мазмұны

Назарбаев Университетінде кез-келген адам стандартталған халықаралық тестті тапсыра алады

Назарбаев Университетінің тестілеу орталығы өз қызметін 2017 жылы бастады. Кез келген адам Назарбаев Университетінде SAT, TOEFL, GRE, GMAT, TOEFL iTP, TOEFL iBT, TOEIC секілді халықаралық стандартталған тесттерін ғана емес, сонымен қатар IELTS сынама тестін Назарбаев Университетінде тапсыруға толық мүмкіндігі бар.

2017 жылдың қараша айында тестілеу орталығында алғаш рет 150-ден астам үміткер халықаралық SAT тестін тапсырды және осының нітижесінде Қазақстанда тестілеу орталығы SAT тестін өткізу бойыша ең ірі орталық болдып табылды. Сонымен қатар, тестілеу орталығы халықаралық TOEIC тестін өткізу үшін Қазақстандағы алғашқы ресми тестілеу орталығы болды. 

Көп ұзамай Назарбаев Университетінің негізінде GMAT, GRE және TOEFL халықаралық компьютерлік тестілеу орталығы, сондай-ақ Қазақстандағы Британдық Кеңесімен серіктестік аясында IELTS тестін өткізу жоспарлануда. 

Орталық әріптестерінің қатарына халықаралық тестілеуді әзірлеушілер мен оның жетекшілері болып табылатын ETS, ETS Global, College Board, Pearson VUE тәрізді халықаралық тестілеу ұйымдары қосылды.

Назарбаев Университеті «Ғылым көшбасшысы» атты Web of Science марапатына ие болды

2018 жылғы 20 қыркүйекте Назарбаев Университеті «Web of Science Core Collection» дерекқорына сәйкес соңғы бес ішіндегі Қазақстан Республикасының бес университетінің арасында «ғылыми жарияланымдарға сілтеме жасау саласындағы көшбасшы» номинациясы бойынша «Ғылым көшбасшысы» атты Web of Science тәуелсіз марапатына ие болды.

Жыл сайын Clarivate Analytics халықаралық компаниясы «Ғылым көшбасшысы» Web of Science марапатын жоғары білімді және ғылыми зерттеулерді дамытуға қосқан үлесі өте тиімді және маңызды болып табылатын білім беру мекемелеріне, ғылыми-зерттеу институттарына, ғылыми журналдар мен жеке ғалымдарға тағайындайды. 

Бұл марапат жаһандық және өңірлік академиялық қоғамдастық арасындағы ең беделдісі және оның лауреаттарының саны әлемде ешқашанда 500-ден асқан емес. 

2011 жылдан бастап Қазақстандағы жыл сайынғы марапаттау рәсімінде белгілі ғалымдар мен зерттеушілерге, сондай-ақ мемлекеттік органдардың өкілдері мен бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдеріне сыйлық беріледі. 

Назарбаев Университетiнің ғалымдары көптеген салаларда зерттеулер жүргізеді және инновацияларды енгізу, талдау және ынтымақтасу арқылы адамдардың білімін одан әрі дамытуға тырысады. Назарбаев Университеті құрылғаннан бері 8 жыл бойы, 500-ден астам оқушыларымен және зерттеушілерімен бірге, Қазақстандағы жетекші зерттеу университеттерінің бірі болып табылады.

Назарбаев Университетінде алғаш рет Киберспорт турнирі өтті

2018 жылдың 29 қыркүйегінде Астана қаласы әкімдігінің қолдауымен Назарбаев Университетінде күздің ең үлкен оқиғасы – «Astana Atrium Games» және «Ашык есiк күні» киберспорттық турнирі өткізілді.

Ресми ашылу рәсіміне Студенттік мәселелер және халықаралық ынтымақтастық жөніндегі вице-президент Қадиша Даирова, Астана қаласы әкімдігінің басшылығы, Қазақстанның eSports ұйымдарының өкілдері және 5 мыңнан астам қатысушылар қатысты. 

«Біздің университет үшін бұл – киберспортты дамытудың жаңа бағыты. Біз бұл шараны алғаш рет өткізіп отырмыз және бұл шара бүкіл Қазақстандағы барлық киберспортшылар арасында жыл сайынғы турнир болады деп үміттенеміз», – деді Назарбаев Университетінің студенттік мәселелер және халықаралық ынтымақтастық жөніндегі вице-президенті Қадиша Даирова. 

«Astana Atrium Games» киберспорттық іс-шарасын компьютерлерде, консольдерде ойнауды таңдауға болатын кең ауқымды ойын аймағы ұсынылды, сонымен қатар әртүрлі пәндер бойынша турнирлер – Dota2, CS: GO, Hearthstone, FIFA және Mortal Combat өткізілді. Бұл киберпәндерді таңдау бүгінгі жастардың виртуалдық шайқастардағы қызығушылығына байланысты. Барлық келушілер еркін жарыстарға қатысуға және іс-шараның серіктестерінен бағалы сыйлықтар алуға мүмкіндік алды. 

«Киберспортқа әуесқойлық мені алма матер қабырғасына – Назарбаев Университетінде сарапшы ретінде болуға әкеледі деп ойламадым. Соңғы кезде киберспорттың жылдам дамып келе жатқаны және Назарбаев Университеті бұл бағытты дамыту туралы шешім қабылдамай, қуана келмегеніне қуаныштымын», – деп атап өтті Қазақстан Киберпанк Федерациясының атқарушы директоры Рустем Куштаев. 

Astana Atrium Games – бұл электрондық спорт пен гик мәдениетін өзара тығыз байланыстыратын қалалық іс-шара. Astana Atrium Games алғаш рет Астана қаласы әкімдігінің қолдауымен Назарбаев Университетінде өтті. Іс-шараны Қазақстандағы отандық және компьютерлік техниканың жетекші ұлттық желісі «Технодом» қаржыландырды. Іс-шараның серіктестері – Cyberroom Astana, Geekmarket, AG, HyperX, Қазақстандық Киберпанк Федерациясы. Бұл іс-шараға Hardee’s, ButerBro, HealthProject және Evrikum қолдау көрсетті.

Назарбаев Университетінің оқытушы-профессорлар құрамының мүшелерін марапаттаудың екінші рәсімі өтті

2018 жылдың 21 қыркүйегінде Назарбаев Университетінің оқытушы-профессорлар құрамының мүшелерін марапаттаудың екінші рәсімі өтті. Жоғары жетістектері үшін марапаттау хаттары келесі номинациялар бойынша берілді:

- Ғылым мен оқытудың интеграциясы,

- Инновациялық оқыту,

- Профессор Э. Кехинде атындағы Академиялық адалдық наградасы,

- Оқыту саласындағы көшбасшылық,

- Инклюзивті оқыту,

- Оқыту саласындағы интернационалдандыру.

Номинациялар бойынша үміткерлер тізімі Университет Мектептерінің Оқыту және білім беру комитеттерінің ұсыныстарының негізінде тағайындалды. Биыл номинациялар бойынша жеңімпаздар:

Ғылым мен оқытуды интеграциялау: Эрика Альперт (ГӘҒМ) және Майкл Гуд (ҒТМ),

Инновациялық оқыту: Четан Пурушотама (ММ) және Дуйшон Шаматов (ЖББМ),

Кехинде атындағы Академиялық адалдық сыйлығы: Сұлушаш Керімқұлова (ЖББМ),

Оқытудағы көшбасшылық: Байрон Крэйп (ММ),

Оқытуды интернационалдандыру: Салтанат Ахметова (ГӘҒМ),

Инклюзивті оқыту: Мишель Сомертон (ЖББН).

Назарбаев Университетінде оқуытуда жүлделермен марапаттаудың алғашқы рәсімі 2017 жылғы 22 қарашада өтті.

Бұдан басқа, Басқарушы Кеңес, Академиялық Кеңес, Ғылыми Кеңес, Оқытушылық-профессорлық құрам Сенаты және Оқыту және тәрбиелеу комитетінің мүшелері қызметі жоғарылытылған профессорларды құттықтады.


МАНСАП ЖӘНЕ КӘСІПТІК БАҒДАРЛАУ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ ЖАҢАЛЫҚТАР ДАЙДЖЕСТI


ЖАҢАЛЫҚТАР ДАЙДЖЕСТI


Кәсіптік тәжірибе өту туралы Бюллетеньнің арнайы нұсқасы


НАЗАРБАЕВ УНИВЕРСИТЕТІНІҢ ПРОФЕССОРЫ КІТАБЫН ЖАРИЯЛАДЫ

1970 жылдарда кедейлік, оқшаулану және тоқыраудан әлемдегі екінші ірі экономика деңгейіне жеткен Қытай адамзат тарихында елдің түбегейлі трансформациясының бұрын-соңды болмаған үлгісі болуы мүмкін. Заманауи әлем Қытайға ықыласпен қарай бастады. Алайда, қытай экономикасының өсуі де көптеген терең проблемалар мен бәсекелес идеологияларды жасырады. Экономикалық, идеологиялық және саяси тұрғыдан алғанда Қытай өзгерістерден өткені сөзсіз, бірақ көп мәселелер әлі күнге дейін белгісіз. Бұл кітаптың мақсаты - ел тұрғындарының күнделікті өмірін зерттеуге негізделген Қытайдың өзгеруінің мәнін жеткізу. Саяси ахуалды этнографиялық контексте қарастырған кезде, «Күнделікті Қытайдың саясаты» оқырмандарды мәселенің үстіртін сипаттамасымен шектемей отыра, қытай оқушыларына да, осы тақырыпты талқылаған адамдарға да феноменнің мәнін түсінуге көмектеседі.

ақпарат

Нейл Коллинз Назарбаев Университетінің саяси ғылымдар профессоры, Қазақстан.

Дэвид О'Брайн - Қытайдың Нинбо қаласындағы Ноттингем университетіндегі Халықаралық зерттеулер мектебінің оқытушысы.

Баспагер: Manchester University Press (Manchester University Press)

Жариялау күні: 2018 жылдың қыркүйек айы

Назарбаев Университетінде Ұлы жазушы Шыңғыс Айтматовтың 90 жылдығы атап өтілді

2018 жылы 11 қыркүйекте Назарбаев Университетінде әлемге әйгілі жазушы Шыңғыс Айтматовтың 90 жылдық мерейтойына орай «Шынғыс Айтматов – адамзат гуманизімінің шынары» атты әдеби-театрланған кеш ұйымдастырылды.

Іс-шараға Қырғызстанның мемлекеттік қайраткері Асқар Айтматов, Қырғызстанның ғалымы - әдебиеттанушы Абдылдажан Акматалиев, Ш.Айтматовтың шығармашылығын зерттеуші, Ардахан университетінің профессоры (Түркия) Орхан Сойлемез, Қазақстан Республикасындағы Қырғызстан мен Түркия елшіліктерінің өкілдері, ғалымдар, журналистер, Қазақстанның мәдениет қайраткерлері, еліміздің жоғары оқу орындарының оқытушылары мен студенттері қатысты.

Іс-шара барысында Назарбаев Университетінің ГӘҒМ, ҒТМ 2-4 курс студенттері: Балталы Ақерке, Батырбай Гүлбике, Батырбаева Жанерке, Бескемпірова Аружан, Бөкембай Гүлсара, Каденова Аида, Қали Әсет, Қалыбек Нұрсултан, Қаматаева Аяжан, Катренов Саян, Хабибулла Мирас, Халмет Наргиз, Қуанышев Нұрдаулет, Маликова Назым, Мамет Анель, Сағадатова Ханшайым, Түгел Мухаммед және Тулабберген Зәйтуна Ш.Айтматовтың шығармаларына негізделген театрландырылған қойылымдар мен «Раймалы мен Бегімайдың жырын» орындады.

Іс-шараның мақсаты студенттердің рухани-адамгершілік мәдениетін қалыптастыру және оларды Назарбаев Университетінің бірлескен мәдени іс-шараларына барынша тарту болды.

Назарбаев Университетінің және Қытай халықтық университетінің 30 студенті Қазақстанның жастар көшбасшылығы бағдарламасына қатысты

22 күн аралығында, 16 шілдеден 5 тамызға дейін Назарбаев Университетінің (бұдан әрі – НУ) 15 студенті және Қытай Халықтық университетінің (бұдан әрі – Ренмин) 15 студенті EYAS 2018 мәдени алмасу бағдарламасына қатысты. Бұл мәдени алмасу бағдарламасының мақсаты студенттерге басқа елдің мәдениеті туралы көбірек біліп қана қоймай, басқа елдің өкілдерінің өмірінің әртүрлі аспектілерін терең түсінуіне мүмкіндік беру жасау болды. Отыз болашақ көшбасшыларыШЫҰ үлгісі мен пікірсайыстары, топтық сессиялар, пікірталастар мен мәдени орындарға бару секілді дәрістер, академиялық іс-шараларға қатысты.

Бағдарламаның бірінші бөлігі 16 шілдеден 26 шілдеге дейін Қытайдың екі қаласында – Бейжіңде және Сучжоуда өтті. Студенттер Бейжіңнің тыйым салынған қаласы, Жазғы сарай және Ұлы Қытай қорғаны сияқты көрікті мәдени жерлеріне барды. Бағдарламаның академиялық бөлігінде саясат, экономика, бизнес және халықаралық ұйымдар сұрақтары бойынша профессорлар дәріс оқыды. ШЫҰ моделі бойынша студенттердің жаһандық мәселелерді сыни түрде талдай білуге және қатысушы елдерінің мүдделерін қорғай білуі талап етілді. Сонымен қатар студенттер гуженг ұлттық аспабын ойнап, кунг-фу театрына барып, қытай мәдениетімен тереңірек зерделеу дәстүрлі шай рәсіміне қатысу, сондай-ақ, судағы қала – Тонглиге бару мүмкіндігіне ие болды. . 

26 шілде – 5 тамыз аралығында Астана мен Бурабайда Бағдарламаның екінші бөлігі өтті. Студенттер Қазақстанның жас астанасымен танысты, «Бәйтерек», «Бейбітшілік пен келісім сарайы», «Қазақстан Республикасының Ұлттық мұражайы» және басқа да көптеген жерлерді аралады. Университет профессорларының дәрістері халықаралық ұйымдар, шығармашылық және жасампаздық, білім беру және маркетинг тақырыптарына арналды. НУ студенттері де халықаралық ұйымдардың EYAS 2018 негізгі тақырыбымен тығыз байланысты резолюциялары бар талқылау іс-шараларын (пікірталастар) дайындады. Пікірталастар сыни ойлауды және дұрыс дәлелдеу дағдыларын, сондай-ақ топ ішіндегі қарым-қатынасты талап етті. Ренмин студенттері де Бурабайда атқа міну, дәстүрлі ұлттық киімдер киіп, қазақ ұлттық билеріне үйрену, домбыра тарту арқылы Қазақстанның мәдениетінің байлығын тереңірек ұғынды 

Назарбаев Университетінің және Қытай Халық университетінің екінші курс студенттеріне арналған Қазақстандық жастар көшбасшылығы бағдарламасы аясында достық қарым-қатынас орнату, келіп жатқан елдерді түсінуді тереңдету және олардың көкжиегін кеңейтуге бірегей мүмкіндігі бар. 2017 жылы Renmin Университетінің және Ренмин университетінің студенттері үш апталық мәдени бағдарлама аясында Қазақстан мен Қытайға сапар шекті.