NU magazine

Шілде 2018


мазмұны

Шілде 3

Назарбаев Университетінің Президенті мемлекеттік медальмен марапатталды

2018 жылдың 3 шілдесінде Елордамыздың 20 жылдық мерейтойы қарсаңында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың атынан Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаев Назарбаев Университетінің Президенті Шигео Катсу мырзаны «Астана қаласының дамуына зор үлес қосқан үшін» мемлекеттік медалімен марапаттады.

Еуразия жүрегінде, Астана қаласында орналасқан заманауи және қарқынды дамып келе жатқан – Назарбаев Университеті, осылайша еліміздің одан әрі дамуына ықпал ететін ғылым, технологиялар, кәсіпкерлік, медицина, мемлекеттік басқару, білім беру саласындағы ел көшбасшыларының жаңа буынын оқытуға бағытталған. НУ-дың негізгі ерекшеліктері болып табылатындар: заң түрінде бекітілген академиялық еркіндік және институционалдық дербестік, халықаралық оқытушы-профессорлар құрамы, оқыту мен ғылыми зерттеулерді жүргізудің негізгі тілі ағылшын тілі, оқуға түсу және оқу кезінде қойылатын қатаң академиялық талаптар, сондай-ақ бакалавриат бағдарламасынан бастап білім мен ғылымды интеграциялау.

Шигео Катсу мырзаның басшылығымен, 2010 жылдың желтоқсан айынан бастап, Назарбаев Университеті түрлі салаларда үлкен жетістіктерге жетті.

2017 жылы Назарбаев Университеті Азия университеттері Альянсының бірлескен құрылтайшылары ретінде табылды, сонымен қатар бірлескен зерттеулер, оқытушылар, және студенттер алмасу, бірлескен жазғы бағдардамалар саласында, сондай-ақ бірлескен конференциялар мен семинарлар өткізуде күш-жігерді біріктіру үшін 15 құрылтайшы-университет арасында тығыз байланыс орнатуға септігін тигізді.

Сонымен қатар, 2015 және 2017 жылдары Назарбаев Университетінің екі мектебі: Тау-кен жəне жер туралы ғылымдар мектебі мен Медицина Мектебі алғашқы студенттерге есіктерін ашты.

Назарбаев Университеті қауымдастығының атынан Президент Шигео Катсуды осы мемлекеттік марапатының иегері болған үшін шын жүректен құттықтаймыз!


Шілде 5

Ауыл оқушыларына арналған IQanat республикалық олимпиадасы Назарбаев Университетте өтті

2018 жылдың 2 шілдесінде Назарбаев Университетте IQanat олимпиадасы басталды. Шығыс Қазақстан облысы 6 ауданының 9-сынып оқушысы болып табылатын, 180 финалға қатысушылардың арасында ең мықтылары анықталды. Жеңіске жеткендер ұлттық және шетел университеттерінің гранттарын иемденеді. 4 шілдеде олимпиада қатысушылары үшін олипиаданың республикалық кезеңінің жеңіскерлерін марапаттау және қазақ эстрадасының артисттері қатысумен гала-кеш ұйымдастырылды.

Ауыл мектептерінің оқушыларына арналған IQanat републикалық бағдарламасы - қазақстандық меценаттардың білім беру саласындағы жобасы. Бағдарлама мақсаты - ауыл мектептерінің оқушыларын ұлттық және шетел университеттеріне түсулері үшін қолдау, ынталандыру.Бағдарламаға Қазақстан аймақтары бойынша іріктеу кезеңдері, сондай-ақ еліміздің және шетел бастаушы жоғарғы оқу орындарына грант және стипендиямен түсулеріне қолдау көрсету кіреді.


Маусым 19

Назарбаев Университеті студенттеріне Энергожүйе және жоғары кернеу зертханасының жаңа құрал-жабдықтары қолданысқа берілді

19 маусымда Назарбаев Университетінде бірлескен «Энергожүйе және жоғары кернеу зертханасына» Alageum Electric компаниясынан құрал-жабдықтарды табыстау салтанаты өтті.

Білім беру алаңы болып табылатын зертхана Инженерия Мектебінің Electrical Engineering кафедрасы студенттерінің практикалық сабақтары үшін пайдаланылып, студенттерге электр энергиясын түрлендіру үшін арналған электромагниттік статистикалық құрылғылармен егжей-тегжейлі танысуға мүмкіндік береді. Зертханада жинақталған Alageum Electric құрал-жабдығының құрамына: ТМГ-250/10 трансформаторының макеті, вакуумды ажыратқыш, май ажыратқыш трансформатор, кернеу трансформаторы, екі орамалы құрғақ үш фазалы трансформатор, тоқ трансформаторы кіреді.

«Nazarbayev University Research and Innovation System» жеке мекемесінің атынан Назарбаев Университеті мен Alageum Electric арасындағы ынтымақтастық туралы қол қойылған Келісім аясында оқу, инновациялық және зерттеу қызметтерін дамыту, сондай-ақ энергетика саласындағы жас мамандарды кәсіптік даярлау деңгейін жоғарылату бағытында өзара ынтымақтастық жоспарланып отыр.

Назарбаев Университеті мен Alageum Electric ынтымақтастығының жарасқанына бір жылдан асты. Осы уақыттың ішінде университет профессорлары Шымкент және Кентау қалаларындағы зауыттарда болып, өндірістің технологиялық процестерімен танысып, сынақ алаңдарын көрді, өндіріс процесінде ұшырасатын мәселелер мен қиындықтар туралы ақпарат алды. Осы жылдың сәуір айында Инженерия Мектебінің профессоры Мехди Багери Alageum Electric қызметкерлері үшін екі күндік семинар өткізді. Назарбаев Университетінің студенттері Alageum Electric зауыттарында қазірдің өзінде тағылымдамадан өтуде.


Шілде 16-20

Фудан университетінің Назарбаев Университеттегі студенттік істер бойынша жазғы лагері

2018 жылдың 16-20 шілдесінде «Бір бел – бір жол» бастамасының шегінде екі азиаттық университеттің студенттік істер бойынша тәжірибемен алмасу аптасы өтуде.

Қытайдың Фудан университетінен қонақ болып келген 40 адам – студенттік істер және даму бойынша басшылар, докторанттар, магистрлер, бакалавриат студенттері Қазақстанға студенттік істер, даму, тәлімгерлік, мансап мәселелері бойынша кеңес беру, білім беру салаларындағы ынтымақтастық және тәжірибе алмасу үшін келді.

Жазғы лагерь бағдарламасының академиялық бөлімі шақырылған қонақтар профессор Ма Бин - Ресей мен Орта Азияның талдау орталығы, Халықаралық талдаулар институты, Фудан университеті, Тимур Шаймергенов - ҚР қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министрі, Чжицзян Цуй - Назарбаев Университетінің Бизнес жоғары мектебінің профессоры жүргізетін «Бір бел – бір жол» бастамасы бойынша лекциялардан тұрады.

Бағдарламаның мәдени бөлімінде қонақтар Қазақстанның тарихы мне мәдениеті, Астананың сәуер өнері мне тарихын біліп, Бурабай табиғатын тамашалайды.

Назарбаев Университетінің Фудан Университетімен ынтымақтастығы 2015 жылы, Фудан Университетінің Халықаралық студенттер бөлімінің өкілдері Назарбаев Университетіне сапарынан басталды. Кейін, 2017 жылдың 8-11 маусымында Назарбаев университет Фудан Университетімен бірлесіп ұымдастырған алғашқы Жазғы бағдарлама – «Болашақ энергетикасы және тұрақты инфраструктура» тақырыбында ғаламдық басқару бойынша жастар инновациялық сайысы (YICGG) өтті. Бұл шараға әлемнің 32 елінен 66 студент қатысты. Жылсайынғы бұл шара алғаш 2007 жылы Фудан университетімне ұйымдастырылып, БҰҰДБ қолдауымен Қытайда өтті. Қазіргі уақытта ол жыл сайын әр түрлі елдерде өткізіліп, жастарды ғаламдық басқаруға қатысуларын ынталандырады.

2017 жылы YICGG-2017 шеңберінде Ғаламдық басқару бойынша жастар саммиті ұйымдастырылып, 2017 жылдың 11 шілдесінде Фудан университетінің басшылығы Назарбаев Университетке келді.


Шілде 3-17

Назарбаев Университетінде AUA студенттеріне арналған «Asia Deep Dive» мәдени-білім беру бағдарламасы өткізілді

2018 жылдың 3 - 17шілде аралығында Назарбаев Университетінде Азия Университеттерінің Альянсының (AUA) мүшесі болып табылатын жоғары оқу орындарының студенттеріне арналған «Asia Deep Dive» (ADD) атты жаңа екі апталық мәдени-білім беру бағдарламасы жүзеге асырылды.

24 студенттерден тұратын көпұлтты топ келесі 13 жоғары оқу орындарынан келген: Chulalongkorn University, Hong Kong University of Science and Technology, Indian Institute of Technology, King Saud University, National University of Singapore, Peking University, Seoul National University, Tsinghua University, University of Colombo, University of Malaya, University of Tokyo, University of Yangon және Назарбаев университетінен.

Екі апта ішінде, қатысушылар тақырыптық дәрістерге қатысу, Астана қаласын аралау, сондай-ақ Қазақстанның басқа да аймақтарына саяхат арқылы Қазақстан мен Орталық Азияның мәдениетімен танысуға мүмкіндік алды.

Студенттер қазақ тілі туралы, және де жергілікті мәдениет пен тарих туралы арнайы дәрістер тыңдады. Сонымен қатар, өз саласында көрнекті мамандардың презентациялары арқасында бағдарламала қатысушылары заманауи Қазақстанның дамуы туралы, экономика және денсаулық сақтау iсiн реформалау саласындағы, сондай-ақ цифрландыру және қоғамдық сананы жаңғырту жөніндегі мемлекеттік бағдарламалар туралы білді.

Жергілікті мәдениет және түрлі сипаттағы табиғатпен танысу, сондай-ақ ежелгі Жібек жолының тарихымен танысу үшін, ADD бағдарламасы қатысушылары Қазақстанның оңтүстік өңірлерін аралады. Сапар бағыты Шымкент, Түркістан және Алматы сияқты қалаларды қамтиды.

Назарбаев Университетінде өткен ADD бағдарламасы көпұлтты білім беру ортасын дамыту және студенттер арасында мәдени алмасу жәрдемдесу сияқты AUA мақсаттарына қол жеткізу үшін айтарлықтай үлес қосты.

AAU туралы анықтамалық ақпарат: 2017 жылы бүкіл Азия елдері өкілдерінің 15 жетекші университеті бірлесіп Азия университеттерің Альянсын (AAU) құрды, бұл жалпыға бірдей бейілді, озық тәжірибелері мен желілері бар осы саладағы алғашқы коалиция болып табылады. Альянстың миссиясы өзара ынтымақтастықты нығайту жолымен өңірлік және жаһандық, оның ішінде, жоғары білім берумен және экономикамен, ғылыми-техникалық дамумен байланысты проблемаларды бірлесіп шешу болып табылады.

Шілде 11-12

Назарбаев Университетінің делегациясы Гонконг политехникалық университетіне барды

2018 жылғы 11-12 шілдеде НУ делегациясының Жібек жолы Университет альянсының (UASR) Атқарушы кеңесі мүшелерінің бірі, Гонконг политехникалық университетіне (Hong Kong PolyU) одан әрі ынтымақтастық туралы, әсіресе студенттермен алмасуға қатысты келіссөздер, сондай-ақ университет жұмысы барысымен танысу мақсатындағы сапары сәтті өтті. НУ делегациясы «Халықаралық ынтымақтастық», «Қаржы және бюджеттеу», сондай-ақ «Мұрағат және құжаттама» салаларындағы мүдделерін білдірді.

Сапар барысында қабылдаушы жақ кампусты аралап шығуға, студенттердің орналасуына және жаңа ортаға бейімделуіне, оқу мен мансап жолын одан әрі жоспарлауына көмектесетін, Университеттің қазіргі заманға сай жабдықтарымен, ғимараттарымен және көрсетілетін қызметтерімен таныстырды. Сонымен қатар, қабылдаушы университет халықаралық қатынастар, студенттік істер департаменттеріндегі құрылым мен жұмыс барысын, сондай-ақ Гонконг Университетіндегі шетелдік студенттерге, оқуға түсуге, құжаттамаға, қаржы және аудитке байланысты үрдістерді көрсетті.

Кездесулердің нәтижесінде екі ЖОО арасында студенттермен алмасу туралы ынтымақтастықты кеңейту үшін алдағы қадамдар талқыланып, сондай-ақ инженерия, ғылым және технология саласындағы негізгі басымдықтар анықталды.

НУ-дың Гонконг политехникалық университетімен ынтымақтастығы 2017 жылғы 19 шілдеде жасалған, мақсаты озық тәжірибе алмасу, академиялық ұтқырлықты дамыту, бірлескен ғылыми-зерттеулер мен жобаларды іске асыру салаларындағы ынтымақтастыққа одан әрі ықпал етуге бағытталған өзара түсіністік туралы меморандумнан басталды. Өткен жылы Гонконг политехникалық университетінің Президенті, профессор Тимоти У.Тонг Инжиниринг және қолданбалы ғылым және тоқыма мектептерінің декандарымен бірге НУ-ға келген болады. Сонымен қатар, 2017 жылдың 25-27 шілдесінде 43 бакалавр-студент Гонконг политехникалық университеті мен Сиань Цзяо Тун университеті (Xi'an Jiaotong University) бірлесіп ұйымдастырған «Жібек жолы» халықаралық жазғы мектебіне қатысты. Кейіннен ынтымақтастық әртүрлі конференцияларға қатысумен және өзара сапарлармен қамтамасыз етілді.

ВЕБ-САЙТ

байланыс телефоны