2019 жылғы НУ-дың Оқыту саласындағы Сыйлығының жеңімпаздары

Университеттің Оқыту және білім беру комитеті 2019 жылдың мамырында НУ-дың 2019 Оқыту саласындағы Сыйлығына ие болған жеңімпаздарды анықтады. Биылғы жылы алты номинацияда жеңімпаз болып танылғандар: 

  • Ғылым мен оқытуды интеграциялау:София Ан (ЖӘГҒМ) 
  • Инновациялық оқыту: Сидни Морроу (ЖӘГҒМ) 
  • Кехинде атындағы Академиялық адалдық сыйлығы: Даниэль Торрано (ЖББМ) 
  • Оқытудағы көшбасшылық: Дуйшонкул Шаматов (ЖББМ) 
  • Оқытуды интернационалдандыру: Бриджет Гудмэн (ЖББМ) 
  • Инклюзивті оқыту: Николас Максвелл, Набила Неймауи, Инес Русиньо Моуга және Рида Эль-Мехдаве (ДМ) 

Үшінші Оқыту сыйлығымен марапаттау рәсімі Басқарушы Кеңес, Академиялық Кеңес, Ғылыми Кеңес, Профессорлық-оқытушылық құрам Сенаты мен Оқыту және білім беру комитеті мүшелерінің, бакалавриат, магистратура және докторантура студенттерінің қатысуымен 2019 жылдың 27 қыркүйегінде өтті. Сондай-ақ құттықтау үшін марапаттау рәсіміне қызметі жоғарылаған профессорлар да шақырылды. Университеттің Оқыту және білім беру комитеті 2020 жылдан бастап, Ғылым мен оқытуды интеграциялау номинациясына, осы салаға ерекше үлес қосқан ғалым - София Анның есімі берілетінін жариялады.