NU MAGAZINE
наурыз 2019
Мазмұны
Ғылым және технологиялар мектебінің оқытушылары үздік белгілермен марапатталды
Ғылым және технологиялар мектебінің профессорлары Антон Десятников және Александр Тихонов “Білім беру ісінің құрметті қызметкері” төсбелгісімен марапатталды. Сондай-ақ, “Энергетикалық ғарыш зертханасының” бақылау астрофизикасы және оптикалық аспап жасау жобалау тобының жетекшісі, доктор Брюс Гроссан бағалы марапатқа ие болды.
Физика профессоры Антон Десятников материалдар мен нанофотоника саласындағы ғылыми зерттеулер мен жарияланымдары, білім беру қызметіндегі табысы және “Қазақстан Физика Қоғамының» жұмысына белсенді қатысқаны үшін марапатталды.
Физика ассистент-профессоры Александр Тихонов “НУ-Беркли” нысаналы ғылыми бағдарламасы аясында жаңа буын иондарының (INURA) НУ-да импульстік үдеткішінің табысты ғылыми зерттеулері мен құрылысы үшін марапатталды.
Доктор Брюс Гроссман жетістіктерінің арасында – астрофизика және космологиядағы, ғарыштық гамма-жарқылдармен (GRB), алыс инфрақызыл ғарыш аясымен, белсенді галактикалық ядролармен және галактикалық жойылулармен байланысты жобалармен табысты жұмысы бар. Қазіргі уақытта доктор Гроссман жылдам GRB жарқылы бар кең жолақты оптикалық көлбеуді бақылау жобасын басқарады.
Марапаттау рәсімі Назарбаев Университетінде 2019 жылдың 7 ақпанында өтті. Наградаларды “Назарбаев Университеті” ДБҰ Президентінің кеңесшісі Қанат Байғарин табыс етті.
Назарбаев Университеті ұлттық темір жол компаниясымен меморандумға қол қойды
Назарбаев Университеті және «Қазақстан темір жолы ҰК» АК арасында ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойылды. Құжатқа Назарбаев Университетінің Инновациялар жөніндегі Вице-президенті Ерден Құсаин және «Қазақстан темір жолы ҰК» АҚ Басқарма Төрағасының корпоративтік мәселелер және HR бойынша орынбасары Серік Әбденов қол қойды.
Меморандум инновациялық және білім беру қызметі саласындағы ынтымақтастықты дамытуға бағытталған. Ұйымдар ынтымақтастық шеңберінде инновациялық жобаларды акселерациялаудың бірлескен бағдарламаларын жүргізуді, сондай-ақ арнайы білім беру іс-шараларын: тренингтер, семинарлар, тағылымдамалар ұйымдастыруды жоспарлап отыр. НУ-мен ынтымақтастық компанияның жалпы кадр саясатын дамытуға және теміржолшылардың кәсіби шеберлігін арттыруға көмектеседі деп санайды ҚТЖ.
Білім берудегі мүмкіндіктерге тең қол жеткізу туралы
Education for all инклюзивті білім беру орталығы Назарбаев Университетінің кампусында екінші жыл жұмыс істеп жатыр. Осы мерзім ішінде Орталықтың қатысушылары Астанада және одан тыс жерлерде танымал бола бастады. Білім беру қызметтерін көрсетуден басқа, орталық инклюзивті театр жобасын жасады. Оның репертуарында бірнеше пьесалар мен мюзиклдер бар. Бүгінгі біздің қонағымыз – Камила Ролан, орталықтың негізін қалаушы және идеялық жетекшісі. Камила Назарбаев Университетінің Гуманитарлық және Әлеуметтік Ғылымдар және Жоғары білім мектептерін тәмәмдаған.
Камила, орталықтың құрылу тарихы жайлы айтып беріңізші. Барлығы неден басталды?
– Бүгінгі таңда Қазақстанда тіркелген мүгедек балалардың саны 70 мыңнан астам (және ерекше көмекке мұқтаж балалар саны одан да көп), олардың 20% жалпы білім беру мектептерінде оқиды. Балалардың көпшілігі үйде оқуға мұқтаж, бұл олардың қарым-қатынас жасау дағдыларын дамыту, жора-жолдас табу, бәсекеге қабілетті білім алу мүмкіндіктерін шектейді.
Мен 2012 жылдан бері ҚР Қызыл жартыай қоғамының еріктілері қатарында болып, тұрмысы төмен және көшіп келген отбасылардың балаларын оқыту жобасымен айналыстым. Осы жоба бойынша төрт жыл жұмыс істегеннен кейін мен инклюзивті білім беру саласындағы магистратураға түсуге бел байладым. Бұл маған осы оқу моделін енгізудегі мәселелер мен кедергілерді түсініп, оларды еңсеруге қажетті дағдыларға ие болуға мүмкіндік берді. Жеке үкіметтік емес секторда Қазақстан үшін жаңа үлгілерді өте икемді қолдануға болатынын түсініп, мен “Education For All” – EFA қоғамдық ұйымын құруды жөн деп шештім.
EFA негізінде командамен бірге біз инклюзивті оқыту орталығын аштық. Бүгінгі таңда бізде оқитындар: жалпы білім беру мектептерінен балалар және даму мүмкіншілігі шектеулі балалар. Олар академиялық, спорт, шығармашылық бағыттағы пәндерді, сондай-ақ кәсіби бағдарлау курстарын бірге оқиды.
Бас кезінде біздің топтар шағын болды және де, шынын айтсақ, бізге осы күнге дейін оқушыларды тарту өте қиын. Оқушылар арасындағы балалардың мүгедектік топтары мен санаттары: Даун синдромы, аутистикалық спектр аурулары, белсенділігі шамадан тыс балалар, дарынды балалар, тұрмысы төмен отбасыларынан балалар. Топтардың осындай әртүрлілігі кейде ата-аналарды шошытады. Олардың арасында ерекше баланы көрісімен, кетіп қалу жағдайы да орын алды. Дегенімен, біздің әдісіміз ұнаған ата-аналар да болды. Жалпы, біз оқушыларымыздың ата-аналарымен тығыз қарым-қатынас жасаймыз.
Сіздің жұмысыңыздағы басты қиындықтар қандай?
– Басты қиыншылық – тәжірибенің аздығы, әсіресе қаржы және заң мәселелерінде тәжірибенің жетіспеушілігі, себебі әлеуметтік бизнесті және қоғамдық ұйымның қызметін қалай жүргізу керектігі жайлы менің түсінігімнің аздығын сезіндім. Мен осы қиындықтарды жеңуге тырысып, фандрейзингпен айналыстым. Ең маңызды іс – балалармен тікелей жұмыс істеуге барынша ден қоя алмадым. Грант алушылар емес, әлеуметтік бизнес болғандықтан, қаражат табуда шектеулер көп. Мен үшін менің ұйымым – бұл ақы төленбейтін еңбек, сондықтан оны толыққанды жұмыспен қоса атқаруға тура келеді, ал бұл дегеніміз толық жұмыспен қамтылу 24/7.
Біздің орталықтағы академиялық курстар ақылы, бірақ мүмкіндігі бар адам үшін ғана. Кіріс есебінен біз тұрмысы төмен отбасыларынан балаларды тегін оқытуға қаржы бөлеміз, сондай-ақ кәсіби бағдарлау және инклюзивті театр студиясы курстарын тегін жүргіземіз. Сонымен бірге, бізге қолдау көрсеткен Назарбаев Университеті түлектерінің бірі, қазір жеке компанияда жұмыс істейді, осы компания ай сайын бізге шағын қайырмалдық қаражат бөледі.
Сіз өте қиын, бірақ игілігі мол іспен айналысасыз. Өз жұмысыңызда сізге шабыт беретін не?
– Қоғамды ілгерілету, қоғам мүшелерінің барлығының теңдігі, адамдардың мүмкіндіктерін пайдаланудағы теңдігі деген мақсаттардың өзі шабыттандырады. Оған қоса, менімен бірге жұмыс істейтін команда мен балалар маған қуат береді. Бұл жай ғана жұмыс немесе хобби емес, менің өмірімнің философиясы, менің құндылықтарым. Бірде мынадай жағдай болды, біз командамызбен бірге пресс-конференция өткізіп жатқан едік, залда отырған біздің балаларымыздың бірінің анасы журналистердің қойған сұрақтарына біздің берген жауабымызды тыңдап отырып, жылап қоя берді. Оның жылаған себебі – біз оның баласына қабілеті шектеулі ауру бала деп емес, оны мүмкіншілігі мол жеке тұлға ретінде қабылдағанымызда. Сол кезде менің жүрегіме батқаны біздің қоғамның оны осы халге жеткізгені соншалықты, тіпті ол нақты шындықты естіп отырғанына сенер-сенбесін білмегені болды. Ал мектепте оқуға конституциялық құқық үнемі іске асырылып отыруы тиіс және мен оның одан әрі жүзеге асырылуына үлесімді қосқым келеді.
Назарбаев Университетінде балаларға арналған оқу залы ашылды
Назарбаев университетінің кітапханасында балалар оқу залы ашылды. Енді жұмыс күндері сағат 8:30-дан 21:00-ге дейін, ал демалыс күндері сағат 11:00-ден 19:00-ге дейін студенттер, оқытушылар мен қызметкерлер балаларымен бірге кітап оқып, сабақтарына дайындалып, уақыттарын бірге өткізе алады.
Қазір кітапхананың балалар қоры ағылшын, қазақ, орыс, қытай, филиппин және неміс тілдеріндегі 553 кітаптан тұрады. НУ кітапханасы студенттер, оқытушылар мен қызметкерлерді оқыту және зерттеу жұмыстары үшін небары 180 мыңнан астам баспа және электронды ресурстарды, жазылым бойынша 200 мыңнан астам электронды кітаптарды және ағылшын, орыс және қазақ тілдерінде 50 мыңнан астам электрондық журналдарды ұсынады.
Бұл күндері университетте бакалавриат, магистратура және докторантура бағдарламаларына талапкерлерді онлайн-тіркеу өтуде. Толық ақпаратты apply.nu.edu.kz сайтынан таба аласыз.
НУ түлектер қауымдастығын неге құру керек: сұрақтар мен жауаптар
Біздің қонағымыз – Арман Қоңқабай, «NU Alumni» қоғамдық бірлестігінің атқарушы директоры, Назарбаев Университеті Гуманитарлық және әлеуметтік ғылымдар мектебінің 2015 жылғы түлегі. Арман өзінің жұмысы және жаңа ұйымының жоспарлары туралы айтып береді.
– Біздің «NU Alumni» ұйымымыз жуырда құрылған. Біз 2018 жылдың 8 қарашасында тіркелдік. 2015 жылы алғашқы шығарылымнан кейін дереу НУ түлектері өздерінің алғашқы тобын құрды. Бүгінгі таңда біздің университет түлектерінің жалпы саны 2600-тен асты. Біз ресми түрде тіркеліп, өзімізді қоғамдық бірлестік ретінде жариялағымыз келеді. Біздің атқаратын нақты істеріміз – өзіміздің түлектеріміздің бастамаларын қолдау және НУ қоғамдастығымен өзара қарым-қатынас жасау. NU Alumni-дің ұйымдық құрылымы мен жоспарларын әзірлегенде біз шетелдік ЖОО тәжірибелеріне сүйендік, түлектердің бірлестігін ұйымдастыруда best practices тәжірибесін пайдаландық. Біз үшін АҚШ университеттерінің қазіргі кезде белсенді жұмыс істейтін түлектер қауымдастықтары үлгі болады.
Осы бірлестіктің жетекші ретінде сіздің міндеттеріңіз қандай?
– Ең алдымен, бұл бірлестіктің басты мақсаты – өзі оқыған университетімен қарым-қатынасын одан әрі жалғастырғысы келетін барлық түлектердің басын қосу. Біздің жоспарымызға университет түлектерінің атынан НУ-дың қоғамдық және әлеуметтік өміріне қатысып ерекшеленген немесе халықтың әлеуметтік осал топтарына жататын студенттерге стипендия тағайындау енгізілген. Университет түлектерінің қазіргі оқып жатқан студенттерге тәлімгер болуын меңзейтін менторлық институтын құру да жоспарда бар. Бұл практика қазірдің өзінде қолданылуда, бірақ біз бұл істі жүйелі түрде жүргізгіміз келеді.
Сонымен қатар, біз жыл сайын университет түлектерінің форумын өткіземіз. Бұл түлектеріміздің университетте оқуды аяқтағаннан кейін кездестірген әртүрлі мәселелерді талқылайтын жалпыға ортақ алаң болып табылады. Осының бәрі және басқа да көптеген мәселелер біздің жоспарымызда бар. Дегенімен, біз қазір осы жоспарларды іске асыруға қатысты жұмыстарымызды бастап кеттік.
Іске асырылып жатқан жобаларымыз деп интеллектуалдық ойындарды айтуға болады. Біз жолымызды енді бастағалы тұрмыз, сондықтан біз үшін қазіргі кездегі негізгі міндет – бұл ұйымдастыру жұмыстарын жүргізу, университет қоғамдастығына NU Alumni-дің мақсаты мен миссиясы жайлы жеткізу, networking-ті жақсарту.
Осындай түлектердің бірлестігін құрудың пайдасы бар деп ойлайсыз ба, болса қандай?
– Осындай бірлестіктерді құру түлектер үшін де, университетке де өте қажет деп ойлаймын. Түлектер үшін бұл – кәсіби және әлеуметтік қарым-қатынасты ұйымдастыру және пайдалану, байланыс орнату тәсілі. Жетістікке ие болған түлектер өз кезегінде университеттің беделін көтеруге және талапкерлерді, оның ішінде шет елдерден де (біздің түлектеріміздің орналасу географиясының кеңдігін ескерер болсақ) тартуға көмектеседі. Сонымен қатар, түлектер қауымдастығы студенттерге болашақта жұмысқа орналасуға да көмектесіп, университеттің, оның мектептері мен бағдарламаларының дамуына үлес қосып, университетпен бірлесіп қызықты іс-шаралар өткізе алады.
Сіз университетте оқыған кездегі қандай сәттерді есіңізге түсіресіз?
– Университетте оқыған кезім мен үшін жалпы өте маңызды әрі қызықты болды, сондықтан маған есте қалған бір ғана сәтті бөліп айту қиын. Мен студенттік жатақханадағы өмір, жатақханаға орналасу, оқудағы және емтиханға дайындалу кезіндегі қиындықтар, студенттердің көркем өнеріне қатысу, акустикалық кештер, концерттер және клубтардағы жұмыс жайлы айтар едім. Бір сөзбен айтқанда, оқыған кезде университет кампусында тұрған әрбір студент басынан кешіретін оқиғалар, эмоциялар, сезімдер және еске түсіретін сәттер.
Сіз өзіңізбен бірге оқыған курстастарыңызбен жиі кездесесіз бе?
– Жұмысыма байланысты мен өзіммен бірге оқыған курстастарыммен және басқа да оқу бітірушілермен өте жиі кездесемін. Айтқым келетіні, өзі оқыған оқу орнымен байланысын үзгісі келмейтін түлектер өте көп. Олар университет туралы жаңалықтарды біліп отырғысы келеді. Мүмкіндігінше, университеттің өткізетін іс-шараларына қатысуға тырысады. Бүгінгі таңда біздің Аlumni-дің өз веб-сайты, әлеуметтік желілері, телеграмм-арналары бар. Сонымен қатар, қазір біз түлектеріміздің дерекқорын жасау жұмысын бастап кеттік. Мен оқу бітірген жылына қарамастан, түлектердің барлығымен әлсін-әлсін хабарласып отырамын.
Қазіргі студенттерге қандай кеңес берер едіңіз?
– Мен біздің университетті студенттердің өз мүмкіндіктерін барынша көрсете алатын білім ордасы деп есептеймін. Ең бастысы, өз туған еліңде әлемнің ең жақсы жоғары оқу орындарынан келген, әлемдік деңгейдегі профессорлардан білім алу болып табылады. Сондықтан университеттің қабырғасында өткізген әр сәтті бағалап, бүгінгі таңда Назарбаев Университеті беріп отырған мүмкіндіктердің барлығын барынша пайдалануға тырысу керек деп ойлаймын.
Жоғары қамқоршылық кеңестің бұрынғы құрамы сақталады
Біздің Университеттің негізін қалаушы және Қазақстанның Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаев мырза – Назарбаев Университетінің, Назарбаев Зияткерлік мектептерінің, Назарбаев Қорының Жоғары Қамқоршылық кеңесінің бірінші төрағасы болып табылады.
Жоғары қамқоршылық кеңестің құзыретіне Университеттің, Зияткерлік мектептер мен Қордың даму стратегиясын, жарғыларын; мүлікке билік ету тәртібін бекіту; Университеттің, Зияткерлік мектептер мен Қордың қамқоршылық кеңестерін қалыптастыру; Университетті, Зияткерлік мектептері мен Қорды қайта құру немесе тарату жатады.
Қазіргі таңда Жоғары қамқоршылық кеңеске тоғыз адам кіреді:
Назарбаев Нұрсұлтан Әбішұлы, Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті, Жоғары қамқоршылық кеңестің Бірінші төрағасы
Сағынтаев Бақытжан Әбдірұлы, Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк хатшысы
Исекешев Әсет Өрентайұлы, Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Басшысы
Тәжин Марат Мұханбетқазыұлы, Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі Басшысының бірінші орынбасары
Ақышев Данияр Талғатұлы, Қазақстан Республикасының Президентінің кеңесшісі
Мамин Асқар Ұзақбайұлы, Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі
Шәмшидинова Күләш Ноғатайқызы, Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрі
Мәсімов Кәрім Қажымқанұлы, Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің төрағасы
Катсу Шигео, «Назарбаев Университеті» ДББҰ Президенті
ReLive жобасы Дүниежүзілік Банктің грантына ие болды
Назарбаев Университетінің инсульт пациенттерді оңалту бойынша ReLive ғылыми стартап-жобасының командасы ҚР БҒМ “Өнімді инновацияларды ынталандыру” бірлескен жобасы шеңберінде Дүниежүзілік Банктің грантына ие болды.
– Біз дайын өнім жасауымыз қажет, сондықтан алған ақша бағдарламалық қамтамасыз ету және экзоскелет әзірлеуге жұмсалады. Келесі кезеңде біздің команда сынақтар өткізумен, өнертабысты сертификаттаумен және тіркеумен айналысады. Бұдан кейін өнім сату үшін қолжетімді болады,- – деп хабарлады Назарбаев Университеті Инженерия мектебінің докторанты Бейбіт Әбдікенов.
Айта кету керек, 2019 жылдың 7-8 наурызында Назарбаев Университеті Инженерия мектебінің профессоры Прашант Джамваль және Бейбіт Әбдікенов бастаған ғалымдар командасы Женевада (Швейцария) “Assistive Technology in Accelerating Learning and Participation of Children with Disabilities” (мүмкіндігі шектеулі балалардың оқуы мен қатысуын жеделдетудегі көмекші технологиялар) БҰҰ қамқорлығы аясындағы арнайы көрмеде сәтті өнер көрсетті.
– Біз Женевадағы Біріккен Ұлттар Ұйымының 160-тан астам тұрақты делегацияларының, халықаралық және үкіметтік емес мекемелердің, ғылыми және зерттеу қоғамдастықтарының, мүгедектер ұйымдарының өкілдеріне, сондай-ақ көптеген елдердің салалық серіктестері мен өнертапқыштарына біздің өнертабысымызды көрсеттік. Біздің команда БҰҰ Бас директоры, Адам құқықтары жөніндегі Жоғарғы комиссар Михаэль Меллер мырзаның, ЕО сандық технологиялар және қоғам жөніндегі комиссары Мишель Бачелет ханымның, Бас директордың Төтенше жағдайлар мен жауапты іс-қимылдарға дайындық жөніндегі орынбасары (ДДҰ) Мария Габриэль ханымның, ЮНИСЕФ-тің Еуропа және Орталық Азия бойынша өңірлік директоры Афшан Хан ханымның оң пікірлері мен қолдауларына ие болды. Осы мүмкіндікті пайдаланып біздің университетіміз бен Қазақстан туралы айтып бердік, біз өз миссиямызда табысқа жеткенімізге сенеміз, – деді профессор Прашант Джамваль.
Бұған дейін хабарланғандай, ReLive – инсульттен кейін пациенттерді оңалтуға арналған инновациялық шешім, ол өзінде ми сигналдарын есептеуге және тануға арналған құрал-жабдықтар мен бағдарламалық қамтамасыз етуді, микроконтроллерді және аяқ-қолдың экзоқаңқасын қамтиды.
Жүйе экзоқаңқаны (жасанды қол-аяқты) оймен басқаруға мүмкіндік береді бұл пациенттерді қалпына келтіру процесін жеделдетуге жол ашады. Қазіргі уақытта прототип алдын ала тексеру жұмыстарынан өтіп, толыққанды жұмыс істеуде.
Назарбаев Университетінде Наурыз мейрамы
29 марта в Назарбаев Университете состоялось ежегодное празднование «Наурыз мейрамы» для гостей, студентов и сотрудников университета. Впервые в этом году, в рамках праздничной программы состоялась ярмарка международных студентов Назарбаев Университета, а также фестиваль культур разных стран при поддержке посольств и зарубежных представительств, аккредитованных в Казахстане.
Кроме того, гости смогли посетить казахский этно-аул и увлекательные мастер-классы ремесленников, ярмарку международных студентов, приобрести национальные сувениры, посмотреть праздничный концерт и представления национальных культур зарубежных стран, а также принять участие в спортивных состязаниях, викторинах, играх и детских развлечениях. Всем участникам предлагались праздничные угощения.
В честь праздника в Назарбаев Университете открылась фотовыставка «Hello, Aul». Выставка организована выпускниками университета, которые четвертый год подряд на волонтерской основе преподают английский язык в сельских районах Казахстана.
«Начиная с 2016 года, вот уже более тысячи сельских школьников из Алматинской области, Жамбылской области и Южного Казахстана прошли курсы начального английского языка», – рассказывает Бакнур Зиябеков, руководитель общественное объединения “Alpha Academy” білім академиясы” (г.Алматы), выпускник Высшей школы образования Назарбаев Университета.
Следует отметить, что в Назарбаев Университете работают профессора из 55 стран мира и обучаются студенты из 17 стран мира.
Жақсы жаңалықтар!
«NU Magazine» дайджестi «Үздік электрондық корпоративтік медиа» номинациясы бойынша «Жылдың баспасөз қызметі - 2018» XI жыл сайынғы халықаралық байқауының жеңімпаздарының үштігіне енді. Марапаттау рәсімі 19 сәуірде Мәскеу қаласында өтеді.
Бюллетень ЦКП
Құрметті НУ Қауымдастығы және серіктестер!
НУ Мансап және кәсіптік бағдарлау орталығы назарыңызға Бюллетеньнің наурыз айы басылымын
ұсынуға қуанышты!
Оқуыңыз көңілді болсын!
© 2019 Пресс-офис