NU MAGAZINE | наурыз 2020

#bizbirgemiz

Құрметті Назарбаев Университеті қызметкерлері, 

 Біз барша студенттер атынан сіздерге атқарып жатқан барлық жұмыстарыңыз үшін шын жүректен алғыс айтқымыз келеді. Бірнеше жылдар бойы студенттердің академиялық және әлеуметтік өмірін жақсарту үшін еңбек етіп келе жатқандарыңызды көріп келе жатырмыз. Оған қоса, коронавирус індеті әсерінен пайда болған төтенше жағдай кезінде де бізді қорғау үшін, оқуымызды үзбей жалғастыру үшін қарқынды түрде жұмыс жасаудасыздар. 

 Университет қауымның көп бөлігін студенттер құраса да, сіздерсіз біздің қауым дәл осындай керемет болмас еді! Сіздердің жасап жатқан жұмыстарыңыз академиялық немесе студенттік өмірге қатысты болса да, кампусты қорғау немесе денсулықты сақтау мақсатында болса да, біз шын мәнінде де барлық жұмыстарыңызды бағалаймыз және құрметтейміз. Университет қабырғасында өз жұмысына үлкен жауапкершілікпен қарап, тынымсыз еңбек етіп жатқан қызметкерлер әр департаментте өте көп. Біз барлығын жеке атап өтпесек те, сіздердің атқарып жатқан жұмыстарыңызды, әсіресе соңғы бірнеше аптада көп тер төккендеріңізді бағалайтынымызды білсеңіздер дейміз. 

 Қазіргі қиын жағдайда сіз және отбасыңыз аман-есен деп үміттенеміз. Барлық жұмыстарыңызға шексіз ризамыз! 

 #BizBirgemiz 

Құрметпен, Student Government