассоциациясына және Ассоциациясының басшысы Арман Қоңқабайға, Назарбаев Университетінің Toastmasters Club студенттер клубына, iGEM студенттер командасына, Университеттің волонтерлеріне және шақыртылған тағылымгер Америкадан келген Висконсин Бизнес мектебінің түлегі Джереми Свонсэнге белсенді қатысқаны және бағдарламаны жүргізуге көмек көрсеткені үшін алғысын білдіреді.


Назарбаев Университетіндегі IQanat республикалық олимпиадасы

Назарбаев Университетінде IQanat республикалық олимпиадасының ресми ашылу рәсімі өтті, оған ауыл мектептерінен тоғызыншы сыныптың 712 оқушысы қатысты. Бұл іс-шараның ұйымдастырушысы IQanat Foundation ауыл мектептерінің оқушыларын ұлттық және шетелдік жоғары оқу орындарына оқуға түсу кезінде тең дәрежеде қол жеткізуге қолдау көрсету мен ынталандыру мақсатында жүргізді. 2019 жылдан бастап IQanat бағдарламасы еліміздің 162 ауылдық ауданын, 30 000-нан астам ауыл мектептерінің оқушыларын қамтыды және олардың 712-сі финалға шықты.

9-сынып оқушылары ағылшын тілі, математика, физика пәндері және эссе жазу бойынша республикалық олимпиадаға қатысты. Бір апта бойы оқушылар үшін үйлесімді дамыған тұлғаны қалыптастыруда маңызды болып табылатын soft skills тренингтер сериясының ұйымдастырылатынын атап өту жөн. Олимпиада соңында республикалық ЖОО-да білім алу үшін жеңімпаздарға грант беріледі.

Назарбаев Университеті IQanat Foundation-мен бірге ынтымақтастықтың аясында екі жыл бойы IQanat республикалық олимпиадасын өткізуге көмек көрсетуде.


Шығыс философиясының кеңістігі – НУ кампусында

Назарбаев Университетінің мәдени орталығы өткен жылдың шілде айында ашылған болатын. Содан бері орталық барлық қонақтарды жыл бойы қарсы алуда. Біз ЧУ “USM” әкімшілік кешенін басқару жөніндегі қызмет менеджері Рауан Кишкеевті әңгімеге тартқан едік.

– Орталық 200 шаршы метрге жуық аумақта орналасқан және оған тікелей Жапон бағы, сондай-ақ жапсарлас шыны павильоны кіреді. Жапондық тастар бағы-бұл өзінің философиялық мәні мен қасиетті күші бар орын. Жапонияда тастардың әрқашан ерекше күші бар деген сенім болғаны белгілі. Ежелден тастар және қойтастардың жиналуы құдайлар белгілеген қасиетті орын болып саналған. Мұндай жерлерде адамдар салт-дәстүрлер жоралғысын атқарып, мінәжат етіп, медитация жасаған. Бақшаның тастары арнайы Жапониядан әкелінген.

Бұл біздің бақша – Жапонияның Киото қаласында орналасқан бақшаның, оны көмкерген тастар мен суреттер желілері де дәл көшірмесі. Қызықты факт: егер сіз баққа оның кез-келген нүктесінен қарайтын болсаңыз, онда сіз бір уақытта 14 тасты ғана көре аласыз – он бесінші әрдайым тасада болады. Барлық тастарды бір мезгілде тазарудың белгілі бір дәрежесіне жеткен адам ғана көре алады деп саналады. Менің білуімше, әзірге бұған біздің келушілеріміздің әлі қол жеткізгені жоқ (күледі).

Өздеріңізге белгілі, университеттің бас жоспарының эскиздік жобасын әзірлеуші белгілі жапондық сәулетші Кисе Курокава болды. Сол кезде, құрылыстың ойға алған бастапқы кезеңінде унивеститет аумағында жапондық тастар бағын орналастыру идеясы ұсынылды. Идея оқу мен білімге ұмтылу, сондай-ақ өзін тану мен әлемге философиялық көзқарас арасындағы тепе-теңдікті көрсету үшін ұсынылған болатын. Осындай қажеттілік әрқашан, барлық халықтарда және барлық уақытта бар ғой деп ойлаймын.

– Қонақтар орталыққа көп келе ме?

– Бүгін біздің орталық тек студенттер үшін ғана емес, басқалардың да сүйікті демалыс орындарының біріне айналды. Мұнда күн сайын, тәуліктің белгілі бір уақытында жиі келушілер бар. Бұл жерде балаларымен бақшада серуендейтін аналар жиі кездеседі, олардың айтуынша, бақшада дем алу балаларды тыныштандырады, олардың ұзақ және алаңсыз ұйқысына ықпал етеді. Оқудан бос уақытта келіп, бақшада қыдыратын студенттер бар, сондай-ақ мұнда ата-аналарын, басқа да қонақтарын алып келеді.

Бұдан басқа, біздің студенттер бұл жерде өз іс-шараларын өткізеді. Орталық аумағында іс-шараны ұйымдастыру үшін біздің қызметімізге сұраныс беріп, ғимаратқа рұқсат алуға болады. Бізге Жапония елшілігінің өкілдері де хат жолдады, олар осында өз іс-шаралары мен фотосессияларын өткізді.

– Бақты қалай күтіп ұстайсыздар?

– Келушілерді қуанту үшін кез келген орын таза және ұқыпты болуы тиіс деп ойлаймын. Тастар бағына да күтім керек. Қысқы уақытта біз бақшаны қардан қорғау үшін арнайы брезентпен тастарды жабамыз. Бақша ашық аспан астында болғандықтан, әдетте шаң басады, желден құм суреті және т. б. бұзылуы мүмкін. Сондықтан мен үнемі тастардың айналасында құм жамылғысын тегістеймін және толқындарды бейнелейтін белгілі бір сурет бедерін саламын. Осы мақсаттар үшін біз жапон эскизі бойынша тырма дайындадық. Бұл ретте топтарда тастардың нақты орналасуы мен композициясын және малта тастардағы өзгермейтін суретті сақтау өте маңызды, себебі олар буддизмнің философиялық тұжырымдамасына байланысты белгілі бір ережелер бойынша жасалған. Біздің қызметкерлеріміздің бақшаға күтім жасау ережелерімен Жапониядан арнайы келген және оның дизайнымен айналысқан адам таныстырды.

 Өкінішке орай, бақшаның барлық келушілері осы мәдени нысанның өзін, сондай-ақ оны күтетіндердің еңбегін құрметтеуге дайын емес. Бізде бақшада болу ережелері, бақшаға кіре берісте орналастырылғанына қарамастан ақ мәрмәр сынықтарын бүлдіретін келушілер болады, суретті өшіреді, тастарға отырады, оларды қозғап жылжытады. Бұл жерде жүретін арнайы жолдардың, олар бойынша келушілер өте алатынынына жәну бүкіл бақшадағы тастардың композицияларын көре алатынына қарамастан өздерін тым еркін ұстайтындар кездеседі . Осы мүмкіндікті пайдаланып қатысушыларды бақшанға барынша құрмет танытуға шақырамын.Өйткені оның философиясында табиғатқа, ойланып-толғануға және оңаша сырласуға деген сүйіспеншілік жатыр. Менімен келісесіздер деп деп ойлаймын, осы философияны бүлдірмей, оны аңғарып, түсіне біліп, таңдану керек. Баршаңызды біздің орталыққа қонаққа шақырамын.


Ғылымдағы сұлулық осы

Назарбаев Университетінде “Beauty of Science” атты жіп фотокөрмесі ашылды. Университет атриумында жас ғалымдар – Инженерия мектебінің түлегі, доктор Вадим Япиев пен Инженерия мектебінің PhD-студенті Шолпан Кауанованың фотожұмыстары ұсынылған.

Көрме идеясы авторлардың өздерінің ғылыми диссертацияларымен жұмыс істеген кезінде пайда болды. Вадим Япиевтің ғылыми жұмысы Бурабайдың қоршаған ортасын зерттеумен байланысты – барлық суреттер осы аймаққа сапар кезінде жасалған. Шолпан Кауанованың зерттеуі микроскопиялық әдістерді қолданумен тығыз байланысты – нысандардың суреттерін ол Назарбаев Университетінің ғылыми зертханасынан алды.

“Үлкен Шабақты фотосуреті 2013 жылдың көктемінде Көкшетау қаласының шыңынан жасалды. Көрмеге Шортанды (Щучье) көлінің энергетикалық және су балансын өлшеу үшін шағынқұйынды турбулентті тербеліс (Eddy Covariance Method) әдісі қолданылатын микрометеорологиялық станцияның суреті де ұсынылған. Станция 2016 жылы шағын аралда орнатылған. Менің ойымша, біздің көрменің мәні мен құндылығы ғылым мен өнер, әлем мен табиғатты эмпирикалық және эстетикалық қабылдау арасындағы байланыстар болып табылады”, – деп атап өтті доктор Вадим Япиев.

Фотокөрме бір айға созылады және университеттің барлық қонақтары үшін қолжетімді болады.


Alma mater: болашақ бүгіннен басталады

Біздің сұхбаттасымыз – Екатерина Хамзина, “Медицина докторы/MD” дәрежесі бар Медицина мектебінің түлегі. Екатерина өзінің Медицина мектебінде оқыған тәжірибесі мен болашақ дәрігерлік мансабы туралы әңгімелейді.


Кәрілік деменциясына қарсы күресте ұялы телефондарды пайдалану

Назарбаев Университетінде ұялы телефондарды кәрілік деменциясын емдеу үшін пайдалану мүмкіндіктері зерттелуде. Ғалымдар Альцгеймер ауруын (АА) емдеу үшін 918 МГц жиіліктегі электромагниттік өрісті қолдану мүмкіндігін зерттей бастады. 918 МГц жиілігін таңдау кездейсоқ емес, себебі бұл жиілік кәдімгі ұялы телефондарда пайдаланылады.

АА- жас ұлғайған сайын ақыл-естің кемуінің кең тараған түрі, әдетте, жадының жоғалуымен, мінез – құлықтың драмалық өзгерістерімен, ал соңғы сатыларда қалыпты күнделікті тіршілікті жүзеге асыру мүмкін еместігімен сипатталады. Ғалымдардың пікірінше, аурудың даму себебі мидың тіндерінде бета-амилоид (Aβ42) уытты пептидінің жинақталуы болып табылады, бұл тотығу стресіне, нейроқабынуға, митохондриальды дисфункцияға және ақырында – жүйке жасушаларының өлуіне әкеледі.

Назарбаев Университетінің National Laboratory Astana ғалымдарының зерттеулері (сайтқа сілтеме) 918 МГц жиіліктегі электромагниттік өріс бета-амилоид тудырған ми жасушаларында тотығу стресін бұғаттайтын механизмді көрсетеді.

– Біз АҚШ ғалымдары зерттеулерінің нәтижелерін зерделедік, олар электромагниттік сәуленің дәл осындай параметрлерімен, бірақ сәулеленудің 6 ай ұзақтығымен эксперимент жүргізген екен. Біздің тәжірибемізде біз адам мен егеуқұйрықтардың астроциттердің (жасуша-модельдер) екпелерін және сәулеленудің 60 минуттық қысқа кезеңін пайдаландық. 24 сағатқа дейінгі кезеңде 918 МГц жиіліктегі электромагниттік өрісте жасушаларды сәулелендіру кезінде алынған зерттеулеріміздің нәтижелері электромагниттік өрістің тотығу стресін басу қабілетін растады, бұл терапиялық әсерді көрсетеді, – дейді “National Laboratory Astana” ЖМ Биоинженерия және регенеративті медицина зертханасының ғылыми қызметкері Андрей Цой. Осылайша, 918 МГц жиіліктегі электромагниттік өрісті сәулелендіру АА науқастарын емдеуде қолданылуы мүмкін. Алынған мәліметтерді ескере отырып Назарбаев Университетінің ғалымдары осы бағыттағы зерттеулерді жалғастыруды жоспарлап отыр.

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін біз Альцгеймер ауруының дамуындағы адамның ішек микрофлорасының рөлін зерттеу туралы айтқан болатынбыз. Зерттеу аясында АА шалдыққан және шалдықпаған егде жастағы адамдардың ішек флорасының үлгілерін салыстыру үшін жиналған болатын.


Назарбаев Университетінің студенттері self-made өздігінен сырғанайтын электрлі құрал жобасымен Барселонадағы халықаралық жарыста жеңіске жетті.

Castelloli Smart Scooter Challenge жарысы Parkmotorde Castelloli жарыс алаңы орналасқан, Испанияның көрікті аймақтарының бірі – Castelloli қалашығының жанында бір апта бойы өтті. Инженерия және цифрлық ғылым мектебінің екінші курс студенттері Ерсұлтан Баймұхан мен Мақсат Ануарбек, Ғылым және технология мектебінің түлегі – Сұлтанмурат Елеу және Жаратылыстану, әлеуметтік және гуманитарлық ғылымдар мектебінің екінші курс студенті Ақмарал Қалманбаева құраған NU TEAM Назарбаев Университетінің командасы self-made өздігінен сырғанайтын электрлі құрал (Smart Scooter) жобасымен қатысты. NU TEAM төрт айдан аса уақыт бойы Назарбаев Университеті Инновациялық кластерінің базасында жұмыс аты SteelG деп аталатын прототипті әзірледі және тестілеуден өткізді.

Өздігінен сырғанайтын электрлі құралдың прототипінің техникалық сипаттамасы ірі әлемдік өндірушілердің аналогтарына сәйкес келеді, мобильді конструкциясы оны жинау мүмкін болатындай етіп жобаланған, SmartApp – қосымшасы жылдамдығы мен батареяның қуатын бақылауға мүмкіншілік береді және моторды іске қосуға арналған электронды кілт қызметін атқарады, бұл айдап әкету тәуекелін елеулі төмендетеді. 

Назарбаев Университетінің зерттемесі нөсер жауын жағдайында ылғалдан қорғауды, тежеу жүйесін, ұшқыштың қауіпсіздігін, габариттік сипаттамаларын тексеру сияқты статикалық сынақтардың барлығынан сәтті өтті. Одан кейін команда динамикалық сынақтарға жіберілді. Мобильді қосымшаны әзірлеуші, әрі ұшқыш -Сұлтанмұрат университеттегі жасанды алаңда, ал содан кейін жарыс өтетін күннің алдында алаңда жаттықты, бұл оған жарыста табысқа жетуге мүмкіншілік берді.

Castelloli Smart Scooter Challenge-де қатысушылар тек өздерінің инженерлік зерттемелерін ұсынып қана қоймай, бизнес-жоспарларымен де таныстырды. Ақмарал Қазақстан нарығына егжей-тегжейлі талдау жүргізді және төрешілер алқасының бағалауы бойынша NU TEAM бизнес-жоспары барынша пысықталған және жүзеге асыруға жақын болып шықты.

Іріктеу кезеңінде Castelloli Smart Scooter Challenge талаптарын командалардың барлығы бірдей орындай алмағандығын және финалға шыға алмағандығын айта кету керек. Барлық сынақ (статика, динамика, бизнес-жоспар, дизайн, финалдық инженерлік-конструкторлық есеп) қорытындылары бойынша NU TEAM өздігінен сырғанайтын электрлі құралы Smart Scooter санатында жарыстың барлық номинацияларында жеңіске жетті.

Команда жақын болашақта жобаны коммерцияландыруды және Назарбаев Университеті Инновациялық кластері бизнес-инкубаторының жоғары технологиялы стартаптарды ерте кезеңде қолдау жөніндегі төрт айлық бағдарламасына қатысуды жоспарлап отыр. Балалар коворкингте кеңселік кеңістік алады, тәжірибелі менторларға қолжетімділікке ие болады, бұдан кейінгі зерттемелер үшін техникалық қолдауға қол жеткізеді және бизнестік білім негіздерін меңгереді.


Біздің жасыл кампус

Назарбаев Университеті ашылған сәттен бастап жасыл технологияларды дамытуға бағыт алды. Университет қоршаған ортаға ұқыпты қарау мәдениетін дамытып, экология тақырыбын ілгерілетуде. Біздің сұхбаттасушымыз – Green Campus және қоршаған ортаны дамыту офисінің жетекшісі Гүлжан Ермекова, ол бізге офистің ағымдағы жобалары және жуырда Назарбаев Университетінде өткен Climate Laucnhpad халықаралық конкурсының нәтижелері туралы айтып берді.

– Green Campus жобасы қоршаған ортаға ұқыпты қарау мәдениетін дамыту және университеттің экологиялық тұрақтылығын дамыту мақсатында 2016 жылы бастау алды. Бүгін жобаға біздің Green Campus офисіміз, Green Campus университет комитеті және nu Green Society студенттік қоғамдастығы қатысады.

Офистің негізгі міндеттеріне университеттің тұрақты даму саласындағы барлық қызметін үйлестіру, стратегиялық құжаттар әзірлеу, экологиялық саясат және қоршаған ортаны қорғау жөніндегі жобалармен байланысты іс-шараларды өткізу жатады. Green Campus офисі NU Green Society студенттік ұйымымен тығыз байланыста жұмыс істейді оған 50-ден астам студент қатысады. Біз Green Week, мастер-класс, эко-трип және т. б. сияқты студенттердің эко-бастамаларын қуана қолдаймыз. Green Campus комитеті жобаның “think tank” ұйымы болып табылады, онда идеялар мен жобалар шоғырландырылады және олардың іске асырылуы талқыланады. Мұнда сондай-ақ, ең өзекті мәселелер мен университет кампусының экологиялық өмірімен байланысты мәселелер талқыланады. Комитетке профессорлар, ғылыми қызметкерлер, студенттер, университеттің еншілес ұйымдары мен құрылымдық бөлімшелерінің басшылары кіреді.

Биыл офис кампуста жүзеге асыратын тұрақты даму бойынша студенттер мен қызметкерлердің зерттеу және инновациялық жобаларын қолдауға бағытталған Sustainability Living Lab бағдарламасын іске асыруды бастады. Бүгінгі таңда аталмыш бағдарлама аясында бес жоба жүзеге асырылуда: оранжерея, фермерлік бұрыш, биодизельді отын, пайдамат және green box. Қыркүйек айында бағдарламаға қатысуға өтінімдер қабылдаудың екінші кезеңі басталады. Осы бағдарлама бойынша Chevron компаниясы біздің серіктес және демеуші болып табылады.

Екі экологиялық басым сала: парниктік газдар шығарындыларын азайту және қалдықтарды басқару жүйесін жақсарту Green Campus үшін таяу болашақта негізгі сала ретінде бөліп көрсетілген. Осы мақсаттарды жүзеге асыру үшін офис көміртегін қажетсінуді төмендетудің бесжылдық жоспарын (Carbon management plan) әзірлейді, сондай-ақ кампуста түрлі қалдықтарды жинау жүйесін енгізеді: макулатура, пластик, шыны, батарейкалар, құрамында сынап бар шамдар және басқалар.

Офис кампусты көгалдандыруға үлкен көңіл бөледі. Тек осы жылы ғана Freedom Finance, Алтын Банк, Қазатомөнеркәсіп және Транстелеком сияқты ұйымдар университетке ізетпен сыйлаған 600-ге жуық ағаш отырғызылды. Ағымдағы жылдың соңына дейін тағы 1000 ағаш отырғызуды жоспарлап отырмыз
– Жақында Назарбаев Университетінде Climate Laucnhpad байқауының бір кезеңі өтті. Оның мақсаты мен нәтижелері туралы айтып беріңізші?

– Иә, шынында да, Назарбаев Университетінің қабырғасында жасыл және таза технологиялар саласындағы таланттарды іздеуге және қолдауға бағытталған Climate Launchpad халықаралық байқауының ұлттық кезеңі өтті. Green Campus және Astana Business Campus офисі Climate Laucnhpad ұлттық серіктестері болып табылады және бұл іс-шара университетте екінші жыл қатарынан өткізіледі. Биыл байқауға қатысу үшін Қазақстанның түкпір-түкпірінен 80-нен астам өтінім келіп түсті, оның ішінде экология және қоршаған ортаны қорғау саласында әртүрлі идеялар ұсынған 12 команда жартылай финалға өтті. Командалар еліміздің түкпір-түкпірінен: Ақтөбе, Алматы, Көкшетау, Қарағанды, Өскемен, Талдықорған қалаларынан келді.

Өткен аптада жартылай финалистер climate Laucnhpad тренері – Елена Месьюдің қатысуымен BootCamp жаттығу сессияларына қатысты. Climate Launchpad байқауға қатысушылардың әрқайсысы өз командасын таныстырып, идеяларымен бөлісуге мүмкіндік алды. Командалардағы жұмыс оларға бизнес стратегиясы мен маркетинг негіздерін зерттей отырып, стартап мүмкіндіктерін талдауға көмектесті. Алда қатысушылар тамыз айында өтетін Follow-up сессиясын, сондай-ақ жеңімпаз Амстердамдағы Гранд-финалға аттанатын ұлттық финал күтіп тұр. Біз, өз кезегінде, барлық командаларға байқауға қатысқандары үшін, олардың табиғи ортаны қорғау мен сақтаудағы белсенді азаматтық ұстанымы үшін алғыс білдіргіміз келеді, сондай-ақ оларға байқаудың келесі кезеңдерінде сәттілік тілегіміз келеді.

– Байқауға ұсынылған ең қызықты жобалар қандай?

– Байқауға ұсынылған барлық жобалар өзінше қызықты. Олардың барлығы қоғамның экологиялық мәселелерін шешуге және халықтың экологиялық мәдениетін қалыптастыруға бағытталған. Бүгінгі күні көптеген адамдар экологиялық қауіпсіздікті арттыру қажеттілігі туралы ойланып, әлемде экологиялық тепе-теңдікті қалпына келтіру және қолдау үшін түрлі жолдар ұсынуда.

Қоғамда жинақталған экологиялық проблемаларды шешуге бағытталған тамаша идеялардың мысалы ретінде конкурстық комиссия атап көрсеткен жобалардың кейбірін айта аламын.

HydroPlat жобасы, мысалы, сутегі автомобильдеріндегі платинаны алмастыратын пайдалы наноматериалдарды өндіру арқылы қоршаған ортаны уытты қалдықтардан қорғауға бағытталған. Атап айтқанда, ол күкіртсутекті сіңіруге, сутекті газға айналдыруға және наноматериалды алу үшін өртеуге қабілетті генетикалық түрлендірілген цианобактерияларды пайдалануды көздейді.

Басқа жоба табиғи минералдарды (бентонит пен цеолит) мұнай мен мұнай өнімдерінің ауыр металдарынан тазартуды ұсынады. Тағы бір қызықты жобалардың бірі – жаңбыр суын сіңіретін және құрғақшылық сәтке дейін оны топырақта ұстап тұратын абсорбент жасау идеясы.

TopyraQ жобасы органикалық қалдықтарды минералдар мен қоректік заттарға бай жер алқаптарында, топырақтың пайдалы мекендеушілері құрттың көмегімен өңдеуді көздейді. Super microbes жобасы топырақтың пайдалы микроорганизмдері (ESM) негізінде биопрепаратты пайдалана отырып құстың қиынан экологиялық таза органикалық тыңайтқыштар өндіруді ұсынады. Бұл жоба авторының пікірінше, органикалық тыңайтқыштар алумен құс қиын кәдеге жарату ауаның, топырақтың және судың құс шаруашылығының улы қалдықтарымен ластануын төмендетуге ықпал етеді.

Құрылыс, өндіріс және бизнес саласындағы қызықты жобаларды да атап көрсетуге болады. Айталық, жобалардың бірінде қарапайым қамыс (өсімдік) қосумен құрылыс материалдарын өндіру ұсынылады: қамыс кірпіш немесе қамыс плиталары, бұл қазір құрылыста қолданылатын тас кірпіштерге немесе бетон плиталарға балама болуы мүмкін. Басқа Clear air жобасы жеке үйлердің тұрмыстық пештерінің және шағын қазандықтардың мұржаларын сұйықтықпен сүзудің салыстырмалы арзан жүйелерімен жабдықтауды ұсынады. Ecocement жобасы жанбайтын экоцементті өндіру технологиясын, сондай-ақ оның негізінде аса жеңіл көбікбетон өндірісін ұсынады.

Riddle бизнес идеясы да қызықты көрінеді, оның мәні ұсталған киім заттарын қолмен өңдеу арқылы қайта өңдеу қызметін құру болып табылады.

Конкурсқа ұсынылған жобалардың әрқайсысы өзінше қызықты және құнды, әрқайсысында өзінің ұтымды мәні бар, ең бастысы – әлемді жақсарта түсу, оны таза, қауіпсіз және экологиялы болуға айналдыру ниеті бар. Мұндай бастамалар мақсатқа жетуге – қоршаған табиғи ортаның қауіпсіздігін қамтамасыз етуге және адамның ғаламшардың экологиясына әсер етуінен болатын теріс салдарларды азайтуға көмектеседі деп сенемін.

Стартаперге арналған 7 кеңес

№ 1 кеңес. Есіңізде болсын …

Стартап құру алдында сіз жалдамалы қызметкер болған шығарсыз немесе қазақстандық және/немесе шетелдік компанияларға азаматтық-құқықтық шарт бойынша қызметтер ұсынған болуыңыз мүмкін.

“Еңбек немесе азаматтық-құқықтық қатынастардың аяқталуы – міндеттемелердің ақталуы” деген формула әрдайым жұмыс істей бермейді. Шартқа қол қоя отырып, сіз өзіңізге қарым-қатынастың нақты аяқталуынан кейін де қолданыста болатын, тіпті мерзімі белгіленбей қолданылатын міндеттемелер алуыңыз мүмкін. Мысалы, құпия ақпаратты жария етпеу (NDA, non-disclosure agreement) немесе бәсекелес болмау туралы міндеттеме (NCA, non-compete agreement).

Стартаперлерге жұмыс берушілермен немесе мердігерлермен шарттар туралы нені білу керек:

Жарияламау туралы шарттарды мұқият оқып шығу керек!
Зияткерлік меншік құқығы, сіз жасаған және оны жасауға қатысқан өнімдер, қызметтер, технологиялар, өнеркәсіптік үлгілер кімге тиесілі екенін айқындау керек. Кейбір компаниялар, тіпті жұмыстан бос уақытта да, шарт күшінде болған кезде қызметкерлер өндірген өнімдерді де өзінің зияткерлік меншігі деп санайды. Сондықтан абай болу керек.
Егер сіз басқа елдің мердігерімен әзірлеуге тартылған болсаңыз, осы елдердегі зияткерлік меншікті қорғауға қатысты даулар қалай шешілгенін нақтылаңыз. Мысалы, АҚШ-та жария етпеу туралы келісіммен бірге белгілі бір уақыт (6 ай, 2 жыл, басқа мерзім) бойы қызметкерге немесе мердігерге бәсекелестік қызметті жүргізуге немесе бәсекелестермен жұмыс істеуге тыйым салатын NCA (non-compete agreement) жиі қол қояды. Қазақстанда мұндай шарт (немесе еңбек шартында, мердігерлік шартта тиісті ережелер) ең жақсы жағдайда тек психологиялық күшке ие болады. Бірақ, басқа елдерде, мысалы, АҚШ-та, көптеген штаттарда мұндай шарттардың заңды күші бар. Сондықтан АҚШ инвесторымен шартқа қол қоя отырып, оның NCA ережелерін енгізбегенін тексеріңіз.

№ 2 Кеңес. Құқық

Зияткерлік меншік заң бойынша зияткерлік құқықтар туындайтын автордың жасаушы-шығармашылық еңбегімен және парасатымен жасалады. Егер мұндай автор еңбек шарты бойынша жұмыс істесе және тараптар өзгеше келіспеген болса, автордың жеке құқықтарынан басқа барлық ерекше құқықтар әдетте жұмыс беруші компанияға тиесілі.

Бұл ретте, егер әзірлеуге компания қызметкерлерінен басқа тағы да біреулер қатысқан болса, олармен зияткерлік меншік құқықтарының дұрыс ресімделуіне көңіл бөлу керек. Әсіресе, бұл бір әзірлемеге әр түрлі ұйымдардың қызметкерлері қатысқан кезде өзекті.

№ 3 Кеңес. Келісімді жазбаша ресімдеу керек

Кез келген үшінші тұлғаға ақпарат бере отырып, әлеуетті инвестор, басқа компанияның қызметкері, серіктес болсын олармен, құпия ақпаратты жарияламау туралы жазбаша келісімге қол қойыңыздар. Және негізгі ақпаратты ашқаннан кейін емес, оған алдын ала қол қойыңыз. Кез келген ақпарат, идея, сіз ойлап тапқан технологияны дамытуға сіздің сұхбаттасушыңызды итермелеуі мүмкін.

Жария етпеу туралы шартта қандай ақпаратты ашатындығыңызды, сондай-ақ мұндай ақпаратты қабылдайтын тарап оны үшінші тұлғаларға қандай жағдайларда жария ете алатындығын нақты көрсетіңіз. Шартта әр тараптың ниетін жазыңыз. Өзіңіз келіссөздер жүргізіп отырған тұлғаны айқын сәйкестендіріңіз.

№ 4 Кеңес. Зияткерлік меншікті қорғау стратегиясын айқындаңыз


Патенттеу зияткерлік қызметтің нәтижелерін қорғаудың жалғыз ықтимал тәсілі емес. Мысалы, өндіріс құпиясын (ноу-хау) режимінде технологияны қорғау өнімнің кері инжиниринг бәсекелестері қиындатқан кезде тиімді болуы мүмкін.

№ 5 кеңес. Өзіңіздің тауар белгіңізді (логотипті) Қазақстан Республикасында және шетелде тіркеңіз

Кез келген стартаптың оны басқалардан ерекшелейтін аты/атауы болады.

Бұл ретте, уақыт өткеннен кейін танымал логотипке, брендке айналатын логотип болғаны дұрыс.

Алайда, логотипті әзірлеуге, қажетті атрибутика мен т.б. өндіруге көп ақша жұмсалды делік, сол кезде бұл логотипті пайдалануға болмайды, өйткені ол тіркелген тауар белгісі болып табылады дейтін тағы да бір адам аяқ астынан шыға келуі мүмкін.

Осыған байланысты теория тұрғысынан алғанда екі нұсқа пайда болады:

“Пессимистік” – логотипі бар барлық өнімді пайдалануға тыйым салады және олардан құтылуға (оның ішінде жоюға) мәжбүрлейді.

“Оптимистік” – логотипті пайдалануға рұқсат береді, бірақ оны пайдаланғаның үшін төлеуге тура келеді. Қашан және қанша төлеуді тараптар келіссөздер арқылы шешетін болады.

Логотип жасау алдында жоғарыда көрсетілген сценарийлерді болдырмау үшін:

Араласу дәрежесіне дейін ұқсайтын ТБ-нің тіркелмегенін (тіркеуге берілмегенін) міндетті түрде тексеру қажет.
Сізді қызықтыратын барлық елдерге тіркеуге өтінім беріңіз. Бұл ретте, шетелдік өтінім беру үшін алдымен ТБ-ні Қазақстан Республикасында тіркеу қажет және осыдан кейін ғана шет елдерге тіркеуге өтінім беру қажет.
ТБ тіркеуге өтінім бере отырып ТБ қорғау көлемі ТБ тіркеуге мәлімделген тауарлар мен қызметтердің бейнесімен және тізбесімен айқындалатынын есте ұстау маңызды.
Бұл ретте әрбір жеке елде ТБ тіркеудің өзіндік ерекшеліктері бар. Мысалы, АҚШ-та өтінім бермес бұрын, сіз ТБ пайдалануды бастауыңыз немесе пайдалану ниеті туралы декларация беруіңіз керек. Ал БАӘ-де алкоголь ішімдіктеріне немесе шошқа етіне сауда маркасын тіркеуге болмайды.
Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттар өтінім берудің оңайлатылған мүмкіндіктерін пайдалануға жол ашады. Мысалы, сауда маркасын халықаралық тіркеу туралы Мадрид шарты және оған Хаттама осы келісімдердің бір, бірнеше немесе барлық елдерін көрсетіп, бір өтінім беруге мүмкіндік береді. Өтінім бір тілде беріледі және баж бір валютада — Швейцария франкімен төленеді.

№ 6 Кеңес. Қажет жерде патенттеңіз

Өзіңізді қызықтыратын елді алдын ала анықтау керек, өйткені патенттің аумақтық сипаты бар.

АҚШ-та патент алуға алдын ала өтінім беру (provisional application деп аталатын). Мұндай өтінімді бергені үшін алым $65-тен $ 260-ға дейін тұрады. Егер 12 ай ішінде сіз АҚШ-қа негізгі өтінім берсеңіз, онда алдын ала өтінім берілген күн басымдық күні болып саналады. Осылайша, сіз алдын ала өтінім беріп, жыл бойы АҚШ аумағында уақытша қорғаныс бар екенін түсініп инвесторлармен жайбарақат келіссөздер жүргізе аласыз. Өкінішке орай, алдын ала өтінімдерді беру мүмкіндігі тек АҚШ заңнамасында көзделген.

Елдердің біріне негізгі өтінім беріп және өтінім берілген күннен бастап 12 ай ішінде ол бойынша басымдықты мәлімдеу. Мысалы, сіз Қазақстан Республикасының патенттік ведомствосына өтінім бере аласыз, келіссөздер жүргізіп, бір жыл ішінде Еуразиялық патент, АҚШ, ЕО, басқа елдердің патентін алуға өтінім бере аласыз.

Немесе ұлттық өтінім негізінде (немесе одан бөлек) Патенттік кооперация туралы халықаралық шартта (PCT — Patent Cooperation Treaty) көзделген халықаралық өтінім беру. Бұл шарт бір халықаралық өтінім беру және бірінші ұлттық өтінім берілген күннен бастап 30 (немесе 31, нақты елге байланысты) ай бойы басқа елдерге өтінім беру үшін “уақытты брондау” деп аталатын бекіту мүмкіндігін көздейді. Бұл салыстырмалы аз шығынмен өнімнің немесе технологияның патенттік қорғанысын қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Және жалпы әлемдік ауқымда 2,5 жылға тиімді қорғауды қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

№ 7 Кеңес. Үшінші тұлғалардың құқықтарын бұзбаңыз

Өнімді нарыққа шығарған кезде маңызды аспектілердің бірі тіпті қорғау емес, үшінші тұлғалардың құқықтарын бұзбау мүмкіндігін тексеру болып табылады. Өйткені сіздің өніміңіз (software немесе hardware болса да) басқа тұлғалардың бір, сондай-ақ жүздеген патенттерін бұзуы мүмкін ғой.

Мұндай проблемаларды болдырмау үшін жобаны бастар алдында батыс мамандары Freedom to Operate (FTO) деп атайтын патенттік зерттеу жүргізу қажет.

FTO туралы стартаперге не білу керек?

Патент мәртебесін анықтаңыз. Патентті жыл сайын күшінде ұстау қажет, егер ол ұзартылмаса және қалпына келтіру мүмкін болмаса, патенттелген технологияны үшінші тұлғалардың құқықтарын бұзбай пайдалануға болады.
Патенттің аумақтық сипаты бар екенін ескере отырып, АҚШ-та өнімге патент басқа елдердің аумағында үшінші тұлғалардың оны пайдалануына тыйым салмайды. Сондықтан қорғау қажет елдер тізбесін дұрыс таңдау маңызды. Қытай Республикасы деп аталатын Тайвань жағдайы сияқты. Айтпақшы, Қытай патентінің Гонконг және Макао әкімшілік округтеріне ерекше құқықтар бермейтінін есте сақтау маңызды. Ал Францияға патенттер алуға берілген өтінімдер Француз Полинезиясына таратылмайды.
Іздеуді тек жалпы өнім бойынша ғана емес, оның құрамдас бөлігі бойынша да жүзеге асыру керек. Мысалы, сізде жаңа смартфонды нарыққа шығару міндеті тұр делік. FTO кезінде тек смартфондарға ғана емес, сондай-ақ олардың компоненттері-процессорлар, жады, wi-fi модульдер және т. б. өтінім және берілген патенттер бойынша іздеу жүргізіледі.
Қорғау көлемін анықтаңыз. Өнертабысты қорғау көлемі өнертабыс формуласымен анықталады. Тиісінше, формуланың тәуелсіз тармағының барлық белгілерін пайдалану – құқықтардың бұзылуы болып табылады. Мысалы, егер патенттелген құрылғы А, B, С және D құрамдастарынан, ал сіздің құрылғы А, B және С құрамдастарынан ғана тұратын болса, бұл құқықтарды бұзу болып саналмайды.
Бірақ тіпті FTO нәтижелері бойынша сіз өнімді нарыққа шығара алмасаңыз да, уайымдамаңыз. Сіз патенттің меншік иесіне оны сатып алу, өнімді пайдалануға лицензия алу ұсыныстарын жасай аласыз, ал егер келісе алмасаңыз — дауласу жолдарын іздеу керек.
Есіңізде болсын, зияткерлік меншікті қорғаудың кез келген түрі жүйелі және ақылға қонымды болуы тиіс. Бастамаларыңызға сәттілік тілейміз!