мазмұны

МЕЙКАТОН «ТОМ Kazakhstan: ABC Makethon»

10-13 мамыр аралығында Назарбаев Университетінің Технопаркінде «ТОМ Kazakhstan: ABC Makeathon» мейкатон өткізілді. 5 команда мүгедектігі бар адамдардың нақты әлеуметтік және тұрмыстық мәселелерін шешеді.

Мейкатон TOM – бұл 72 сағаттық марафон, 3 күн бойы командалар өз идеяларын жүзеге асыру үшін үзіліссіз жұмыс істейді, олар 14 сәуірде Pre-Tom-ның алғашқы кезеңінде ұсынылған идеяларын жетілдірді.

13 мамырда командалар қазылар алқасы алдында жасалған прототиптерді қорғады, жеңімпаздар анықталды, қатысушылар марапаттарға ие болды.

Тіркелушілердің саны: 81 адам. Олардың ішінен 5 команда іріктелініп алынды.

Топтар құрамында Назарбаев Университеті, Астана медицина университеті, «University Medical Center» Корпоративтік қорының және Балаларды оңалту ұлттық орталығының қызметкерлері мен студенттері бар.

Ұйымдастырушылар: Innovative Cluster Astana Business Campus, Тель-Авив Университетінің Достар Ассоциациясы (TAU). Eurasian Resources Group-тың демеушісі.


MARKETHON 1.0. - DIGITAL МАРКЕТИНГ АЛАҢЫНДАҒЫ БӘСЕКЕЛЕСТІК

8-9 мамырда Назарбаев Университетінің Технопаркінде Қазақстанда бірінші цифрлық digital маркетинг саласында хакатон өткізілді, ол 200-ден астам цифрлық маркетингтің жас мамандарының қатысуымен өтті.

Markethon 1.0. – бұл дизайнерлер, иллюстраторлар, маркетологтар және бағдарламашылар үшін жетекші компаниялардың нақты маркетингтік жағдайларын шешуге бағытталған 24 сағаттық сайыс.

24 сағат үздіксіз жұмыс ішінде нақты өнімдер құрылды: Қазпочта үшін анимациялық клиптер, Nommi және Beyond спорттық бренді, Beeline және BI Group маркетингтік стратегиясы, Меломан/Marwin дүкендері және abr мейрамханалар желісі үшін мобильді қосымшаның прототипі, Kazbrand өнімнің қаптамасы, ABC Incubation YouTube арнасына арналған стратегия.

Қатысушылар бағалы сыйлықтармен марапатталды: Экшн камера GoPro, камераға арналған стабилизатор Ronin MX, Apple MacBook Pro, CrossFit Astana шектеусіз жазылымдар, Nommi-да тәжірибе және тағы басқалар! Жалпы жүлде қоры – 3 500 000 теңге.

Маркетон 1.0. бүкіл Қазақстанның әзірлеушілері - бейнебаяншылар, фотографтар, графикалық дизайнерлер, аниматорлар, маркетологтар үшін қарым-қатынаспен тәжірибе алмасу алаңына айналды.

Ұйымдастырушылар: Назарбаев Университетінің инновациялық кластері Astana Business Campus, NU Startup Community бірлесе отырып.

СТАТИСТИКА:

- Маркетонның алғашқы серіктестері қазақстандық 8 ірі компания болды, 12 тапсырманы берді.

- 270 қатысушы тіркелді , олардың 83-і Назарбаев Университетінің студенттері.

Іс—шараның фото суреттері FB парақшасында: https://goo.gl/CLXrBX


ХАКАТОН ABC HACK'SS18

ABC Hack'SS18 – бұл 24 сағаттық марафон, оған 200 жас жасақтаушылар қатысып, нарық көшбасшыларының тарапынан нақты бағдарламалық тапсырмаларды шешу үшін үздіксіз жұмыс істеді.

Хакатон - бұл жас жасақтаушылар үшін үлкен мүмкіндік. Хакатон жеңімпаздары бағалы сыйлықтар мен өздерінің жобалары бойынша жұмысты жалғастыру үшін келісімшартқа қол жеткізеді. Жақсы нәтиже көрсеткен қатысушыларға ақылы тәжірибеден өту, сонымен қатар жұмыс ұсынылды. Жүлде қоры 1 миллион теңгеден асады.

СТАТИСТИКА:

- Тіркелген қатысушылар саны 200.

- Олардың 102-і Назарбаев Университетінің студенттері.

Хакатонға тапсырма ұсынған серіктестер: BTS Digital, Сбербанк, Кибер шабуылдарды талдау және тергеу орталығы, Business Travel Management, Ұлттық ақпараттық технологиялар, Қазақстан Ғарыш Сапары, Computer Vision Technologies, Business and Technology Services.

Хакатон демеушісі – BTS-Digital – қазақстандық IT стартап, Қазақстан жастарының интеллектуалдық әлеуетін қолдауға бағытталған.

Ұйымдастырушы – Назарбаев Университетінің инновациялық кластері Astana Business Campus, студенттік ұйымдар және қауымдастықтармен бірлесе отырып.

Хакатонның сайты: https://www.hack.businesscampus.kz/

Іс-шараның фото суреттері FB парақшасында: https://goo.gl/XTBxuf

Хакатонға әріптестер қандай мақсат қойды?

Кибер шабуылдарды талдау және тергеу орталығы:

Тапсырма: Белгілі бір жағдайларды орындау/орындамау үшін компьютерді құлыптауды және құлпын ашуды жүзеге асыратын Arduino құрылғысын жасау.

Жүлде: 1 орын үшін 100 000 теңге. + ОЮЛ «ЦАРКА» компаниясында тәжирибе өту мүмкіндігі, 2-ші орын үшін 50 000 теңге.

BTS DIGITAL:

Тапсырма №1: Мектеп оқушылары мен студенттеріне сөйлесуге арналған боттың прототипті.

Тапсырма №2: Қазақстандық отбасыларға арналған оқиғаларды талқылайтын бағдарламаның прототипін әзірлеу.

Жүлде: 200 000 теңге жеңімпаздарға, + тәжірибеден өту.

Business and Technology Services:

Тапсырма: Қауіпсіздік дулыдағы және онсыз адамдарды суреттерде көзбен ажыратуға мүмкіндік беретін сервис жасау.

Жүлде: Жұмысқа шақыру.

СБЕРБАНК:

Тапсырма: ДБ АО «Сбербанк Казахстан», API иегері емес. Осындай құралды жасау үшін банк жобаны іске қосуды ұйғарды. Еркін тұжырымдамалық белгісі бар, яғни кез келген салада қолданылатын, минималды қабілетті өнімді жасау қажет (MVP).

Жүлде: Сберgile шарасына командамен Мәскеуге сапар.

Computer Vision Technologies CVT:

Тапсырма: Брендтің классификаторын және автомобильдің түсін талдайтын сервис.

Жүлде: 200 000 теңге, технологияны дайын шешімге келтіруге арналған шартқа қол қою.

Ұлттық ақпараттық технологиялар (НИТ):

Тапсырма: Көлік құралының қауіпсіздігіне арналған ақпараттық жүйе бағдарлама жасақтамасын әзірлеу.

Жүлде: Жұмысқа шақыру.

Қазақстан Ғарыш Сапары:

Тапсырма: Графикалық форматта (JPG), картада өрт туралы картографиялық ақпараттарды қалыптастыру модулін жасау.

Жүлде: Ақылы төленетін тағылымдамамен бірге кейін жұмысқа орналасу мүмкіндігі.

Назарбаев университетінде АЭФ 2018 спикерлерімен бірегей кездесулер өтті

2018жылдың 17-18 мамырында “Global Challenges Forum” XI Астана экономикалық форумының спикерлерімен кездесу қатары өтті.

Кампус территориясында студенттер, оқытушылар және қызметкерлерге 16 танымал эксперттер, кәсіпкерлерді көріп, тыңдауға мүмкіндік берілді. Олардың қатарында – Shazam сервисінің негізін қалаушы Крис Бартон, танымал кинорежиссер – Кшиштоф Занусси, геронтолог және математик – Обри де Грей және тағы басқалар болды.

Ал АЭФ-тің Конгресс Орталығында және Hilton Astana-дағы негізгі іс-шарасына Назарбаев Университетінен спикер және модератор ретінде қатысушылар да болды. НУ профессорлары мен Президентінің экономика, робототехника, биомедицина, технологиялар саласындағы сараптамалық ой-пікірлері елдің дамуы мен Астананың халықаралық инновациялар мен білім орталығы болуына маңызды үлес.

Форумның бірінші күні, Университет Президенті Катсу мырза «UNDERSTANDING KAZAKHSTAN» сессиясының негізгі спикері болып, Назарбаев Университеттің тарихы мен қалыптасуы туралы айтты. Доктор Массимо Пигнателли, медицина бойынша вице-президент және Медицина мектебінің деканы «Жасанды интеллект докторды қалай алмастырады?» презентациясы спикерлерінің бірі болды.

Форумның екінші күні Ғылымдар мен технологиялар мектебінің оқытушылары Майкл Льюис және Атакан Варол «Шығармашылық VS жұмыссыздық. Машиналар әлемінде адам не істеуі керек?» және «Сананы жүктеу және жасанды зерде жаңа реттеушінің этикалық және саяси аспектілері» сессияларының модераторы және спикері болды.

Форумның барлық күндері бойы Назарбаев Университетінің 200-ден астам студенті, NU Volunteers club мүшелері қонақтарға, спикерлерге, қатысушыларға аккредитация, навигациямен көмектесіп, Митио Каку, Эндрю Макафи, Стив Возняк, Крис Бартон сияқты форумның бас спикерлерін алып жүрді.

Еске сала кетейік, Астана экономикалық форумы – Еуразияның жылсайынғы бас іскери іс-шарасы. Форумның 10 жыл бойы жұмысының нәтижесінде оған әлемнің 150 елінен 50 000 делегат келіп қатысты, олардың арасында – 20-дан астам Нобель сыйлығының иегері, әлемнің 30-дан астам жоғарғы дәрежелі саяси қайраткері, сондай ақ – әлемдік дәрежедегі ғалымдар, экономисттер, қоғам қайраткерлері, халықаралық ұйымдардың, қаржы институттарының өкілдері және бизнес-элита.

ЖЕҢІСТІҢ ҰЛЫ КҮНІНЕ ОРАЙ, НАЗАРБАЕВ УНИВЕРСИТЕТ СТУДЕНТТЕРІ СОҒЫС ЖӘНЕ ТЫЛ АРДАГЕРЛЕРІНЕ БАРДЫ.

Жеңістің Ұлы күніне орай 12-13 мамыр күндері, Назарбаев Университет студенттері соғыс және тыл ардагерлеріне барды.

Университет студенттері 12 мамыр күні Есіл ауданының 6 ардагеріне барып, оларға сыйлықтар ұсынды.

Осы күні және келесі күні, белсенді студенттер мен қызметкерлер тағы 15 тыл ардагеріне барып, оларға қажетті азық-түлікті апарды.

Студенттер мен қызметкерлеге қоса, Künde кафесінің негізін қалаушы Ахметов Мәуленге іс-шараны ұйымдастыруға қосқан үлесі үшін алғыс айтамыз.


Назарбаев Университеті КазГЮУ-мен бірлесе отырып академиялық адалдық мәселелері жөнінде конференция ұйымдастырды

2018 жылғы 18-19 мамырда Назарбаев Университеті және М. Нәрікбаев атындағы КАЗГЮУ Университетінің Жоғары экономика мектебі бірлесе отырып, Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Қорының қолдауымен Назарбаев Орталығында Академиялық адалдық және Интернационалдандыру тақырыбында үшінші жыл сайынғы конференцияны өткізді.

Конференцияның мақсаты озық тәжірибелермен алмасу үшін платформа құру, академиялық адалдық мәселелері бойынша теориялық және эмпирикалық зерттеулердегі проблемалық мәселелер мен соңғы жаңалықтарды талқылау мен бөлісу болып табылады.

Конференцияның жұмысына Қазақстаннан, Грециядан, Австралиядан, Ресей Федерациясынан, АҚШ-тан және басқа да көптеген елдерден келген ғалымдар, жас зерттеушілер, практиктер, магистранттар және қазақстандық және халықаралық университеттердің түлектері қатысты.

Конференцияның негізгі тақырыбы – «Академиялық адалдық және интернационалдандыру». Студенттердің халықаралық ұтқырлығы, трансұлттық білім беру бағдарламаларын тарату және ғылыми зерттеулер арасындағы бәсекелестіктің өсуі жоғары білім берудің жаһандық кеңістігін кеңейтуге және ырықтандыруға әкелді. Бұл жаһандық жоғары білім беру кеңістігі сондай-ақ жаңа технологиялармен ауыстырылады. Интернационалдандыру және технологиялық трансформация академиялық адалдық тәжірибесіне қауіп төндіреді. Осы динамикалық контекстен көптеген маңызды мәселелер туындайды: түрлі елдерде академиялық адалдықтың ортақ құндылықтары мен тәжірибесін қолдау; трансұлттық білім берудегі жоғары сапа стандарттарының сабақтастығын қамтамасыз ету; және академиялық адалдықты арттыру үшін технологияларды қолдану (кейбіреулер адалдық ережелерін бұзған студенттердің технологияларды теріс пайдалануын болдырмау үшін). Осы және басқа да көптеген маңызды академиялық адалдық және интернационалдандыру саласындағы теориялық және практикалық мәселелер конференцияға қатысушылардың басты назарында болды.

Назарбаев Университетінің академиялық мәселелер жөніндегі вице-провосты Лоретта О’Доннелл конференцияны ашу барысында: «Бүгінгі күні Назарбаев Университеті жоғары білім беруді интернационалдандыру мағынасына қайта мән беру, оның ішінде шетелдік студенттердің әлеуетті болашақ рөлін айқындау үдерісінде екендігін» атап өтті. Үздіксіз оқытуды енгізу дегеніміз бұл академиялық адалдықты сақтау мәселелерінің бұрынғыға қарағанда одан да өзекті болатынын білдіреді. сыған орай академиялық адалдықты ұстанатын ЖОО-лар алдында біздің барлық ғылыми бастамаларымыз бен еңбектерімізде адалдықты көтермелеу үшін қажетті құралдар мен дағдыларды оқытушыларға және студенттерге беру міндеті тұр. Бұл ретте студенттер академиялы тұтастық үшін жалпы күресте одақтас ретінде қосылулары тиіс» деп атап өтті.

Конференцияда негізгі спикерлер ретінде Александр Моррисон – тарих ғылымдарының профессоры, Оксфорд университеті Нью-колледжінің оқытушысы/тьютер және мүшесі, Майя Чанкcелиани – Оксфорд университетінің Салыстырмалы және халықаралық білім кафедрасының доценті және Қасиетті Эдмунд орталығының ғылыми қызметкері, Шигео Катсу – Назарбаев Университетінің Президенті, Эндрю Вахтель – Нархоз Университетінің ректоры, Талғат Нәрікбаев – М. Нәрікбаев атындағы КАЗГЮУ Университетінің ректоры және т.б. сөз сөйледі.

Шетелдік сарапшылар мен қоғамдық пікір көшбасшылары академиялық стандарттарды ілгерілетудегі халықаралық тәжірибемен алмасты, Қазақстандағы жоғары білім беруді дамытудың негізгі үрдістеріне қатысты пікірлерімен бөлісті, академиялық адалдықтың қалыптастырылуы мен дамуына технологиялардың ықпал ету мәселелерін талқылады, зерттеулер жүргізу кезінде этиканы сақтаудың маңыздылығын атап өтті, трансұлттық бағдарламаларында академиялық стандарттарды қамтамасыз ету маңыздылығын көрсетті, сондай-ақ интернационалдандыру тұрғысынан академиялық адалдық құндылықтарының міндеттерін белгіледі.

University Health Center көрсететін қызметтері туралы

Құрметті «Назарбаев Университеті» қауымы!

Денсаулық Сақтау және Еңбек Қауіпсіздігі Департаменті Назарбаев Университеті кампусындағы University Health Center (UHC) жүргізілетін келесі медициналық қызметтері бойынша хабарлайды:

- Алғашқы медициналық-санитарлық көмек (АМСК) қызметтері: UHC-де тіркелген НУ студенттері мен қызметкерлері және отбасы мүшелері үшін;

- Ерікті медициналық сақтандыру (ЕМС) бағдарламалары бойынша көрсетілетін медициналық қызметтер;

- Ақылы негізде медициналық қызметтер: медициналық консультациялар, диагностика, емдеу процедуралары, медициналық тексеру және массаж.

Алғашқы медициналық-санитарлық көмек тегін медициналық көмектің кепілдендірілген көлеміне (ТМККК) сәйкес тегін ұсынылады және келесі қызмет түрлерін қамтиды:

- Неғұрлым кең таралған ауруларды, сондай-ақ жарақаттануларды, улануларды және басқа да кейінге қалдыруға болмайтын жай-күйлерді диагностикалау мен емдеуді;

- Отбасын, ана, әке болу мен балалық шақты қорғауды, соның ішінде отбасын жоспарлауды;

- ТМККК бойынша дәрілік заттармен және медициналық мақсаттағы материалдармен қамтамасыз ету;

- Алдын алу шаралары мен қауіп факторларын анықтау;

- Ауруларды ерте анықтау үшін денсаулықты тексеру;

- Халық арасында кең таралған патологиялық жағдай және салауатты өмір салтын насихаттау туралы хабардарлықты арттыру;

- Жалпы инфекциялық ауруларға қарсы вакцинация;

- Халықты қауіпсіз сумен жабдықтау және оның кенеулі тамақтануы жөніндегі түсіндіру жұмыстары;

- Инфекциялық аурулар ошақтарында санитарлық-эпидемияға қарсы және санитарлық профилактикалық іс-шаралар;

- Әлеуметтік және психологиялық қызметтер.

Сонымен қатар, егер НУ студенттері шетелде оқуды жоспарласа өздерінің вакцинациялары мен денсаулығына қатысты басқа да ақпараттар алу үшін UHC- де қол жеткізе алады. Қабылдайтын университет сұраған медициналық тексерулер ТМККК- ге сәйкес ұсынылмаған болса, қосымша төленеді.

USM ЖАҢАЛЫҚТАР ДАЙДЖЕСТІ

Құрметті НУ қауымдастығы,

USM жаңалықтары жаңа дайджесінің жарық көргенін қуана хабарлаймыз!

Өзекті тақырыптарды қамтыған ақпарат, Сізге «USM» ЖМ қызықты жаңалықтарымен танысуға көмектеседі деп үміттенеміз.

Барлық пікірлер мен ұсыныстарды usmcomments@nu.edu.kz.корпоративтік поштасына жіберуге болады.

Дайджестті оқу: сілтеме

twitter

Instagram

vk

Facebook

Веб-сайт

Пошта