2019 жылғы НУ-дың Оқыту саласындағы Сыйлығының жеңімпаздары
Университеттің Оқыту және білім беру комитеті 2019 жылдың мамырында НУ-дың 2019 Оқыту саласындағы Сыйлығына ие болған жеңімпаздарды анықтады. Биылғы жылы алты номинацияда жеңімпаз болып танылғандар:
- Ғылым мен оқытуды интеграциялау:София Ан (ЖӘГҒМ)
- Инновациялық оқыту: Сидни Морроу (ЖӘГҒМ)
- Кехинде атындағы Академиялық адалдық сыйлығы: Даниэль Торрано (ЖББМ)
- Оқытудағы көшбасшылық: Дуйшонкул Шаматов (ЖББМ)
- Оқытуды интернационалдандыру: Бриджет Гудмэн (ЖББМ)
- Инклюзивті оқыту: Николас Максвелл, Набила Неймауи, Инес Русиньо Моуга және Рида Эль-Мехдаве (ДМ)
Үшінші Оқыту сыйлығымен марапаттау рәсімі Басқарушы Кеңес, Академиялық Кеңес, Ғылыми Кеңес, Профессорлық-оқытушылық құрам Сенаты мен Оқыту және білім беру комитеті мүшелерінің, бакалавриат, магистратура және докторантура студенттерінің қатысуымен 2019 жылдың 27 қыркүйегінде өтті. Сондай-ақ құттықтау үшін марапаттау рәсіміне қызметі жоғарылаған профессорлар да шақырылды.
Университеттің Оқыту және білім беру комитеті 2020 жылдан бастап, Ғылым мен оқытуды интеграциялау номинациясына, осы салаға ерекше үлес қосқан ғалым - София Анның есімі берілетінін жариялады.