nu magazine

Маусым 2018


мазмұны

Маусым 1-2

Назарбаев Университеті түлектерінің IV оқу бітіру рәсімі

2018 жылғы 1-2 маусымда Назарбаев Университетінде Мемлекет басшысы Н.Ә. Назарбаевтың қатысуымен университет түлектерінің IV оқу бітіру рәсімі өтті.

Биыл бакалавриат, магистратура және PhD бағдарламаларының 811 студенті оқу бітіреді, оның ішінде бакалавриат бағдарламасы бойынша 506 студент, магистратура бағдарламасы бойынша 302 студент және докторантура бағдарламасы бойынша 3 студент.

Түлектердің көпшілік саны Ғылым және технологиялар мектебінің (195 түлек); Инженерия мектебінің (156 түлек); Гуманитарлық және әлеуметтік ғылымдар мектебінің (155 түлек) бакалавриат студенттері болып табылады. Магистрлік бағдарламалар бойынша Жоғары бизнес мектебінде – 64 түлек, Жоғары білім беру мектебінде – 46 түлек, Жоғары мемлекеттік саясат мектебінде – 48 түлек, Гуманитарлық және әлеуметтік ғылымдар мектебінде – 33 түлек, Ғылым және технологиялар мектебінде – 23 түлек, Инженерия мектебінде – 63 түлек, Медицина мектебінде – 25 түлек (алғашқы түлектер). Докторантура бағдарламасы бойынша Жоғары білім беру мектебінде – 3 түлек. Үлкен сұранысқа ие мамандықтардың ішінде электрлік және электронды инженерия, робот техникасы, биологиялық ғылымдар, саясаттану және халықаралық қатынастар, математика және т.б. атап өтілді.

Бүгінгі таңда Университетте тегін білім алатын грант иегерлерінің саны 4 000 адам. Оқуға түсу емтихандарының қорытындылары бойынша ең жоғары нәтижелерге ие болған талапкерлер Назарбаев Университетінде студенттің бүкіл оқу кезеңіндегі шығыстарын өтейтін мемлекеттік білім беру гранты шеңберінде білім алады. Магистранттар мен докторанттарды оқыту да мемлекеттік білім беру гранты шеңберінде жүзеге асырылады. Жоғары бизнес мектебінің бағдарламалары бойынша білім беру ерекше болып табылады. Назарбаев Университетінің Мектептері әлемнің жетекші жоғары оқу орындарымен әріптестікте әзірленген бакалавриат, магистратура және докторантура бағдарламалары бойынша білім береді. Білім беру, ғылым мен өндіріс арасында өзара байланысты қамтамасыз ету үшін, сондай-ақ тиімді академиялық ортаны құру және елдің адами капиталын дамыту үшін таңдаулы ұлттық және халықаралық зерттеушілер университетке шақырылған.

Назарбаев Университетінің түлектері – өз отанында да, сондай-ақ шетелдерде де сұранысқа ие бәсекеге қабілетті жас мамандар. Өткен жылғы алғашқы докторант түлектерді қоса алғанда, бұған дейінгі үш жылдың түлектері, ал олар 1 800-ге жуық студент өткен жылы әр түрлі компанияларға табысты жұмысқа орналасты. «Түлектердің жартысынан көбі бірден жұмысқа орналасады. Олар қаржы қызметтерін көрсету, инженерия, робот техникасы секторларында жұмыс істейді, ірі консалтингтік компанияларға жұмысқа орналасады. Біз көпшілігінің өз бизнесін ашу үрдісін көріп қуанамыз. Біздің студенттеріміз негізінен Қазақстан аумағында жұмыс істейді, ал сыртқа кеткендер білім алуларын жалғастыруда. Студенттердің бір бөлігі халықаралық компанияларға табысты жұмысқа орналасады», – деп атап көрсетті Назарбаев Университетінің Президенті Шигео Катсу. Бұның алдындағы жылдардың 30-дан астам түлектері Еуропаның, Солтүстік Американың және Азияның еңбек нарығында өз орындарын тапты. Олардың арасында Google және Microsoft сияқты жетекші IT-компанияларда, сондай-ақ Силикон алабында жұмысқа орналасқан түлектер де бар.

Маусым 4-5

Назарбаев Университетінің стратегиялық әріптестерінің жыл сайынғы кездесуі

2018 жылдың 4-5 маусымында Назарбаев Университетінде (бұдан әрі – НУ) НУ стратегиялық әріптестерімен жыл сайынғы кездесу өтті. Әріптестер кездесуінің тақырыбы: «21-ғасырдың университетін ой елегінен қайта өткізу. «Технологиялық жаңылыстарға қатысты сын-қатерлер мен жауаптар. Біздің әріптестігімізге тиетін салдары: жол алға жетелейді.» ол Төртінші индустриалды революцияның сын-қатерлерімен және мүмкіндіктермен айқындалды.

Кездесуге Висконсин Мэдисон Университеті (АҚШ), Дьюк Университеті, Фукуа бизнес мектебі (АҚШ), Питтсбург Университеті (АҚШ), Кембридж университеті (Ұлыбритания), Сингапур ұлттық университеті, Ли Куан Ю атындағы Мемлекеттік саясат мектебі (Сингапур), Пенсильвания Университеті (АҚШ), Питсбург Университетінің Медициналық орталығы (АҚШ), Оук Ридж университеттер қауымдастығы (АҚШ) және Колорадо Тау-кен ісі мектебі (АҚШ) ЖОО-әріптестерінің өкілдері қатысты.

Кездесу салтанаты Назарбаев Университетінің Президенті Шигео Кацудың кіріспе сөзімен ашылды, ол әріптестерін құттықтап, ұзақ мерзімді жемісті ынтымақтастық үшін алғысын білдірді және Университетпен әріптестікті жаңа деңгейде жүзеге асыруда бірлескен жұмысты жалғастыру қажеттігін және халықаралық ғылыми-зерттеу университетін әріқарай құруды жалғастыруды, ол Еуразияның тартымдылық пен даму нүктесі болатынын атап көрсетті.

Кездесудің алғашқы күнінде Әріптестер 4.0 Индустриясы классикалық білім беру жүйесіне қаншалықты әсер ететінін, технологияның оқу үдерісіне қандай әсері болатынын, университеттерден қандай дайындық қажет екенін және Университеттің қызметкерлерін өзгерістер енгізу бойынша оқыту және қайта даярлау сияқты мәселелерін талқылады. Екінші күні Ли Куан Ю атындағы Мемлекеттік саясат мектебінің ғылым саласындағы Вице-деканы, қауымдастырылған профессор Эдуардо Арарал «Әріптес мекемелердегі зерттеу стратегиясы. Серіктестер НУ-ды қалай қолдай алады?» тақырыбына семинар өткізді. Сонымен қатар, Питтсбург Университеті, Питсбург Университетінің Медициналық орталығы, Оук Ридж университеттер қауымдастығы, Назарбаев Университетінің Ғылым және технологиялар мектебінің деканымен бірлесіп «Инновациялық бірліктер, жергілікті инкубация және кәсіпкерлік ынтымақтастық» тақырыбына семинар ұйымдастырды.

Назарбаев Университетінің Халықаралық ынтымақтастық департаментінің директоры Әлия Қаймолдинова: «Болашаққа дайындық кезінде біз әлемді және экономиканы өзгерту қарқынын сақтауға және болашақ түлектерді дайындауға арналған құрал ретінде жаңа технологияларды пайдалануды ескеруіміз керек – деп атап өтті.

Бұдан басқа, жоғарыда аталған әріптестер Мемлекет басшысы Н.Ә. Назарбаевтың қатысуымен 2018 жылдың 1-ші маусымында болған университет түлектерінің IV оқу бітіру рәсіміне қатысты.

Маусым 7-8

2018 Жоғары білім беру көшбасшыларының VII Еуразиялық Форумы

2018 жылғы 7-8 маусымда Назарбаев Университетінде озық технологиялар заманында жоғары білім беру саласындағы инновацияларға арналған Жоғары білім беру көшбасшыларының VII Еуразиялық форумы (бұдан әрі – EHELF форумы) өтіп жатыр.

EHELF – Назарбаев Университетінде жыл сайын өтетін және бүкіл әлемде жоғары білім беру көшбасшыларының алдында тұрған мәселелер бойынша пікірлермен алмасу және қызу пікірталастарға қатысу үшін білім беру саласындағы мүдделі тұлғаларды біріктіруге арналған форум.

EHELF форумына Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысы Г.Н. Әбдіқалықова, әлемнің 11 елінен келген, жоғары білімге және ерекше құбылмалы жағдайларда оның даму жолына ықпал ететін әлеуметтік және технологиялық өзгерістерді талқылайтын ғалымдар мен топ–менеджерлер қатысты. Сондай-ақ Назарбаев Университетінің стратегиялық әріптесі – DUKE University, сондай-ақ басқа да шетелдік жоо-лар (Tsinghua University (China), Renmin University (China), The Chinese University of Hong Kong (Hong Kong), Hong Kong University (Hong Kong), University Politehnica of Bucharest (Romania), American University of Central Asia (Kyrgyzstan), Ural Federal University (Russia), Zayed University (UAE), University of New York in Buffalo (USA), Higher School of Economics (Russia), University of New South Wales (Australia) және т.б. қатысты.

EHELF форумының қатысушылары мен қонақтарының алдында Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысы Гүлшара Әбдіқалықова және Назарбаев Университетінің Президенті Шигео Катсу құттықтау сөз сөйледі.

EHELF форумының қатысушылары озық технологиялардың шеңберінде жоғары білімді жаңғыртуға байланысты мәселелерді; Назарбаев Университеті Мектептеріне озық технологиялардың ықпалын; дағдыларды дамыту мен ұзақ мерзімді мақсаттарға қол жеткізудегі жоғары білім беру орындарының рөлін; озық технологиялардың нақты ғылымдарға ықпалын; озық технологиялардың әлеуметтік ғылымдарға ықпалын; озық технологиялардың Орталық Азияға ықпалын; университеттерде енгізілген үздік тәжірибелерді талқылады.

Сондай-ақ EHELF форумының шеңберінде Назарбаев Университетінің тәжірибесін трансляциялау бойынша сессиялар өткізіледі, НУ-дың түрлі департаменттері мен мектептерінің өкілдері ЖОО-лардың оқытушы-профессорлар құрамымен, әкімшілік персоналымен және Қазақстанның рейтингтік агенттіктерінің өкілдерімен академиялық бағдарламаларды әзірлеу, академиялық персоналды іріктеу процесінің негізгі аспектілерімен және басқа да мәселелер бойынша тәжірибемен алмасатын болады.

Сонымен қатар EHELF форумы барысында Назарбаев Университетінің Технопаркі базасында іске асырылған инновациялық эко-жүйені дамыту саласындағы Назарбаев Университетінің тәжірибесімен таныстыратын Назарбаев Университеті Инновациялық кластерінің Astana Business Campus «Create.Innovate.Disrupt.» атты көрмесі ұсынылды.

Маусым 8

Назарбаев Университеті Қытай Халық Университетімен студенттермен алмасу туралы келісімге қол қойды

2018 жылдың 7-8 маусым аралығында Назарбаев Университеті Профессор Ву Сяоцю басқаруымен келген Қытай Халық Университетінің делегациясын қабылдады.

Профессор Ву Сяоцю VII Жоғары білім беру көшбасшыларының Еуразиялық форумының «Университеттермен қолданылатын үздік тәжірибелер» сессиясында баяндамашылардың бірі болды, сонымен қатар Назарбаев Университетінің басшылығымен кездесті. Кездесу қорытындысы бойынша тараптар студенттер алмасу туралы келісімге қол қойды, бұл студенттерге серіктес университеттегі академиялық семестрде оқуға мүмкіндік береді.

2015 жылдан бастап, тараптар жоғары деңгейде бірқатар сапарлармен алмасты және өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойды. Екі жыл қатарынан 30 оқушыға (әр жағынан 15 студент) бірлескен мәдени бағдарлама өткізілді. Биылғы жылы қатысушылар Бейжіңге, Сучжоуға (ҚХР) және Астана қаласына (Қазақстан) барады. Мұндай бағдарламалар мәдениетаралық қарым-қатынас тәжірибесін береді, студенттерді Қытай мен Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық жағдайымен таныстыруға бағытталған.

Қытай Халық университеті (1937 жылы құрылған) – гуманитарлық және әлеуметтік ғылымдарға бағдарланған әртараптандырылған, ғылыми бағдарланған университет. Университет сондай-ақ жаратылыстану ғылымдары, ақпараттық технологиялар және экологиялық ғылымдар бойынша бірнеше курстарды ұсынады. Қытай Халық университеті әлеуметтік және гуманитарлық ғылымдар саласында жоғары білікті мамандарды даярлаудың маңызды базасы болып табылады және көптеген беделді ғылыми-зерттеу және талдау орталықтарына ие.

Маусым 7-8

«Create.Innovate.Disrupt.» – Назарбаев Университетінің Astana Business Campus Инновациялық кластерінің көрмесі

Astana Business Campus Инновациялық кластерінің көрмесі университеттің Технопарк базасындағы іске асырылатын инновациялық эко-жүйені дамытудағы тәжірибесін көрсетті. Бүгінге Кластер жобалырының портфеліне 30-дан астам табысты стартаптар, инновациялық жобалар мен өнеркәсіптің тапсырысы бойынша іске асырылған жобалар кіреді. Олардың барлығы «Create.Innovate.Disrupt.» көрмесінде ұсынылды.

EHELF форумының қатысушылары бизнес-инкубатордың және бизнес-акселератордың, коммерцияландыру кеңсесінің жұмыстарымен және Технопарктың инфрақұрылымымен танысты

Веб-сайт

ПОШТА