nu magazine

Қазан 2018


мазмұны

Қазан 2-3

Назарбаев Университетінің студенттері жобаны іске асыруға арналған ірі сомаға ие болды

2018 жылдың 2-3 қазанында Астана қаласында «KazEnergy» жастар конференциясы шеңберінде «Student Energy Challenge» зияткерлік конукрсы өтті. Назарбаев Университеті 4- курс студенттерінің «NU SynGas» командасы «Қатты қалдықтарды газдандыру» жобасымен жүлделі екінші орынды иеленді.

Екі күн бойы қазылар алқасы үш үздік команданы таңдады. Назарбаев Университетінің, Қазақстан-Британ техникалық университетінің және Алматы энергетика және байланыс университетінің командалары жеңімпаз деп танылды. 

NU SynGas командасының мүшелері Руслан Полищуктің, Асқарбек Пазылбековтің, Данияр Жолдасбайдың және Телқожа Мұстафаның айтуы бойынша, олардың экологиялық жобаларын Қазақстанда қазірдің өзінде іске асыруға мүмкіндік бар. 5000 АҚШ доллары көлеміндегі жүлдені жігіттер өз жобаларын одан әрі іске асыруға жұмсамақ. 

Конкурстың финалына Назарбаев Университетінің «NU SynGas» және «Quadra» екі студенттер командасы бірден өтті, сондай-ақ Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университетінің, Қ. Сәтпаев атындағы Екібастұз инженерлік-техникалық институтының, Ш. Есенов атындағы Каспий мемлекеттік технологиялар және инжиниринг университетінің және Атырау мұнай және газ университетінің командалары іріктелді. 

Еске сала кетейік, «Student Energy Challenge конкурсы екінші рет өткізіліп отыр және ол Қазақстанның техникалық жоғары оқу орындарының студенттеріне жаһандық энергетикалық мәселелерді шешу саласында өздерінің инновациялық жобаларын ұсынуға бірегей мүмкіндік береді.

Қазан 11-12

Назарбаев Университетінде Регистратор Офисінің конференциясы өтті

2018 жылдың 11 және 12 қазанында Назарбаев Университеті Регистратор Офисі ұсынылатын сервистік қызметтің сапасын жақсарту, Регистратор Офисінің бизнес-үдерістерін оңтайландыру және автоматтандыру мәселелеріне арналған алғашқы конференция өткізді.

Конференцияға қатысушылардың арасында Қазақстанның жетпістен астам жоғары оқу орыны, жоғары оқу орындары үшін бағдарламалық қамтамасыз ету ұсынатын компаниялардың (Ellucian, Plagiat.pl, Platonus, Somnium) өкілдері және Висконсин Мэдисон Университетінің (АҚШ) Қауымдастырылған регистраторы болды. 

Конференция екі күн бойы әртүрлі бағыттар бойынша пленарлық және тақырыптық сессиялар, дөңгелек үстелдер және пікірталастар жоспарлап отыр: Регистратор Офисіндегі басқару және бизнес-модель, онлайн-кестелерді жасау және жоспарлау, автоматтандырылған ақпараттық жүйелер: мүмкіндіктері мен тәуекелдері және т.б. 

Естеріңізге сала кетейік, 2017 жылы Алматыда Назарбаев Университетінің Регистратор Офисі Қ.И. Сәтпаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық зерттеу университетімен бірлесіп бірінші семинар өткізді, оған Қазақстанның 5 облысынан және 40 университетінен 150 адам, оның ішінде жоғары оқу орындарының проректорлары қатысты. Семинардың мақсаты – бұрын олардың алдында тұрған міндеттерді әр қайсысы жеке шешуге мәжбүр болған Офис қызметкерлерінің қарым-қатынас жасауы мен тәжірибе алмасуы үшін бірыңғай алаң жасау.

Мемлекет басшысы «Назарбаев Университеті» дербес білім беру мекемесінің президенті Шигео Катсумен кездесті

Кездесуге Президент Әкімшілігінің Басшысы Ә.Исекешев, Денсаулық сақтау министрі Е.Біртанов, «University Medical Center» корпоративтік қоры басқармасының төрағасы Ж.Жұмаділов қатысты.

Елбасыға «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» атты биылғы жолдауда айтылған Астанадағы Ұлттық ғылыми онкологиялық орталық құрылысының тұжырымдамасы ұсынылды. 

Денсаулық сақтау министрінің мәліметіне сәйкес, бұл орталықтың құрылыс жұмыстары биыл басталады. Жаңа медицина мекемесінде қатерлі ісік ауруларына диагностика жасап, емдеу үшін озық технология, соның ішінде лазерлік, сәулелік, жасушалы-иммунді терапия және өзге де заманауи әдістер қолданылатын болады. 

Сонымен қатар, Мемлекет басшысына жолдаудағы жекелеген бағыттарды іске асыруға қатысты Назарбаев Университетінің қазіргі жұмыстары жөнінде баяндалды. 

Ш.Катсу Қазақстан Президентіне Инновациялық кластердің жұмыс жоспары мен университеттің ғылыми-зертханалық кешенінің іске қосылуы жөнінде мәлімдеп, Назарбаев зияткерлік мектептерін дамытудың бірқатар мәселелерін атап өтті. 

Кездесу қорытындысы бойынша Нұрсұлтан Назарбаев бірқатар нақты тапсырма берді.

Қазан 15

Сколково студенттері Назарбаев Университетінің Жоғары бизнес мектебінде білім алатын болады

Назарбаев Университетінің Жоғары бизнес мектебі Сколково Мәскеу басқару мектебінің (Ресей Федерациясы) ЕМВА for Eurasia бағдарламасы шеңберінде көшпелі оқу модулін ұйымдастыратын болды. Сколково студенттері келесі жылы келеді деп күтілуде.

Тиісті келісімге 2018 жылы 15 қазан күні РФ Премьер министрі Дмитрий Медведевтің қатысуымен, Назарбаев Университеті Жоғары бизнес мектебінің Деканы Патрик Дюпарк (Patrick Duparcq) және Сколково Мәскеу басқару мектебінің Президенті Андрей Шаронов қолдарын қойған өзара түсіністік туралы меморандум шеңберінде қол жеткізілген болатын.

ЕМВА for Eurasia бағдарламасы Сколково Мәскеу басқару мектебі мен Гонконг ғылым және технология университетінің (HKUST) стратегиялық әріптестігі шеңберінде келесі жылдың қараша айында басталады. Сколково студенттерін оқыту Еуропа, Азия және Солтүстік Американың жеті елінде өткізілетін болады. Назарбаев Университетінің Жоғары бизнес мектебінде Operations Management операциялық менеджмент оқу модулі жоспарланып отыр.

2016 жылы Назарбаев Университетінің Жоғары бизнес мектебі Дьюк Университетінің (АҚШ) The Duke MBA—Global Executive program бағдарламасының тыңдаушыларына көшпелі оқу модулін ұйымдастырудың тұңғыш тәжірибесін алған болатын. Сол кезде Азия, Еуропа, Солтүстік және Оңтүстік Американың 13 елінен 29 студент Астанаға оқуға келген.

Қазан 15-21

Назарбаев Университетінде Х Халықаралық Ашық қолжетімділік апталығы өтті

2018 жылдың 15 – 21 қазан аралығында Халықаралық Ашық қолжетімділік апталығы шеңберінде Назарбаев Университетінің кітапханасының ұйымдастыруымен семинарлар, дәрістер және воркшоптар өтті.

Лесли Мойо, Висконсин-Мэдисон университетінің кітапханашысы, және Дәмел Мектепбаева, жас ғалым және Назарбаев Университетінің инновацияларды дамыту департаментінің аға менеджері, ашық қолжетімділік туралы дәрістер топтамасын өткізді. «Nomad Debate Club» студенттік клубының «Ашық қолжетімділік: ИЯ ма ЖОК па?» тақырыбында дебат өткізді. 

Іс-шара бағдарламасында Висконсин-Мэдисон университетінен шақырылған қонақтың ашық дәрістері, бірегей баяндамалар, пікірталастар сондай-ақ, фильмдер мен талқылаулар болды. 

Іс-шараға қатысушылар арасында ҚР Ұлттық кітапханасының, кардиохирургиялық орталық кітапханасының және Назарбаев Университеті қауымдастығының өкілдері болды. 

Естеріңізге сала кетейік, Халықаралық ашық қолжетімділік апталығы – ашық қолжетімділіктің маңыздылығын және білімді тарату моделі ретінде ашық қолжетімділіктің маңыздылығын қолдау мақсатында өткізілетін жыл сайынғы іс-шара.

Қазан 18

Research Day Назарбаев Университетінде

2018 жылғы 18 қазанда Назарбаев Университетінде көптен күткен Research Day өтті. Университеттің студенттері, профессорлары мен зерттеушілері әртүрлі ғылыми салаларда 100-ден астам жобаларын ұсынды. Айтпақшы, бұл жолы ғылыми жобалардың презентациялары 2018 жылдың желтоқсан айына жоспарланған жаңа С-4 ғимаратында өткен.

Берілген жобалардың ауызша таныстырылымы биомедицина, инженерия және ғылымдар бағыттары бойынша өтті. Биомедицина саласындағы бірнеше жобалар туберкулезді, артритті, респираторлық және басқа ауруларды диагностикалауға қатысты. Инженерия саласында гидрометеорологиялық жүйелер, жаңа материалдар, аккумуляторлар және т.б. бойынша бірқатар зерттеулер ұсынылды. 

Айта кететін жайт, бұл жолы бір уақытта бірнеше гендерлік зерттеулер ұсынылды, бұл тақырыптың қазіргі заманғы қазақстандық қоғамдағы өзектілігін көрсетеді.

Қазан 24-28

Назарбаев Университетінің студенттері iGEM-2018 конкурсында алтын медаль жеңіп алды

2018 жылғы 24 – 28 қазан аралығындағы кезеңде Назарбаев Университетінің «NU_Kazakhstan» студенттік командасы Бостон қаласында, АҚШ, өткен iGEM 2018 (International Genetically Engineered Machine) конкурсында алтын медаль жеңіп алды. Бұдан басқа, Назарбаев Университеті студенттерінің командасы алғаш рет «Қоршаған ортаны қорғау жөніндегі үздік жоба» атағына ие болды.

Назарбаев Университетінің Ғылым және технологиялар мектебінің үш студенті Дәулет Айтымбаев, Әсел Мұқанова және Әйгерім Әбдіманова «Қауіпті қалдықтардан бастап функционалдық наноматериалдарға дейін: Цианобактерияларды пайдалана отырып, күкіртті мұнайдың қалдықтарын биоремедиациялау» жобасын халықаралық конкурсқа ұсынды. Жобамен танысу үшін мына сайтқа кіріңіз: http://2018.igem.org/Team:NU_Kazakhstan 

Назарбаев Университетінің студенттер командасы праймермен қамтамасыз еткені үшін Ғылым және технологиялар мектебінің ассистент профессоры Абдулла Махбубқа және Ұлттық ғылыми биотехнология орталығына өз алғысын білдіреді. 

Осы жылғы студенттік команданың мүшелері: Дәулет Айтымбаев, Әсел Мұқанова, Әйгерім Әбдіманова, Ләззат Бекіш, Нихола Мираширова, Қуаныш Сарқытбаев, Атабек Бектас, Айдана Төлешова, Томирис Мүлікова, Аягөз Мейірханова, Рамина Әдбімананова, Алямдар Әскеров, Айғаным Әбдірайымова, Нұргүл Махметова және Мәлика Хасенова. 

Естеріңізге сала кетейік, 2017 жылы Ғылым және технологиялар мектебінің жоғары курсының үш студенті Вальдемир Ким, Мәриям Әкіжанова және Еркежан Қалиханова осы халықаралық конкурста синтетикалық биология бойынша «Микробалдырларды пайдалана отырып ағынды сулардан Cr (VI) биоремедиациялау» жобасын ұсынып, алтын медаль алған болатын.

Қазан 26

Назарбаев Университеті Мағжан Жұмабаевтың 125-жылдығын тойлайды

26 қазан 2018 жылы Назарбаев Университетінде қазақтың ұлы ақыны Мағжан Жұмабаевтың 125 жылдығына арналған «Мағжан рухы және 21 ғасыр жастары» атты Мағжан оқуларының қорытынды іс-шарасы өтті.

Назарбаев Университетінің студенттері «Мен жастарға сенемін» атты қазақ, ағылшын тілдерінде әдеби-композициялық қойылым ұсынды. Қойылым өте сезімтал болды. Іс-шараның ұйымдастырушы - «Рухани жаңғыру» мәдени орталығы мен Қазақ тілі және түркітану кафедрасы. 

Бұл іс-шараға Назарбаев Университетінің ұжымынан басқа да Мағжан шығармашылығын зерттеп жүрген ғалымдар, қазақстандық қоғам қайраткерлері, журналистер және ақын-жазушылар, Астана қаласының оқушылары, студенттері қатысты. Астана Түркия, Әзірбайжан және Татарстанның бастамасын жалғастырып, Македонияның алдында Мағжан Жұмабаевтың ресми мерейтойын өткізді.  

Қазан 26-31

Назарбаев Университетінің математиктері жүлделермен оралды

Назарбаев Университетінің командасы 2018 ж. 26 және 31 қазан аралығында Хорезм қаласында (Өзбекстан) әл-Хорезм Халықаралық студенттік математикалық олимпиадасында (ӘХХСМО) үш күміс медаль және арнаулы марапатына ие болды.

ӘХХСМОолимпиадасы – Өзбекстан Президенті Шавкат Мирзиеевтің бастамасы болып табылады. Бұл бакалавр студенттеріне арналған бес дисциплиналар бойынша: олардын ішінде алгебра, анализ, сандар теориясы, геометрия және комбинаторика бойынша тұңғыш халықаралық математикалықө олимпиада болып табылады. 

Назарбаев Университетінің Ғылым және технологиялар мектебінің студенттерінен құрылған NU командасының мүшелері: 3 курс студенттері – Мақсат Қуанышбай және Азат Азамат; 2 курс студенттері – Бақытжан Құрманбек және Саддам Асматуллаев; 1 курс студенті Бақдаурен Нарбаев. Бақдаурен Нарбаев, Бақытжан Құрманбек және Мақсат Қуанышбай үш күміс медаль иегері аталып, Саддам Асматуллаев – жеке мақтау қағазын, ал Азат Азамат – арнаулы сертификат алды. 

Олимпиадаға Ұлыбритания, Қытай, Қазақстан, Ресей, Чех Республикасы, БАЭ, Иран, Болгария, словения, Майлазия, Эстония тағы басқа 58 елдерінен студенттер қатысты.

Бюллетеньнің қазан айы басылымы

Құрметті НУ Қауымдастығы және серіктестер!

НУ Мансап және кәсіптік бағдарлау орталығы назарыңызға

Бюллетеньнің қазан айы басылымын ұсынуға қуанышты! 

 Оқуыңыз көңілді болсын!

Оқу