Әдетте кетчупті қалай қолданамын? Тағамның дәмін келтіру үшін бе? Материалдарды бекітуге арналған шегелерді ше? Ал москит торын ше, масалар мен шыбын-шіркейден қорғану үшін бе? Назарбаев Университетінің қызметкері Қанат Нұртазин өз суреттерін жасау үшін кәдімгі материалдарды, кейде азық-түлік өнімдерін пайдаланады. Өткен жылы оның ерекше хоббиі “Nickelodeon” Халықаралық балалар-жасөспірімдер телевизия арнасының назарына іліксе, ал бүгін Қанаттың кейбір жұмыстары Нью-Йорктегі Nickelodeon бас офисінің сәнін келтіріп тұр.
Қанат Нұртазин, Назарбаев Университеті Дайындық мектебінің менеджері, міне, ол бес жылға жуық түрлі үстіңгі беттерде карвингпен бедер-суреттер салумен шұғылданады. 2014 жылы Қанат “сурет салудың 100 әдісі” өз челленджін іске қосты. Әзірше, ол 50 әдісті сыннан өткізді. Барлық жұмыстарды Қанат өзінің Instagram өз беттерінде көрсетеді.
– Өзіңіздің “Сурет салудың 100 әдісі” туралы айтып беріңізші?
– Сурет салудың 100 әдісі – менің хоббиім. Мен картиналарды әр түрлі әдістермен жасауға тырысамын және бұл ретте әртүрлі дәстүрлі емес материалдарды пайдаланамын. Сондықтан, менің қоржынымда шегелер, жіптер, шай жапырақтары, ағаш жапырақтары, көлеңкелер, банан, Нутелла, кетчуп, қамырдан және т.б. жасалған жұмыстар бар. Қазір менің топтамаларымда сурет салудың 50-ден астам әдісі қамтылған.
– Жұмы істеу үшін шабытты қайдан аласыз?
– Белгілі бір шабыт көзі жоқ, әдетте бәрі кенеттен болады. Мысалы, көрген фильмнен, кейбір оқиғалардан, музыкадан немесе көшеде көргендерден шабыт алуым мүмкін.
– Сіз халықаралық аренада танымал болдыңыз. “Nickelodeon” компаниясымен жұмыс істеу тәжірибесі туралы айтып беріңізші.
– Олар интернетте менің жұмысымды көрген екен, оларға ағаш жапырақтарынан жасалған карвинг идеясы ерекше ұнапты. Маған Instagram арқылы ынтымақтасуға ұсыныс жасады. Олар өз мультфильмдерінің күзгі жапырақтардан оюланған кейіпкерлерін жасауға тапсырыс берді: Мен барлық персонаждардың фотосуреттерін түсіріп алдым да, посылкамен Нью-Йоркке жібердім.
– Сіздің алғашқы көрмеңіз қашан болды?
– Менің алғашқы көрмем өткен жылы ұйымдастырылды. 25 қыркүйекте басталып, Бейбітшілік және келісім сарайында “Құланшы” арт-орталығында болды, мерзімі өткеннен кейін, Сарайдың әкімшілігі көрмені 25 желтоқсанға дейін ұзартуға ұсыныс жасады.
– Сіз қандай материалда сурет салуды армандайсыз?
– Мен майлы бояумен ешқашан сурет салып көрмеппін, міндетті түрде оны да байқап-көргім келеді. Қазір мені үш өлшемді кеңістікте туынды жасау мүмкіндігі ретінде инсталляция қызықтырады.
– Назарбаев Университетіндегі жұмысыңыз сіздің талантыңыздың дамуына әсер ете ме?
– Мен өз хоббиіммен жұмыстан тыс уақытта айналысуға тырысамын, бірақ әріптестерім мені әрдайым қолдап отырады.
Назарбаев Университетінде халал стандарттарына сәйкес биологиялық белсенді қоспа әзірленді
Назарбаев Университетінің National Laboratory Astana (NLA) Өмір туралы ғылымдар орталығының ғалымдары құрғақ бие сүті (саумал), өсімдік және метабиотикалық компоненттер негізінде жасалған жаңа ББҚ-өнім әзірледі. Жаңа өнім “Саумет” деген жұмыс атына ие болды. Ол жаңа 2019 жыл қарсаңында ашылған Қарағанды облысы зауытының жаңа өндірістік желісінде капсулалар түрінде шығарылады. Жоба “Ғылым қоры” АҚ қаржылық қолдауымен іске асырылады.
Назарбаев Университеті Азия елдері арасында ірі студенттік конференцияны өткізу алаңы ретінде таңдап алынды
Назарбаев Университеті 2019 жылы «The Harvard College Project for Asian and International Relations 2019 Asia Conference (HPAIR 2019 Asia Conference)» конференциясын өткізу құқығын жеңіп алған университет болғанын қуана хабарлайды. Биыл конференция өткізу құқығына НУ-мен бірге Сингапур, Жапония, Қытай, Тайвань және Үндістан университеттері күресті.
НУ Гуманитарлық және әлеуметтік ғылымдар мектебінің студенті және Назарбаев Университетінің Студенттік үкіметінің президенті, @hpair_astana_2019 Ұйымдастыру комитетінің жетекшісі Лейла Ахметова атап өткендей, түпкілікті шешім қабылдау мақсатында Гарвард университетінің (АҚШ) HPAIR Ұйымдастыру комитетінің мүшелерінен құрылған делегация Астана қаласына келіп, Назарбаев Университетінің ұйымдастыру комитетінің мүшелерімен келіссөздер өткізді. Енді Назарбаев Университетінің командасы іс-шараны бірлесіп дайындау мақсатында Гарвардқа аттанады.
Айта кететін жәйт, HPAIR-2019 конференциясы Астана қаласында Жастар жылы өтеді және қазақстандық жас ұрпаққа жаңа мүмкіндіктерді ұсынады. Іс-шараның күн тәртібіне алты тақырыптық панельдер кіреді: 1) әлеуметтік саясат және инклюзивтік даму, 2) әлемдік экономика, 3) қауіпсіздік және дипломатия, 4) бизнес және технологиялар, 5) қоршаған ортаның тұрақтылығы және энергетика, 6) мәдениет және медиа.
«Азия және халықаралық қатынастар жөніндегі Гарвард жобасы (The Harvard College Project for Asian and International Relations / HPAIR)» конференциясы Азия елдерінде Гарвард университетінің бастамасымен өтетін ең ірі студенттік конференция болып табылады.
Конференция студенттер мен жас мамандар үшін Тынық мұхит аймағындағы және Азия елдеріндегі ең маңызды экономикалық, саяси және әлеуметтік мәселелерді талқылау мақсатында пікірталас алаңы ретінде құрылды. Конференция 1991 жылдан бастап 32 000 қатысушыларды тарта отырып, әлемнің 12 еліндегі жоғары оқу орындарында өтті. Конференцияның бұрынғы спикерлерінің арасында елдердің көшбасшылары, танымал ғалымдар мен Нобель сыйлығының лауреаттары, дипломаттар, халықаралық ұйымдардың басшылары бар.
Ұйымдастыру комитетімен байланыс @hpair_astana_2019
Бюллетеньнің қантар айы басылымы
Құрметті НУ Қауымдастығы және серіктестер!
НУ Мансап және кәсіптік бағдарлау орталығы назарыңызға Бюллетеньнің қантар айы басылымын
ұсынуға қуанышты!
Оқуыңыз көңілді болсын!
БІЗДІҢ INSTAGRAM парақшамызда 20000 жазылушы
YOUTUBE
web-site
Пресс Офис